Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет106/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті




І

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.




ІІ

Ең алдымен жаңа тақырыпқа көшу үшін кіріспе сұрақтар қояды:
1) Қазақстанның солтүстік экономикалық ауданында ауыл шаруашылығына қажетті қандай машиналар шығарылады?
2) Ауыл шаруашылығының қандай салалары жақсы дамыған?
3) Жеңіл өнеркәсіптің қай салалары жақсы байқалады?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді:
1) Тракторлар, комбайндар
2) Өсімдік шаруашылығы,мал шаруашылығы
3) Көбінесе тігін өнеркәсібі




ІІІ

Жаңа тақырыпты меңгеру үшін келесі сұрақтарды қарастырып ктеді:
1) Павлодар облысының ауыл шаруашылығы
2) Егін шаруашылығы
3) Мал шаруашылығы
Тақырыпты меңгеру үшін оқулық мәтінін, атластағы тақырыптық карталарды пайдаланады. Меңгеру барысында мұғалім ең алдымен жаңа тақырып бойынша шолу жасайды.

Мұғалімнің әңгімесін тыңдап ең негізгілерін жазып отырады:
1. Павлодар облысының ауыл шаруашығы АӨК негізгі түйіні. Оған 160 кәсіпорын жатады. Ауыл шаруашылығының негізіне екі принцип жатуы керек: өндірісті интенсификациялау және рыноктың сұранысы.
2. Облыс қауіпті егіншілік зонасына жатады.Басты азықтық мәденидақылға жаздық бидай жатады. Екінші дәнді дақыл – тары болып табылады. Басқа дәнді дақылдар: арпа, сұлы мал азығына пайдаланылады.Техникалық дақылдардан күнбағыс, қант қызылшасы аз мөлшерде. Бақ 2,2 мың га жерді алып жатыр.
3. ет-сүт беретін мал шаруашылығы барлық жерде, әсіресе дала және орманды дала зонасында дамыған. Қой шаруашылығы – облыстың дәстүрлі саласы. Мал шаруашылығының басқа салаларының ішінде шошқа, жылқы, балық аулау, аң шаруашылығы дамыған.




ІV

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім келесі сұрақтар мен тапсырмаларды береді:
1) Облыстағы аудандар бойынша бізде өндірілген бидайдың өзіндік құны қандай? (№11 кесте)
2) Өнімнің көрсеткішін салыстырыңдар: олар қандай ойға итермелейді? Осы берілген проблеманы жалғастыра аласыңдар, одан қалай шығуға болады? (№11 кесте)
3) №12 кестені талдап, қорытынды жаса: облыстың ауыл шаруашылығындағы мамандану қандай? Мұндай маманданудың себебі неде?

Мұғалімнің берген сұрақтары мен тапсырмаларын орындайды:
1) Облыстағы аудандардың әрбіреуінде бидайдың өзіндік құнында айырмашылықтар байқалады. Олардың ішінде өзіндік құны жоғары болып келетін аудандар – Ақсу, Железинка, Баянауыл, Ақтоғай, ал төмен аудандар – Аққу, Павлодар ауданы, Успенка
2) Өнімнің көрсеткішін салыстыра келе мұндағы өзіндік құн астықтың өсірілетін жердің климатына, топырағы мен ылғалдылығына байланысты болады.
3) Мұнда мал шаруашылығының бағыттары: ет-сүт Павлодар маңы мен Ақсу маңындағы зоналар жатады, сүт – Ақтоғай, Железинкағ Ертіс, Қашыр, Успенка, Шарбақты аудандары, сүт-ет – Қашыр, Паводар маңындағы зона, шошқа – Екібастұз қаласы жатады. Өсімдік шаруашылығының бағыттары: астық – Ақтоғай, Железинкағ Ертіс, Успенка, Шарбақты, дәнді дақылдар – Қашыр, Ақсу аудандары.




V

Сабақты оқушылармен бірігіп, оларға сұрақтар қою арқылы қоыртындылайды: 1) Бүгінгі сабақта қандай жаңа мәліметтер білдіңдер? 2) Сабақ несімен қызықты болды?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап беру арқылы сабақты қорытындылайды: 1) Бүгінгі сабақта Павлодар облысының жалпы және жекелеген аудандары бойынша мал шаруашылығының қай түрімен, тамақ және жеңіл өнеркәсібінің қай салалары жақсы дамығандығын білдік. 2) Мал шаруашлығының ерекше түрлері туралы мәліметтер қызықты болды. 






Оқушыларды сабаққа қатысуларына қарай бағалап, күнделіктеріне қояды.

Оқушылар алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.




VІІ

Үйге: АӨК қайталау, сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет