Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет1/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   481
Байланысты:
su-aynalym


5-сынып сабақ жоспары
Сабақ: №20
Сынып:5
Күні:14.11.2011
Тақырыбы: ДЖ. Су айналым. Мұхит
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Гидросфера-Жердің су қабығы екендігі туралы түсіктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: «Сусыз тіршілік жоқ» екендігін айта отырып, судың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы туралы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Суды үнемдеуге, қорғауға, таза сақтауға, әртүрлі ластанулардың алдын алуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың жоспары: 1 кезең-ұйымдастыру. 4 кезең-үйге тапсырма беру
2 кезең- жаңа тақырыпты меңгерту. 5 кезең- бағалау
3 кезең- бекіту 6 кезең- қорытынды
Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

1

Оқушыларды тыныштыққа шақырады.

Тәртіпке келеді.

2

Сабақтың келесі кезеңінде гидросфера сөзіне түсінік беріледі. Оның бөліктерін оқушыларға түсіндіріп картадан көрсетеді. Мұхит және теңіз суларының қасиеттерімен оқушыларды таныстыру.
«Арасан» сөзін оқушыларға түсіндіреді. Қазақстанның емдік қасиеті бар санаторилерінің маңызын айту.

Жаңа тақырыпты дәптерлеріне жазады. Мұғалімді тыңдайды керек жерлерін дәптерге қысқаша жазып алады.

3

Тақырыпты бекіту үшін оқушыларға мұғалім 3 минут уақыт беріп параграфты оқытады. Сосын карточка таратылады.

Оқушылар тақырыпты оқиды. Карточка сұрақтарына жауап береді.

4

Үй жұмысы: §19 оқып мазмұндау . Кескін картаға мұхиттар мен ірі теңіздерді түсіру.

Оқушылар үй жұмысын күнделіктеріне жазып алады, түсінбеген жерлерін сұрайды.

5

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейіне байланысты бағалайды.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктеріне баға қойғызады.

6.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқталады.
Қоштасады.

Қоштасады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет