Сабақ барысы: 1 кезең-.Ұйымдастыру кезеңі. 2 кезең- Үй тапсырмасын тексеру. 3 кезең- Жаңа тақырыпты түсіндіру. 4 кезең- Бекіту. 5 кезең- Үй тапсырмасын беру. 1.Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
2. Жаңа тақырып. Су –тіршіліктің қайнар көзі. Онсыз жер бетінде тіршілік болмайды. Адамның 70 жасқа дейінгі суға деген қажеттілігі ғалымдардың айтуынша 50 тонна. Қазіргі кезде қалалық жерде 1 адамға деген су шығыны 300-500 литр. Соның өзінде де суды ластаушы адамның өзі.
4 кезең- Бекіту. Оқушылар алдымен тақырыпты оқып шығады, содан соң деңгейлік тапсырмалар орындайды.
1-деңгейлік тапсырма.
А) Адам және табиғат үшін судың маңызы және «Қорғау» деген тақырып бойынша оқушылардың ойларын тыңдау.
2-деңгейлік тапсырма.
А) оқу кабинетінде өсіп тұрған бөлме өсімдіктеріне тәжірибе жүргізе отырып, судың тіршілік үшін қандай маңызының бар екендігін әңгімелеу;
Ә) су және оның маңызы туралы мақал-мәтел айтудан жарыс.
3-деңгейлік тапсырма:
А)адамның суды күнделікті үй тапсырмасында және халық шаруашылығында қандай мақсаттарда пайдаланатындығын әңгімелеу;
Ә)Қазақстанның физикалық картасынан Отанымыздағы теңіздерді, көлдерді, өзендерді, қоймаларды көрсету.
4-днңгейлік тапсырма:
А)өз бетінше жұмыс. Судың маңызы және қорғау тақырыбына шағын әңгіме жазу;
Ә)біздің облысымызға ұласып жатқан Каспий теңізі суының ластануының алдын алу үшін жүргізілетін жұмыстар туралы ойларын айту.