Мақсаты: Білімділік: Оқушыларды Қазақстанның ішкі суларымен таныстыру. Қазақстанның жер бедерінің әр түрлі болуына климат ерекшелігініңәсері болса осыған байланысты ішкі суы да әркелкі таралғанын айту. Өзен жүйесі, өзен алабы, өзен жүйесінің ерекшелігі, өзеннің су шығыны, жылдық ағысын сипаттау. Өзендерінің қоректенуі мен режиміне тоқталып түсіндіру. Солтүстік Мұзды мұхит алабына жаттын өзендердің және ішкі алаптарға жататын өзендердің ерекшеліктерімен таныстыру.
Тәрбиелік: Өзендердің қазіргі экологиялық жағдайына тоқталып, оларға мән беруге тәрбиелеу. Өз отаны туралы білімдерін тереңдету арқылы отансүйгіштік қасиетін арттыру.