Зерттелу тарихы. Африка туралы мәліметтер Еуразия халықтарына ерте кезден –ақ белгілі болған. Әсіресе оның Жерорта теңізі жағалауында орналасқан ірі мемлекеттері туралы тарихи-географиялық деректер ежелгі грек және рим оқымыстыларының жазба еңбектері мен карталарында көп кездеседі.
ХІV ғасырда мароккалық араб Әбу ибн Баттута Сомали түбегі аймағын, кейіннен Тимбукту мен Мали жерлеріне саяхат жасап, зерттеген. 1497-99 жылдары Васко да Гама басқарған Португал экспедициясы Африканы айналып өтіп, Сомали түбегі жағалауы арқылы Үндістанға қарай бағыт алған.
Африканың ішкі аудандарын ашу мен табиғат жағдайларын танып-білуде ағылшын Давид Ливингстонның еңбегі өте зор.
ХІХ ғасырдың аяғында орыс ғалымы В.В.Юнкер Ніл өзені бойымен Шығыс және Орталық Африкаға саяхат жасап, материктің осы бөлігі туралы құнды мәліметтер жинады.