2. Тақы-рыпты бекіту кезеңі
|
1 тапсырма.:
1. АӨК-нің ерекшеліктерін, орналасу факторларын, құрамын анықтау.
2. Қазақстанның түрлі экономикалық аудандарында ауыл шаруашылығының мәдени дақылдарын өсіру үшін климат жағдайын анықтау.
3. Тамақ және жеңіл өнеркәсіп орталықтарының орналасуына талдау жасау.
2 тапсырма: Кескін картаға Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін түсіру.
Қорытындылау.
|
Оқушылар тапсырмаларын анықтап алып, түсінбегендерін мұғалімнен сұрайды. Кейін оларды орындауға кіріседі.
1 тапсырма.
1. АӨК-нің құрамы: І буын-АӨК-ке қызмет көрсету, ІІ буын-ауыл шаруашылығы, ІІІ буын-тамақ және жеңіл өнеркәсіп. Негізгі ерекшеліктері: 1) жер – негізгі зат әрі еңбек құралы; 2) маусымдық сала; 3) климатқа тәуелді. Басты факторлары – табиғи факторлар, тұтыну факторлары.
2. Солтүстік ЭА: ерте егілетін дақылдардың көбінесе кеш пісетін сорттарын , жаз ортасында пісетін дақылдар – бидайдың кеш пісетін сорты, жүгерінің ерте егілетін сорттарын өсіруге қолайлы.
Оңтүстік ЭА: Күз айларында пісетін дақылдар – жүгерінің кеш пісетін сорты, күріштің орта кезеңде пісетін сортын, жылу сүйгіш 1 жылдық дақылдар (мақта, күріш) өсіруге қолайлы.
Батыс ЭА: жаздың аяғында пісетін дақылдар – жүгерінің орташа сорттары, күріштің орташа сорты, күз айында пісетін дақылдар – жүгерінің кеш пісетін сорты, күріштің орта кезеңде пісетін сортын, кейбір шағын аумақта күз айында пісетін дақылдар – жүгерінің кеш пісетін сорты, күріштіің орта кезеңде пісетін сортын өсіруге қолайлы.
Орталық ЭА: солтүстігінде ерте және жаз ортасында пісетін, орталығында жаздың аяғында пісетін дақылдар, оңтүстігінде күз айларында пісетін дақылдарды өсіруге қолайлы.
Шығыс ЭА: көбінесе жаз ортасында пісетін дақылдар, кейбір шағын аумақтарында ерте пісетін дақылдарды және жаздың аяғында пісетін дақылдарды өсіруге қолайлы.
3. Жеңіл өнеркәсіп.Шикізат факторына байланысты орналастырылатын өнеркәсіптер – мақта-мата (ОҚО, Алматы обл.,), жүн (Алматы обл.), тері (ОҚО, Жамбыл обл., Семей қаласы), кілем (Алматы қаласы), тұтынушы факторына – тоқыма (Астана, Қарағанды олб., Риддер), тігін (барлық облыстарда), аяқ киім, (Маңғыстау обл.).
|
|