Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: картасы
Негізгі ұғымдар: инфрақұрылым, рекреация, рекреациялық ресурстар, рекреациялық аудандар.
Номенклатура:
Сабақтың құрылымы: І – ұйымдастыру кезеңі ІV – сабақты қорытындылау кезеңі
ІІ – жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі V– бағалау кезеңі
ІІІ – жаңа тақырыпты бекіту кезеңі VІ – үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы
Кезеңдер
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
|
І
|
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
|
Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.
|
|
ІІ
|
Жаңа тақырыпқа көшу үшін ең алдымен кіріспе сұрақтар қояды:
1. Қазақстанның әкімшілік-территориялық құрылысы бойынша қанша облыс бар?
2. Олар қандай экономикалық аудандарға бөлінген?
3. Әрбір экономикалық ауданға кіретін облыстарды атап шық.
Кейін жаңа тақырып бойынша қысқаша әңгімелейді: Еліміздің аумағының үлкендігі, табиғат жағдайлары мен ресурстарының алуан түрлілігі географиялық еңбек бөлінісінің (ГЕБ) негізі болып табылатынын айтады. Осы жерде ГЭБ-н түсіндіріп кетеді де, соңында анықтамасын айтады: жекклеген аудандардағы өнеркәсіп салаларының және ауыл шаруашылығының қалыптасу мүмкіншілігін анықтайды.
Осы жерде тақырыпты нақты негіздеу үшін оқулықтың 224 бетіндегі жоспар-сызбаны оқушылармен біріге отырып талдап кетеді.
Осымен байланысты әрбір ауданның өз салалық мамандануы болатынын айтып өтеді: кәсіпорындарға және жеке аймақтарға байланысты немесе бірнеше облыс аумағына тән болуы мүмкін. Әрбір ауданның немесе облыстың негізгі мамандану саласы мен қосымша мамандану саласы болуы мүмкін екенін айтып өтеді. Мамандануды анықтаудың төмендегідей көрсеткіші бар. Яғни мамандану коэффициентінің формуласын қолдануға болады: К=А/Х
мұндағы А – мемлекетіміздің жалпы өндірісіндегі аудан өнімінің үлесі (белгілі бір сала бойынша). Егер К – 1-ге тең болса, саланы маманданған сала деп есептеуге болады.
Аудан экономикасының дамуына еңбек ресурстарының бөлінуі де әсер етеді. Осының барлығының нәтижесінде аудан көлемінде ерекше дамыған кешенді шаруашылық пайда болады.
|
Оқушылар мұғалімнің кіріспе сұрақтарына жауап береді:
1. Қазақстан әкімшілік-территориялық құрылысы бойынша 14 облысқа бөлінген: СҚО, Қостанай обл., Ақмола обл., Павлодар обл., БҚО, Атрыау обл., Ақтөбе обл., Маңғыстау обл., Қарағанды обл., ШҚО, Алматы обл., Жамбыл обл., ОҚО, Қызылорда обл.
2. Олар 5 экономикалық ауданға бөлінген: Солтүстік, Оңтүстік, Батыс, Шығыс, Орталық ЭА.
3. Солтүстік ЭА: СҚО, Қостанай обл., Ақмола обл., Павлодар обл., Батыс ЭА: БҚО, Атрыау обл., Ақтөбе обл., Маңғыстау обл., Шығыс ЭА: ШҚО, Орталық ЭА: Қарағанды обл., Оңтүстік ЭА: Алматы обл., Жамбыл обл., ОҚО, Қызылорда облысы жатады.
Кейін оқушылар жаңа тақырып бойынша мұғалімнің әңгімесін тыңдап отырып, анқытамаларды жазып отырады:
ГЕБ - жекклеген аудандардағы өнеркәсіп салаларының және ауыл шаруашылығының қалыптасу мүмкіншілігін анықтайды.
Мұғалімнің нұсқауы бойынша жоспар-сызбаны талдап кетеді:
мамандану факторларына байланысты аумақтың мамандануы және оның салалары болады, бұл салалардың ішінде негізгісі қызмет көрсету саласы және оған қосымша салалар бар. Осының негізінде Қазақстан аумағы экономикалық аудандарға бөлінеді: Орталық, Солтүстік, Оңтүстік, Батыс, Шығыс. Әрбір ауданның аумақтық құрамы, ЭГЖ мен табиғат жағдайы, табиғат ресурстары, халқы, экономикалық, әлеуметтік проблемалары, шаруашылығы, қалалары және олардың қалыптасуы, экономикасының даму тарихы, экологиялық проблемасы болады.
Мамандану – өндірісті ұйымдастырудағы кәсіпорындардың біркелкі өнім шығаруға бағытталған түрі.
|
|
ІІІ
|
Тақырыпты бекіту үшін мәтін соңындағы 1, 2 тапсырмаларды және тест тапсырмаларын орындау керек.
|
Оқушылардың тапсырмаларды орындауы:
1-тапсырма: 1) Қазақстанның экономикалық аудандарын бөлгенде жер бедері ерекшеліктері, табиғат ресурстары ескерілген. 2)
2-тапсырма: 1) Солтүстік және батыс экономикалық аудандар Ресеймен шектеседі. 2) Орталық экономикалық ауданның географиялық жағдаййы шет елдермен байланысуға қолайсыз. 3) Батыс экономикалық ауданда теңіз қатынасы жақсы дамыған. 4) Шығыс экономикалық аудан Қытаймен, Ресеймен шектеседі. Олардың арасында өзен қатынас жолы дамыған. 5) Оңтүстік экономикалық аудан Қытаймен, Қырғызстан, Өзбекстанмен шектеседі.
Тест жауаптары: 1) б; 2) в; 3) а; 4) г; 5) ә; 6) г.
|
|
ІV
|
Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға сұрақ қойып, бірлесіп қорытындылайды: Бүгінгі сабақта не білдіңдер? Не қызықты болды?
|
Оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап бере отырып, сабақты қорытындылайды: Бүгінгі сабақта біз Қазақстанның экономикалық аудандарға бөліну факторлары мен жағдайларын білдік. ГЕБ не екенін білдік.
|
|
V
|
Оқушыларды сабаққа қатысулары мен жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды. Бағаларын күнделіктеріне қояды.
|
Оқушылар өз бағаларын анықтап, күнделіктеріне қойдырады.
|
|
VІ
|
Үй тапсырмасына 19 параграфты береді.
|
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |