Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет136/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (1 мин)
ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)
ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (15 мин)
ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (7 мин)
V кезең – үйге тапсырма беру (3 мин)
VІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)
VІІ кезең – қорытынды (1 мин)
Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті




І

Мұғалім оқушылармен амандасады. Сабақта кім бар-жоғын тексереді. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен орындарынан тқрып амандасады. Сабаққа дайындалады.




ІІ

Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексереді. Ең алдымен дәптерлерінен тапсырмалардың орындалғанын тексереді. Кейін оқушылардың қалаулары бойынша немесе мұғалім өзі бір оқушыны тұрғызып үй тапсырмасын сұрайды. Тыңдап қателер жігін сараптайды.

Оқушылар үй тапсырмаларының дәптерлерінде орындалғанын тексертеді. Оқушылар өткен тақырып бойынша тест сұрақтарының жауаптарын айтады. Мәтін соңындағы тапсырмалардың жауаптарын тексереді. Кейін мұғалім тексергеннен кейін қателерді түзетеді.




ІІІ

Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданын да өткен сабақтарда Орталық, Батыс, Шығыс Қазақстан экономикалық аудандарын меңгерген жоспарды пайдалана отырып меңгереді.
1. Ауданның ЭГЖ
2. Әкімшілік-аумақтық құрамы
3. Табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстарына шаруашылықтық баға беру
4. Еңбек ресурстары мен халықтың тығыздығы
5. Аймақтық салалардың мамандандыруын анықтау
6. Көмекші және қызмет ету салаларын анықтау
7. Аумақтық-өндірістік кешендері
8. Өнеркәсіп орындарындағы салаішілік байланыстар
9. Ірі қалалары
10. Аймақтың қазіргі экономикасына сипаттама беру, экономикалық және экологиялық проблемалары, оларды шешу жолдары

  1. Аудан экономикасының даму болашағы

Жоспарды еске түсіргеннен кейін мұғалім Солтүстік Қазақстан ЭА-на қысқаша шолу жасайды.
Солтүстік Қазақстан ЭА-ның Ресеймен өндірістік байланыстарының маңызын көрсету үшін 2-3 мысал келтіреді. Осы ауданды мысалға ала отырып, экономикалық-географиялық жағдайдың тарихи категория екендігіне, оның қысқа мерзім ішінде жақсы қаншалықты өзгергенінеоқушылардың көздерін жеткізуге болады. Ең алдымен, ЭГЖ-дағы жаңа аспект – астаналық жағдайды атап көрсеткен дұрыс. СҚ аумағында жаңа астананың бой көтеруі – оның шаруашылығының барлық салаларының дамуына күшті серпін болды. Одан соң Конечная – Ақсу және Хромтау – Алтынсарин темір жолдарын салу арқылы көлік жағдайының жақсарғандығы туралы айтуға болады. Олар республиканың Солтүстігін Шығыс және Батыспен тікелей қосады.
Табиғатты пайдаланудың өзекті мәселелері ретінде: 1) шикізатты кешенді өңдеуді; 2) қара топырақтың құнарлылығын сақтауды; 3) топырақты эрозиядан қорғау мен қайта өңдеуді; 4) пайдаланылмайтын егістік жерлерді өнімі жоғары шабындықтар мен жайылымдарға айналдыруды атауға болады.
Сабақтың осы фрагментін халықтың өмір сүруінің табиғи жағдайларына сипаттама берумен аяқтаған тиімді.

Оқушылар тақырыпты меңгеру жоспарымен таныс, онымен қалай жұмыс істейтіндерін айтады. Атластың көмегімен оқушыларэкономикалық-географиялық жағдайды анықтайды. Ол үшін ауданның шекарасын, табиғи шектерін, аудан іші мен көрші аумақтармен көлік байланысының жағдайын, оларды Солтүстікпен байланыстыратын мамандану салаларын көрсету керек. Шекара маңы ерекшеліктерінде көрсетуге болады: Солтүстік Қазақстанның басқа аудандардан өзгешілігі – оның Ресей Федерациясы сияқты жалғыз ғана шет елмен көрші болуы. Мүмкіндігінше, Ресейдің шекаралас экономикалық аудандарын ғана атап қоймай, олармен өндірістік байланыстарға да мысалдар келтіріп, Солтүстік арқылы өтетін (транзиттік жағдай) көлік жолдарының маңызын да атап өту керек.
Балалар карта бойынша кен оындарының биігірек жер бөліктерінде, көбінесе топталып орналасқанын анықтайды. Көптеген пайдалы қазбалардың таяз орналасу сияқты ерекшеліктерін еске түсіру қажет. Осының негізінде кен-геологиялық жағдайларының ашық әдіспен өндіруге және шикізатты кешенді түрде пайдалануға қоайлы екндігіне көз жеткізуге болады.
Одан соң оқушылардың біліміне сүйене отырып, агроклиматтық жағдайларға баға беріледі, Солтүстіктің табиғат жағдайлары күздік емес, жаздық бидай өсіруге қолайлы екендігі, оның себептері неде екендігін анықтайды.
Ауданның рекреациялық жағдайы туралы: ауданның рекреациялық мүмкіншілігі үлкен, дегенмен, Орталықтағы көршілеріне қарағанда біршама тәуір қамтамасыз етілсе де, тұщы су мен орманға онша бай емес екендігін айтады. 
Тақырыпты меңгерудің соңғы кезеңдерінде ауданның халқына тоқталады: қысы қатал әрі ұзақ болғанмен, күшті желдер мен шаңды боран жиі соққанмен, Қазақстандық Солтүстік – өмір сүру мен шаруашылықпен айналысу үшін қолайлы аудан деген қоыртынды жасайды.




ІV






V













VІІ






8-сынып сабақ жоспары
04 Апреля 2013 | Опубликовано в Общие | Просмотры: 14018 | Комментарии: 0


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет