Сабақтың кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
1.Ұйымдасты-ру кезеңі
(1 мин)
|
Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру.
|
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.
|
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі (10 мин)
|
Үй жұмысын тексеруге арналған жабық тест тапсырмалары:
- Қазақстанның географиялық орнын сипатта.
- Сағаттық белдеулер дегеніміз не?
- Декреттік, жергілікті уақыт дегеніміз не?
- Уақыт айрмасы қалай анықталады?
- Гринвич меридианы туралы не білесің?
- Шеткі нүктелерін жаз.
|
Оқушылар бір парақ қағаз алып, тест сұрақтарына жауап береді.
|
3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі (10 мин)
|
Қазақстан территориясын зерттеген саяхатшылар, зерттеушілер, географ ғалымдары олардың ашқан жерлері, жүрген жолдары, істелген жұмыстары туралы айтып, еңбектерімен таныстыру.
|
Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады.
|
5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі (15 мин)
|
Төмендегі кестені толтыру:
Герадот
|
Страбон
|
Птоломей
|
Б.з.б. VI ғасырда «жер пішіні» картасын жасап, Каспий теңізін зерттеді.
|
|
|
Ұлы Жібек жолы
Ұлы Жібек жолының пайда болуы
|
Бағыттары
|
Қалалары
|
Ескерткіштері
|
Маңызы
|
|
|
|
|
|
|
Оқушылар жаңа тақырыпты бекіту мақсатында мұғалім берген кестелерді толтырады. Түсінбеген жерлерін сұрайды.
|
6. Сабақты қорытындылау кезеңі (5 мин)
|
Оқушылар бір- бірлеріне бүгінгі тақырып бойынша сұрақтар қояды. Картамен жұмыс істейді.
|
Сұрақтар ойластырып, оларға жауап беруге тырысады.
|
7. Бағалау кезеңі (2 мин)
|
Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.
|
Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
|
8. Үйге тапсырма беру кезеңі
(2 мин)
|
§ 5-6 оқу, кескін картаға ұлы Жібек жолының Қазақстан территориясы арқылы өтетін жолдары мен қалаларын салу.
|
Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.
|