Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет213/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар, Қазақстанның физикалық картасы. Қызыл кітапқа кірген өсімдіктер мен жануарлар суреттері.
Сабақтың кезеңдері:  1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Бағалау кезеңі
2. Тақырыпты меңгеру кезеңі 5. Үй тапсырмасын беру кезеңі
3. Тақырыпты бекіту кезеңі 6. Сабақты қорытындылау кезеңі
Сабақтың барысы

Кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1

Оқушылармен амандасады. Бүгінгі сабақта кім бар-жоғын тексереді.

Мұғаліммен амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды.

2

Мұғалім садақты кіріспе әңгімелесуден бастап мынандай сұрақтар қояды:
1) Қазақстанда кездесетін өсімдіктердің қандай түрлерін білесіңдер?
2) Өсімдіктер мен жануалардың жазықтарда зоналар бойынша, тауда биіктік белдеулер бойынша таралуының басты себебі неде?
3) Өсімдік пен жануарлар дүниесінің қалыптасуына климаттың қандай әсері бар?
Мұғалім оқушылар жауабынан соң Қазақстанның физикалық картасын, геологиялық картасын және геохронологиялық жержылнамалық кестені пайдаланып, Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптаса бастауы бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінен басталғанын баяндайды.
Мұғалім геохроногиялық жержылнамалық кестені пайдаланып палеоген дәуірінде бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқанын, ол Торғай бұғазы арқылы Солтүстік Қазақ теңізімен жаллғасқанын айтады. Торғай бұғазынан шығыста жалпақжапырақты және мәңгі жасыл қылқан жапырақты өсімдік түрлері тараса, батысқа қарай (Мұғалжар, Жалпы сырт, Жем үстірті) мәңгі жасыл субтропиктік түрлері таралғанын баяндайды. Ал неоген дәуірінде Торғай бұғазысының суы тартылып құрғаған соң шығыста өскен өсімдіктері батысқа қарай ауысып, осыған байланысты Торғай флорасы деп аталатын өсімдік түрлерінің қалыптасқанын баяндайды. Мұғалім өсімдіктер картасын пайдаланып Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000-мыңдай өсімдік түрлерінен тұратынын айта кетеді. Мұғалім картаны пайдаланып өсімдігі жағынан бай өлкеге батыс Тянь-Шань тауы жататынын, онда Орта Азия мен Жерорта теңізінің бай флорасы сақталғанын, мұнда палеоген дәуірінен қалған грек жаңғағы, бадам, түкістан үйеңкісі, алмұрт т.б. өсімдіктерді атайды. Жалпы биік тауларда қылқан жапырақты ормандар таралғанын сипаттай келе, жазық жерлерде дала мен шөл өсімдіктері басым екені және олардың түрлерін кеппешөптер жинақтамасынан көрсетіп сипаттайды.

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді:
1) Қазақстанда өсімдіктер түрлері өте көп. Ағаштардан
қайың, қарағай, әртүрлі бұталар, шөптесін өсімдіктер. Алматы қаласының маңында тюльпан даласы бар. Өз өлкеміздегі Жасыбай көлінде орналасқан демалу орнында «оливковый бор» бар.
2) Өйткені жазықтар мен туаларда климат ерекшеліктері әр түрлі. Жазықтарда жылу мен ылғалдың таралуы солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгерсе, тауларда биіктеген сайын өзгереді.
3) Климат ерекшеліктеріне байланысты өсімдіктер дүниесі таралады. Яғни, ылғал сүйгіш өсімдіктер жауын-шашын мөлшері жеткілікті аудандарда таралады, ал құрғақ зоналарда сол құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер мен жануарлар таралады.
Кейін дәптерлеріне Қазақстан аумағындағы өсімдіктер дүниесі қандай геоботаникалық аудандарға кіретінін жазады: Еуразияның қылқан жапырақты орманы, Еуропа, Сібірдің орманды даласы,, Еуразия даласы, Азияның шөлді аудандары.
Мұғалім әңгімесінен кейін оқушылар физикалық картаны пайдаланып жануарлар дүниесінің пайда болуы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас екенін байқайды. Мұғалімнің айтқан мәліметтеріне сүйене отырып, геохронологиялық кестені пайдаланып, палеогендәуірінде Қазақстанда қандай жануарлар түрлері мекендегенін және мұз басу дәуірінде Қазақстанға материктің солтүстігінен суыққа төзімді жануарлар ауысқанын, олардың кейбір түрлері әлі де бар екенін суретке қарап анықтайды. Жануарлардың таралуы жағынан олардың мекендері бірнеше зоогеографиялық аудандарға бөлінгенін мұғалімнің айтуымен картадан қарайды. Сонымен, олар орманды дала және дала, шөлді дала, таулы аудандар екенін анықтайды. Кейін Қазақстанның өзенді-көлді аймақтары мен тоғайлы-бұталы жерлерде мекендейтін жаунарларын оқулықтың мәтініне сүйене отырып анықтайды.

3

Тақырыпты бекіту сұрақтары: 1) Қазақстандағы өсімдіктердің негізгі типптерін атаңдар?
2) Республика аумағында жануарлардың таралуына өсімдік жамылғысы қалай әсер етеді?
3) Өсімдіктер пен жануарлар дүниесінің қалыптасуына климаттың қандай әсері бар?
4) Таулы аудандарда өсімдіктер мен жануарлардың биіктік белдеулері байқалуының себебі неде?
5) Өсімдіктер мен жануарлардың қандай түрлері «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізілген?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына оқулық мәтіні мен Қазақстанның физикалық картасы, 8-сынып Атласындағы тақырыптық карталарды пайдалана отырып жауап береді. Әқазақстанның Қызыл кітабына енгңзңлген өсімдіктері мен жануарлары» туралы баса айтады. Бұл жерде өздерінің түрлі ақпарат көздерінен білген мәліметтерімен бқлісіп, ойларын ортаға салып, қорытындылайды.

4

Оқушыларды сабақта көрсеткен белсенділігіне, берген жауаптарының дұрыстығына және картамен жұмыс істеу икемділіктеріне байланысты бағалайды. Бағаларын күнделіктеріне қойып береді.

Оқушылар алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.

5

Үй тапсырмасы: §37, оқулық мәтінінімен жұмыс істеп, қайталау, «Қызыл Кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар» бойынша қосымша мәліметтер іздестіру.

Үй тапсырмасын тыңдап, түсінбегендерін сұрап анықтап алады. Күнделіктеріне жазып алады.

6

Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, қорытындылайды.

Мұғаліммен бірге сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, саралайды, қызықты жерлерін айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет