Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет224/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

2.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

3.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

4.

Үйге тапсырма беру

1-2

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасып, оқушылардың зейінін тұрақтандырып, жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Материктерде құрлықтағы өзіндік ерекшеліктерімен айқындалатын биік тау жүйелері мен ұлан-ғайыр жазықтардың табиғаты, дүниежүзілік мұхиттың тылсым табиғаты мен орасан мол табиғи қорлары, ондағы терең сулы шұңғымалар мен су асты жоталары, құрлық климатына әсер ететін теңіз ағыстары мен мұхит суының жалпы қасиеттерін жатқызамыз.
Жер шары бетінің жалпы ауданы 510,2 млн.км-ге тең. Ол материктер мен мұхиттарға бөлінген. Құрлықты құрайтын материктер мен аралдар үлесіне шамамен 149,1 млн кмнемесе бүкіл Жер бетінің 29,2%-ы келеді.
Жер шарында барлығы алты материк бар. Материктер қалыптасуы мен қазіргі табиғат ерекшеліктеріне сәйкес, солтүстік және оңтүстік жарты шар материктеріне топтастырылып, мынадай тәртіппен қарастырылады: Еуразия (54 млн км астам), Солтүстік Америка (24,2 млн км), Оңтүстік Америка (18,3 млн км), Африка (30,3 млн км), Аустралия мен Мұхит аралдары (9,0 млн км-ге жуық), Антарктика (14 млн км). Материктерге таяу жағалаудағы қайраңдар мен материктік беткейлерде материктік аралдар орналасқан. Олар – жер қыртысындағы қозғалыстар әсерінен құрлықтың кейіннен бөлініп қалған бөліктері, көбінесе ауданы ауқымды келеді (Гренландия, Мадагаскар, Британ аралдары және т.б.). Мұхиттардың қозғалмалы бөліктерінде жанартаулық аралдар (Исландия, Гавай, Азор аралдары), ал судың беткі температурасы +25С-танжоғары аймақтарында маржандық аралдар (Үлкен Аустрия Тосқауыл рифі, Маржан теңізінің аралдары) орналасқан. Аралдар жеке-дара және топ болып кездеседі, аралдар тобын архипелаг деп атайды. Жер шарындағы ірі архипелагтар қатарына Канаданың Арктикалық архипелагы,Малайя архипелагы, Шпицберген архипелагы жатады.
Құрлық материктерге бөлінумен қатар, дүние бөліктеріне де жіктеледі. Дүние бөліктері дегеніміз құрлықтың ашылуы мен қоныстану ерекшеліктеріне сәйкес шартты түрде ажыратылатын тарихи-географиялық ірі аймақтар. Дүние бөліктері де алтау: Еуропа, Азия, Африка, («Ескі дүние»),Америка, Аустралия, Антарктика («Жаңа Дүние»).
Жер шарының аса ірі материгі Еуразияны ежелгі грек географтары екі дүние бөлігіне ажыратқан. Бұл дүние бөліктері Месопотамияны мекендеген ежелгі халықтар – финикиялықтардың «эреб»-батыс, «асу»-шығыс деген сөздерінің негізінде Еуропа және Азия деп аталған. Кейінірек ашылған Солтүстік және Оңтүстік Америка материктері табиғат жағдайларының айырмашылықтарына қарамастан, біртұтас Америка дүние бөлігіне біріктірілген. Дүние бөліктерінің құрамына көршілес жатқан аралдар да енеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет