Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Еуразияның пайдалы қазбалар картасы, оқулық, суреттер.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру.
Жаңа сабақ: Еуропа мен Азияның жер бедері бір-бірінен үлкен айырмашылық жасайды. Еуропа ойпатты, аласа таулы болып келеді, биік таулар тек оңтүстік бөлігінде ғана шоғырланған. Еуропаның негізгі бөлігін дүние жүзіндегі ең ірі жазықтардың бірі – Шығыс Еуропа жазығы мен Орта Еуропа, Дунай бойы ойпаттары алып жатыр. Скандинавия,Орта Еуропаның аласа таулары және Орал Еуропаның аласа таулы бөлігін құрайды. Бұл таулар палеозой эрасында қалыптасып, кейінгі дәуірлерге сыртқы күштер әсерінен күшті үгілуге ұшырап аласарған. Альпі-Гималайгеосинклиналдық белдеуіндегі Альпі, Карпат таулары,Пиреней, Апеннин және Балқан түбектерінің тауларыЕуропаның биік таулы аймағын құрайды. Биік таулардың шыңдары үшкір, беткейлері тік жарлы, қия болады. Таулардағы мұз басулармен байланысты мұндай жер бедері альпілік жер бедері деп аталады. Бұл аймақтардағы жер қыртысының жарылыстар бойымен төмен түсуіненТакла-Макан, Жоңғар ферғана, Балқаш-Алакөл сияқты тау аралық қазаншұңқырлар пайда болған. Ыстықкөл, Зайсанқазаншұңқырларын көлдер алып жатыр. Ал кейінгі көтерілулер онша қарқынды болмаған Орал, Сарыарқа, Қаратауда мүжілген қалдық таулы, ұсақ шоқылы жер бедері басым келеді.