Кезең
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушылар әрекеті
|
1
|
Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады.
|
Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады.
|
2
|
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрау.
1.Төменгі сатылы өсімдіктерді ата.
2.Жоғарғы сатылы өсімдіктерді ата
3.Табиғатта және адам өмірінде өсімдіктердің қандай маңызы бар?
4.Флора деп нені атаймыз?
|
Оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарға қыскаша жауап береді.
|
3
|
Бөлме өсімдіктері жарық сүйгіш, жылу сүйгіш,көлеңкеге бейім өсімдіктер болып бөлінеді.Жарық сүйгіш өсімдіктерді бөлменің жарығы мол түсетін жерлеріне орналастыру керек.Егер терезенің алдына қойсаңдар әйнекке тимеуі керек.
Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиетін Ежелгі Египетте, Үндістанда, Қытайда,Грекияда және т.б.елдердің емшілері білген.Дәрілік өсімдіктерді дайындаған кезде арнайы ережелерді білу қажет.Қай кезде өсімдіктердің қайсы бөлігін жинау керек.Себебі өсімдіктің әр түрлі органдарындағы дәрілік заттардың мөлшері бірдей бола бермейді.
|
Жаңа тақырыпты дәптеріне жазады. Мұғалімді тыңдап, керек жерлерін дәптерге қысқаша жазып алады.
|
4
|
Тақырыпты бекіту үшін мұғалім келесі сұрақтарды қояды.
1.Адамдар бөлмеде гүлді не үшін өсіреді?
2.Гүлге қандай күтім қажет?
Медицинада дәрілік өсімдіктердің пайдаланылуы және олардан қандай препараттар дайындайды?
Одан кейін тақтаға сұрақтар жазылады, сол сұрақтарға оқушылар жауап беруі тиіс.
|
Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Тапсырмаларды орындайды.
|
5
|
|