Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет339/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Географиялық орны. Африка оңтүстік жарты шар материктері қатарына енгенімен, оның көпшілік бөлігі солтүстік жарты шарда жатыр. Екі тропик шеңберінің аралығында орналасқандықтан материкке күн сәулесі мол түседі, сондықтан Африка Жер шарындағы ең ыстық материк болып табылады. Солтүстік тропик шеңбері кесіп өтетін материктің ең енді бөлігіне Сахара шөлі сәйкес келеді.
Жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Материктің батыс жағалауын Атлант мұхитының, ал солтүстігін Атлант мұхитына енетін Жерорта теңізінің сулары шайып жатыр. Олардың арасын ені 12 км-лік Гибралтар бұғазы жалғастырып жатыр. Ал материктің шығысы мен оңтүстік-шығыс жағалауларына Қызыл теңіз бен Үнді мұхитының сулары ұласады.
Африка жағалаулары онша тілімденбеген, көбінесе таулы, тік беткейлі, ал материктік қайраң өте жіңішке болып келеді. Материк жэағалауында қолайлы қойнаулар аз, ірі шығанақтары-Гвинея мен Сидра, ал шығыста ірі түбек Сомали («Шығыс Мүйіс») орналасқан. Ірі аралдардың көпшілігі Үнді мұхитында орналасқан, оларға Мадагаскар, Занзибар, Сокотра аралдары мен Комор, Сейшел, Маскарен аралдарының тобы жатады. Африканың батысында Мадейра, Канар, Жасыл Мүйіс аралдары мен Гвинея шығанағының аралдары орналасқан.
Атлант мұхитының сулары Африканың батыс жағалауын шайып жатыр. Материктің экваторлық жағалауы арқылы Гвинея жылы ағысы өтеді, оған солтүстіктен Канар суық ағысы жалғасады. Гвинея ағысы оңтүстіктен суық сулар әкелетін Бенгел суық ағысымен араласып, тропик маңында күшін жояды. Жылы және суық ағыстар түйісетін Жасыл Мүйіс аралдары мен Ангола жағалауында мұхит суы тіршілікке өте бай келеді.
Жерорта теңізі жағалауы Сахарамен бірге жаз кезінде жоғары қысымды белдеу құрайтындықтан ыстық әрі құрғақ болады. Теңіздің материкке тигізетін қолайлы әсері тек қыста айқын байқалады. Жерорта теңізі мен Қызыл теңіз аралығында Африка мен Еуразияны жалғастырып жатқан жіңішке Суэц мойнағы орналасқан.
Үнді мұхиты алабына енетін Қызыл теңіз тектоникалық терең жарылыста орналасқан. Ол Дүниежүзілік мұхиттың ең жылы және тұзды бөлігі, бұған теңіздің екі материктегі тропиктік шөлдер аралығында орналасуы және теңіз түбінде тұзды көлдерінің болуы әсер етеді.
Үнді мұхитының Сомали түбегі жағалауына Мадагаскараралының солтүстігінен басталатын Сомали суық ағысы әсер етеді. Бұл жағалау экватор маңындағы орнына қарамастан Африкадағы ең құрғақ аудандар қатарына жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет