Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет378/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Жаңа сабақты түсіндіру:
Мұхиттың орталық және оңтүстік-батысында шоғырланған аралдардың тобын Мұхит аралдары деп атайды. Бұл аралдардың саны 7 мыңнан асады, жалпы ауданы 1,3 млн км² болады. Мұхит аралдары экватордың екі жағында, солтүстік жарты шардың субтропиктік белдеуі мен оңтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуі аралығын алып жатыр. Ірі аралдарына Жаңа Гвинея, Жаңа Зелендия, Гавай, Фиджи және т.б. аралдар жатады. Тарихи географиялық ерекшеліктеріне байланысты Мұхит аралдарына Меланезия («қара аралдар»), Микронезия («ұсақ аралдар»), Полинезия («көп аралдар») және Жаңа Зеландия болып бөлінеді.
Мұхит аралдары еуропалықтарға Ф.Магеллан саяхатынан кейін ғана белгілі болды. Кейіннен бұл аралдар туралы мәліметтерді Джеймс Кук пен орыс саяхатшылары жинақтап, толықтырды. Әсіресе, Жаңа Гвинея аралында 12 жыл тұрған орыс ғалымы Н.Н.Миклухо-Маклай Мұхит аралдарының табиғаты мен халқы жөнінде құнды ғылыми еңбектер жазып қалдырған. Мұхит аралдарында саяхатшылардың құрметіне қойылған географиялық атаулар көп таралған.
Табиғаты. Мұхит аралдарының әсем табиғаты алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Аралдардың кейбірінде асқақтаған таулар басым болса, кейбіреуін, теп-тегіс жазықтар алып жатыр.
Мұхит аралдары Тынық мұхит табанындағы қозғалыстардың нәтижесінде түзілген. Аралдардың басым көпшілігі жанартаулық әрекеттерден түзілген. Жанартаулық аралдардың ең ірісі – Гавай аралдары. Мұндағы сөнбеген Мауна-Лоа жанартауының биіктігі 4170 м. Ал екі литосфералық плиталардың жымдасу аймағында қалыптасқан аралдар геосинклиналдық аралдар болып табылады. Олардың ең ірісі – Жаңа Зеландия аралдары.Жанартау атқылауы геосинклиналдық аралдарда да күшті байқалады. Жаңа Зеландияның Солтүстік аралындағы сөнбеген Руапеху жанартауының биіктігі 2796 м-ге жетеді.
Географиялық орнына сәйкес, Мұхит аралдарында ауа температурасы жыл бойы жоғары болады, бірақ мұхиттан соғатын ылғалды желдер климатты жұмсартады, ылғал бір қалыпты түседі. Жаңа Зеландия аралының қоңыржай белдеуге енетін оңтүстік бөлігінде ғана температура біршама төмен болады. Экватор бойында жатқан аралдарда жел болмайды. Ал екі тропиктегі циклондар жолында жатқан аралдар тайфундардың жойқын ықпалына жиі ұшырайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет