Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас
Негізгі ұғымдар: Ауа райы, күн тоқырау, күн мен түннің теңелуі, поляр күні мен поляр түні, жылулық белдеулер
Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі
3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үйге тапсырма беру кезеңі
Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
Сабақтың барысы
Кезеңдер
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2
Дәптерлерінен салған суреттерін, анықтамаларын тексереді. Кейін өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қояды:
1) Жауын-шашынның қандай түрлері бар?
2) Жауын-шашынның ең көп түсетін жері?
3) Жел деген не? Қандай жергілікті желдердің түрлерін білесіңдер?
4) Ауа массалары деген не? Оның қандай типтері бар?
Дәптерлерінде орындаған тапсырмаларын мұғалімге тексертеді. Ескертулері болса, мұғалімге айтып, түсінбегендерін сұрайды. Сұрақтарға жауаптары:
1) Жауын-шашынның жаңбар, қар, бұршақ деген түрлері бар.
2) Жауын-шашынның ең көп түсетін жері – Тынық мұхитындағы Гавай аралдары және Гималай тауының етегі (12000 мм-ден астам)
3) Ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге орын ауыстыруын жел деп атаймыз. Жергілікті желдердің бриз және муссон деген түрлері болады.
4) Тропосфераның температурасы, ылғалдылығы, қысымы біртекті болып келген ірі бөлігі ауа массалары деп аталады. Ауа массаларының негізгі 4 типі болады: 1) экваторлық, 2) тропиктік, 3) қоңыржай, 4) арктикалық ауа массалары. Экваторлықтан басқасы континенттік және теңіздік болып екіге бөлінеді.
3
Ең алдымен кіріспе сұрақтар қояды: 1) Жер беті неліктен әркелкі қызады? 2) Ауа температурасы мен қысымның арасында қандай байланыс бар? 3) Желдің пайда болу себептері неде?
Кейін бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтап, келесі жоспар бойынша жаңа тақырыпты меңгере бастайды:
1. Ауа райы. Ауа райының элементтері мен құбылыстары.
2. Ауа массалары.
3. Ауа райын болжау.
4. Жерге келетін жарық пен жылу мөлшерінің Күннің көкжиектен биіктігіне және түсу уақытының ұзақтығына байланыстылығы. Жазғы күн тоқырау. Күзгі күн теңелуі. Қысқы күн тоқырауы. Көктемгі күн теңелуі.
5. Жылу белдеулері.
- Оқулықты, карта,суретті пайдалана отырып, тақырыпты меңгеру.
- Оқулықтағы суреттерге қарап температураны өлшейтін аспаптрдың құрылысын сипаттайды.
Мұғалімнің сұрақтарына жауаптары: 1) Жер бетінің әркелкә қызуы ендікке, жер бедерінің әркелкә болуына байланысты. 2) Қысымның таралуы температураға байланысты болады. 3) Қысымның әркелкі таралуы желдің пайда болуына әсер етеді. Кейін оқушылар мұғалімнің бағыттауы бойынша жаңа тақырыпты меңгере бастайды
1. Мыналарды анықтап жазып алады: Атмосфераның жер бетіне таяу қабаты – тропосфераның белгілі бір қысқа мерзімдік (тәулік, апта, ай) жай-күйін ауа райы деп атайды. Ауа райыныңэлементтері – атмосфералық қысым, температура, ылғалдылық, ауа райының құбылыстары– жауын-шашын, жел тұман, бұлт.
2. Мыналарды жазып алады: Тропосфераның температурасы, ылғалдылығы, мөлдірлігі, т.б. қасиеттері жөнінен біртектес ірі бөлігі ауа массалары деп аталады. Жер шарында негізгі 4 түрлі ауа массасы бар: 1) Экваторлық ауа массасы – экваторлық ыстық белдеуде қалыптасады. Жылдың барлық мезгілінде жылы әрі ылғалды болады. 2) Тропиктік ауа (солтүстік және оңтүстік жартышарларда) – жылы және құрғақ ауа. 3) Қоңыржай ендіктің ауасы (екі жартышардың қоңыржай ендігінде қалыптасады) – тропиктік ауаға қарағанда салқын, бірақ ылғалды, ал арктикалық немесе антарктикалық ауаға қарағанда жылы және ылғалды. 4) Арктиткалық ауа
(оңтүстік жартышарда антарктикалық ауа) – биік ендіктерде пайда болатындықтан суық ауа. Экваторлық ауадан басқа негізгі ауа массалары континенттік және теңіздік болып екіге бһленеді.
3. Мыналарды анықтап жазып алады: Гринвич уақыты – Гринвич меридианының уақыты. Ауа райы каталары – шартты белгілермен және цифрлармен ауа райының белгілі бір кезеңдегі жай-күйін көрсететін карталар.Ауа райын болжау картасы– алда температруаның күйі, желдің бағыты қандай болатынын, жаңбыр немесе қар жаууы, тұман түсу мүмкіндігі сияқты белгілерді көрсететін карта.
Мыналарды анықтап еске сақтайды: Ауа райын болжау бүкіл жер бетіндегі метеорологиялық стансаларда және атмосфераның біршама биік қабаттарында жүргізілетін бақылауларға негізделеді. Қазіргі кезде Жер шарында 10 мыңнан астам метеорлогиялық стансалар бар. Бүкіл дүние жүзінің метеоролог мамандары бірыңғай Гринвич уақытымен бақылау жүргізеді. Атмосфераның жай-күйі туралы деректер ауа райы кемелерінен, ұшақтардан, зымырандардан, автомат стансалардан, метеорологиялық Жер серіктерінен алынады.
4. Мыналарды анықтап еске сақтайды: 22 маусым – солтүстік жартышарда 23,5°с.е параллельден Күн тік түсіп күннің ең көп ұзаратын уақыты – жазғы күн тоқырауы деп аталыды. 66,5°ендіктен солтүстік полюске дейінгі полярлық аймақта тәулік бойы Күн батпайды ол – полярлық күндеп аталады. Ал оңтүстік жарты шарда керісінше 66,5°ендіктен оңтүстік полюске дейін Күн шықпайды – полярлық түн болады. 23 қыркүйекте тал түсте Күннің экваторда тас төбеден түсіп, солтүстік және оңтүстік жарты шарға күннің жылуы мен жарығы тең бөлінетін құбылысты күзгі күннің теңелуі деп атайды. 22 желтоқсанда оңтүстік жарты шарда күннің ұзаруы, солтүстік жарты шарда қысқаруы тоқтайды, бұл – қысқы күн тоқырауы деп аталады. Полярлық күн мен полярлық түннің полюс жағынан таралуын шектейтін 66,5° ендік параллельді полярлық шеңбер деп атайды. 21 наурызда бүкіл планетада күн мен түн қайтадан теңеліп Күн тал түсте экваторда қақ төбедеден түсетін уақыт – көктемгі күн теңелу деп аталады.
Мыналарды анықтап жазып алады: полярлық күн мен полярлық түннің ұзақтығы поляр шеңберінде 1 тәуліктен полюстерде жарты жылға дейін созылады.
Мыналарды анықтап еске сақтайды: қоңыржай белдеулерінде жылдың 4 мезгілі де айқын көрінеді.
5. Мыналарды анықтап жазып алады: Солтүстік және оңтүстік жарты шарларда 23,5° ендіктегі параллельдерсолтүстік және оңтүстік тропиктер деп аталады. 66,5° ендіктерден өтетін полярлық күн мен полярлық түн басталатын параллельдер солтүстік және оңтүстік поляр шеңберлері деп аталады. Жер шарында 5 жылу белдеуі бар – 1 ыстық – солтүстік және оңтүстік тропиктердің аралығы, 2 қоңыржай - тропиктерден поляр шеңберлеріне дейін солтүстік және оңтүстік қоңыржай белдеулері және 2 суық белдеу – әрбір жарты шардағы поляр шеңберіненполюстерге дейін с. және о. суық белдеулер орналасқан.
4
Тақрыптарды бекіту тапсырмалары мен сұрақтары:
1. Ауа массалары деген не?
2. Ауа массаларының қандай түрлері бар?
3. Қандай жылу белдеулері бар?
4. Полярлық шеңбер деген не?
Оқушылардың жауаптары:
1. Тропосфераның температурасы, ылғалдылығы, мөлдірлігі, т.б. қасиеттері жөнінен біртектес ірі бөлігі ауа массалары деп аталады
2. Негізгі 4 түрлі ауа массасы бар: 1) Экваторлық ауа массасы 2) Тропиктік ауа (солтүстік және оңтүстік жартышарларда) 3) Қоңыржай ендіктің ауасы (екі жартышардың қоңыржай ендігінде қалыптасады) 4) Арктиткалық ауа
3. Жер шарында 5 жылу белдеуі бар – 1 ыстық – солтүстік және оңтүстік тропиктердің аралығы, 2 қоңыржай - тропиктерден поляр шеңберлеріне дейін солтүстік және оңтүстік қоңыржай белдеулері
4. 66,5° ендіктерден өтетін полярлық күн мен полярлық түн басталатын параллельдер солтүстік және оңтүстік поляр шеңберлерідеп аталады.
5
Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды.
Сабақта қандай тақырыптарға тоқталғандарын айтып, қызықты өткен жерлерін айтады.
6
Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.
Алған бағаларын тыңдап, ескертулері болса айтып, күнделіктеріне қойдырады.
7
Үй тапсырмасына §§, 33, 34, 35. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
Сабақ №35,36
Күні: 19.01.10/18.01.10
Сынып: 6 «А, Б»