Сабақ жоспары сабақ: 7 Мектеп: Бабыр атындағы



Дата24.04.2017
өлшемі80,31 Kb.
#14622
түріСабақ
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Сабақ жоспары


САБАҚ:7

Мектеп:Бабыр атындағы

Күні:04.07.2016

Мұғалімнің аты жөні:

СЫНЫП:1

Такырып:Тағам және сусын.

Бөлім: Жемістер мен көкөністер.

Қатысқандар:

15

Қатыспағандар:

0

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе ллюстрация бойынша қарапайым(кім? не? қандай? қанша?)сұрақ қоя білу.

1.5.2.2. Мұғалімнің көмегімен (ә,ө,ү,ұ,ң,і,қ,ғ,һ) әріптері кездесетін сөздерді анықтау және жазу.


Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады:

а)мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіне алады.

ә) мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым(кім?не?қандай?қанша?)сұрақ қоя алады.


Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Иллюстрациядан жеміс-жидектердің атауынан қазақ тіліне тән дыбыстарды анықтап жаза алады.



Кейбір оқушылар орындай алады:

а) жемістерді сипаттап әңгімелей алады.

ә) жеміс-көкөністердің пайдасы? (дәрумендерге бай)


Тілдік мақсат

Сөздерді дұрыс дыбыстау



Оқушылар орындай алады:

а) мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіне алады.

ә) иллюстрация бойынша қарапайым сұрақ қоя алады.

б) Иллюстрациядан жеміс-жидектердің атауынан қазақ тіліне тән дыбыстарды анықтап жаза алады.



Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Тақырыпқа байланысты жаңа сөздер:

жемістер-фрукты

көкөністер-овощи

сәбіз-морковь

орамжапырақ-капуста

дәмді-вкусный

пайдалы-полезный

тәтті – сладкий


Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Дәмді жемістер, пайдалы көкөністер, жемістер ұнайды, үлкен орамжапырақ, қызыл алма, тәтті сәбіз.

Талқылауға арналған сұрақтар: Қандай жемістерді білесің? Саған қандай жемістер ұнайды? Не себепті?

Не себепті .... деп ойлайсыз? Жемістер мен көкөністердің пайдасы бар ма? Неліктен?

Ишара: қолмен түсіндіру Мысалы: алма - домалақ; алмұрт - құмыраға ұқсайды; жүзім - үзіп жеуді көрсету; қарбыз - ауыр,көтере алмай келе жатқанды көрсету.

Алдыңғы оқу:

Мерекелік дастарқан мәзірі қандай болуға тиіс.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

7 минут


1.Топқа бөлу. «Мозайка» стратегиясы

Алма,алмұрт,қарбыз жемістерді картоннан жасап,әрқайсысын бес бөлікке бөліп,партаның үстіне жайып тастаймын. Оқушылар келіп бір бөліктен алып, алмұрт, алма, қарбыз жемістерін жинайды.

Оқушылар қалаған бөліктерін алып, жемістерді құрастырып, топ бойынша отырады. Топтардың аты тақтада жазулы

1-топ «Алма»

2-топ «Алмұрт»

3-топ «Қарбыз»



2.Топтық жұмыс: Оқушылар бөліктерден жинаған жемістердің суретін партаның үстіне қояды.

Оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды.

- Балалар, бөліктерді қосқанда, не шықты?

- Алма, алмұрт, қарбыз, сәбіз нелер?

- Жемістер мен көкөністер.

- Олай болса, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай екен?

- Жемістер мен көкөністер.

Бағалау критерийлері:

1. 1.Суреттерді бөліктерден құрастыра алады.

2. Сөздердің мағынасын түсінеді

Дескрипторлар:

1. Суреттерді бөліктерден құрастыра алады.

2. Сөздердің мағынасын түсінеді.

Алма,алмұрт.қарбыз суреттері

Картон, желім.


Ортасы

20 минут


Жаңа сөздер. Ұжымдық жұмыс.

жемістер-фрукты

көкөністер-овощи

сәбіз-морковь

орамжапырақ-капуста

дәмді-вкусный

пайдалы-полезный

тәтті – сладкий



2.Мәтінмен жұмыс.

Мәтінді түсініп оқыңыз және сұрақтарға жауап беріңіз.



Жемістер мен көкөністер.

Қияр, қызанақ, қарбыз, қауын, қызылша, орамжапырақ-көкөністер.

Алма, алмұрт, өрік-жемістер.

Азамат пен Әсел алма, алмұрт алды. Мәди мен Дана қауын мен қарбыз алды. Ал Алина мен Марат жүзім, қияр, сәбіз алды.

Жемістер мен көкөністер дәмді және пайдалы.

Мәтін бойынша тапсырмалар:

1. Мәтінді оқыңыз және тақырыбын анықтаңыз.

2. Мәтіннің басты кейіпкерлерін атаңыз

3. Жемістер мен көкөністерді бөліп ата.

4. Сұрақтарға жауап беріңіз:

-Азамат пен Әсел нені алды?

-Мәди мен Дана нені алды?

-Ал Алина мен Марат нені алды?

-Жемістер мен көкөністер қандай?

Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз

Дескрипторлар:

-мәтіннің тақырыбын анықтайды:

-мәтіннің басты кейіпкерлерін атайды:

-мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді:

-мәтіннің негізгі ойын анықтайды.

3. Жеке жұмыс. «Жасырын әріптер»әдісі.

Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жазу.

Алм... , алм...рт, д...мді, ж...з...м, с...біз, ...ияр, қызана... , жем...стер, к...көністер, ...рік.

Дескрипторлар:

1.Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта алады.

2.Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазады.

4. Жұптық жұмыс. «Дәмді ме?» әдісі.

Алма, алмұрт қияр, қызанақ, т.б. жемістер мен көкөністерді тәрелкеге кесіп қою. Әр топтан бір оқушы шығады.



Тапсырма: Оқушының көзін жауып, ауызына 1 бөлігін салу керек. Оқушы қандай жеміс жегенін айтады.

Бұл не? Ол қандай? сұрағына жауап беру.



Дескрипторлар:

1. Жемістер мен көкөністерді дәміне қарай ажырата алады.

2. Қандай? сұрағына жауап бере алады.

Жеміс-көкөністердің суреттері.

Жемістер мен көкөністер


Соңы

3минут


«Алма ағашы» әдісі.

- Балалар, жемістер қайда өседі?

- Бақта.


- Олай болса, балалар, алма бағына барып, алма жинап қайтайық. Бірақ, бақтағы алмалар сиқырлы. Оларды алып жеу үшін жасырынған сұрақтарға жауап беруіміз керек.

Дескрипторлар:

1. Жемістердің атауларын біледі.

2. Сұраққа жылдам жауап береді.


Алма ағашының суреті, алмалар.

Сұрақтар:

1. Қандай жемістерді білесің?

2. Қандай көкөністерді білесің?

3. Алма қандай?

4. Қарбыз, қиярдың түсі қандай?

5. Сенің сүйікті жемісің?

6. Жемістер мен көкөністер пайдалы ма?



Қосымша ақпарат

Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Қабілетті оқушыға

«Жемістер бағында» сурет арқылы әңгімелеу

Дескрипторлар:

Өз бетінше сурет бойынша әңгімелей алады



Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Жинаған түстерді санау.

Жақсы жауап берді: жасыл түс

Орташа жауап берді: қызыл түс


Мақтау,мадақтау
Жемістер мен көкөністердің атауларын жаттап алуға.

Пәнаралық байланыс – Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі).

Дүниетану,ана тілі


Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Сабақ маған ұнады. Оқушылар стикерлер жабыстырады.


Мәтінді оқи алды,сөздерді қайталады,бөліктерден жемістер құрастырды,сұраққа жауап берді,мәтінді әңгімеледі, жемістер мен көкөністердің дәмдерін ажырата алды.
Жаңа сөздерді үйренді, сабақ ... ... өтті

Қорытынды бағалау:
Ең жақсы өткен нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1: Сөздерді дұрыс оқыды

2: Сөз тіркестерін дұрыс құрастырды
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Интерактивті тақтамен жұмыс,қарындашымен сурет салдыру

2: Топпен жұмыс
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1: Жеке жұмыс жасау



2: Кейбір оқушыларға тапсырманы күрделендіру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет