№ Сабақ жоспары.
Сабақ тақырыбы: Астың сіңірілу қасиеті.Тістің құрылысы түрлері.
Модуль /пән атауы: Анатомия,физиология және балалар гигиенасы
Дайындаған педагог: Нурметова Д.А.
Күні : 2022 жылғы "__" ___
1.Жалпы мәліметтер
Курс: 2
Топ: __________________
Сабақ типі: теориялық
Пәнаралық байланыс:биология,медицина, гигиена
Сабақтың мақсаты.
Асқорытудың адам ағзасы үшін маңызы туралы түсінік қалыптастыру.
Сабақтың құрылымы мен мазмұны.
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Студенттер мен сәлемдесіп,олар тугелденеді және дәптерлері тексеріледі.
2.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:
Тексеру әдісі сұрақтар:
1 Ауыз қуысында астың өзгеруі.
2. Асқазанда астың қорытылуы.
3. Тоқ ішекте астың қорытылуы
4.Ас қорыту бездерінің ішіндегі ең үлкені.
5. Ас қорытуға қатысатын аралас секрециялық без.
6. Ауыз қуысындағы бездердің аталуы?
3.Жаңа материалды түсіндіру.
Түсіндіру әдісі:лекция түрінде.
Ас қорыту өте күрделі процесс. Тамақтың өзгеріске ұшырауы ауыз қуысынан басталады. Ауызға келіп түскен ас тіс және тілдің көмегімен механикалық өзгерістерге ұшырайды. Шайнау-рефлексті әрекет. Жақсылап шайналған ас сілекей құрамындағы ферменттердің әсерінен химиялық ыдырауға ұшырайды. Барлық сауықтыру туралы кітаптарда тағамды ұзақ уақыт шайнап және мұқият жұту дағдысы 60 жастағы американдық Флетчердің есіміне «флетчеризм» деп аталып көрсетіледі. Ауызға келіп түскен тағамды тістер майдалайды.
-
19-22 жас аралы-ғында ақыл тіс
|
Пішініне қарай
Күрек тіс
(бір түбірлі)
|
|
Сойдақ /ит/ тіс
(бір түбірлі)
|
|
Азу тіс
Кіші азу (екі түбірлі)
Үлкен азу (үш түбірлі)
|
Формуласы:
Күрек тіс (incisivi) – і, Сойдақ тіс- (canini)- с, Кіші азу тіс- (praemolaress)- pm,
Үлкен азу тіс- (molaress) – m
2 1 2 3
( і — , с— , pm — , m—) * 2 = 32
2 1 2 3
Тіс құрылысы:
Тіс қаптамасы
Қызыл иектен шығып тұрған бөлігі
|
|
Тіс мойыны
Қызыл иек асты
|
|
Тіс түбірі
Жақ сүйектің тіс қуысына кіріп тұратын бөлігі
|
Әрбір тістің үсті ақ түсті зат эмальмен (кіреуке) қапталады. Ол тісті үйкелуден және бактериялардың енуінен сақтайды. Оның астында қатты сүйекке ұқсас тығыз зат- дентин жатады.Тістің іші қуыс, ол борпылдақ ұлпадан құралады, оның арасынан қантамырлар мен жүйке талшықтары өтеді. Қантамырлар тіске кенеулі зат, ал жүйкелер оған сезімталдық қасиет береді.
Сілекей құрамы:
Таза күйінде 98-99% су, 1,5% әлсіз сілтілік реакция көрсететін сұйықтық, қалған мөлшері органикалық зат: нәруыз және ферменттерден тұрады.
Муцин- сілекейді жабысқақ ететін нәруыз. Лизоцим-микробтарды жоюға қатысатын нәруызды зат. Птиалин (амилаза) ферменті – крахмалды, мальтаза –дисахаридтерді глюкозаға дейін ыдырататын ферменттер.
Достарыңызбен бөлісу: |