Сабақ жоспары. Сабақ тақырыбы: Астың сіңірілу қасиеті. Тістің құрылысы түрлері. Модуль /пән атауы: Анатомия,физиология және балалар гигиенасы Дайындаған педаго г: Нурметова Д. А



бет20/61
Дата08.12.2023
өлшемі1,42 Mb.
#195540
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   61
Байланысты:
Анатомия По урочный. 2021-22

5.Қорытындылау.(білім бағалау)

Сабақ барысында белсенді түрде қатысқандарды өз бағаларын қою.


Үй тапсырмасы:Бастауыш мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы 30-40 беттерді оқып келу .

Оқытушының қолы:


ПБ төрағасы


Сабақ жоспары.
Сабақтың тақырыбы: Тірек-қимыл аппараты. Бас сүйек,кеуде қуысы және аяқ- қол сүйектері.
Модуль /пән атауы: Анатомия,физиология және дене шынықтыру гигиенасы
Дайындаған педагог: Нурметова Д.А.
Күні : 2022 жылғы "__" ___
1.Жалпы мәліметтер
Курс: 2
Топ: __________________
Сабақ типі: теориялық


Сабақтың мақсаттары:
1.Адамның қаңқасы, тірек-қимыл жүйесінің құрылысын және қызметін анықтау, Адамдардың тұлғасы мен сымбаты, жүріс-тұрысы омыртқа жотасына байланыстылығын түсіндіру.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер, технологиялар:проблемалық оқыту технологиясын қолдану  (мәселелері, жекелеген - ізденіс, өзін - өзі бақылау ), оза оқыту, интербелсенді оқыту технолоиясы, хабарлау, репродуктивтік, талдау - жинақтау, практикалық
Пәнаралық байланыс: валеология, гигиена, экология, химия, медицина, хореография
Сабақтың жабдықтары: сабаққа эпиграф, сабақ жоспары, тірек конспект, ватман, маркер, презентация «Microsoft Point»,
Оқытудың техникалық құралдары: компьютер, мультимедиалық тақта.
Негізгі әдебиеттер:
О.А.Петришина,Е.П.Попова: «Бастауыш мектеп жасындағы балалар анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы»
Қосымша әдебиеттер:
Ә.Күзенбаева: «Адам анатомиясы»
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу

  • Түгендеу

  • Сабаққа кірісу

Сымбат-мүсін дегенің
Бітім көркі дегенің.
Сымбат жүру әдемі
Дене қалпын тік ұстап.
Көтеріп сәл кеудені,
Иық жазып дұрыстап.
Түзу отыр қисаймай,
Бүкіреймей, жантаймай.
Күш сап бас пен арқаға,
Жатып алма партаға- дей отырып бүгінгі сабағымызды бастайық.
Жұмбақ жасыру:
Қосшауыпкелі бар, екі алыпкелі бар. 
Қос жол көргіші бар, екі үн сезгіші бар. 
Жалғыз мол асары бар,бір кеуде қағары бар 
Тау соғары бар, қорек қорабы бар. 
Тағы...Тағы...Құлатпас тірегі бар 
Жылатпас жүрегі бар. 
Шат көңіл шадыманмен, ашылып күлері бар. 
Тоқсан жол торабы бар, шешеді бұл жұмбақты 
Талпынған талабы бар. Бұл кім? 
(Адам) 
Оқушылар жұмбақтағы мына сұраққа көңіл қойыңдаршы: «Құлатпас тірегі бар» ол не? 
- Тірек қимыл жүйесі. Шынында адам өмірін қозғалыссыз елестету мүмкін емес.
Қаңқаның адам денесі үшін маңызы зор.Ол адам денесінің тіреуіші, қорғаушысы.Оның арқасында адам тік жүреді, қозғалады, иіледі, бұрылады, секіреді.Кеңістікте осы қимылдардың барлығының қызметін атқаратын қандай мүше деп ойлайсыздар?
Бұл қызметтің барлығын тірек-қимыл жүйесі атқарады екен.
Тірек-қимыл жүйесінің дұрыс дамуы адамның тамақтануының, тамақ құрамындағы минералды және органикалық заттардың қызметіне байланысты.Қазақ халқында жүгіріп, секіріп, теңселіп ойнайтын ойындардың көптеген түрлері бар.Мысалы: алтыбақан, ақсүйек, бәйге, күрес, көкпар т.б бұл ойындар ашық алаңда, адамның тірек-қимыл жүйесінің дамуына, дененің сымбатты, құрыштай шынығуына зор әсерін тигізеді.
Балалар, бүгін біздің сабағымыз ерекше саяхат сабақ. Сіздер тірек-қимыл жүйесінің құрылысын, қызметін білу үшін бұл саяхатымызда бірнеше аялдамаларға тоқтаймыз. Әр аялдамада сіздерді қызықты ойындар күтіп тұр. «Стадион» алаңынан бастаймыз. Не себепті?
Себебі стадионда біз тірек-қимыл жүйемізді шынықтырып, салауатты өмір салтын ұстану үшін жаттығуға барамыз.Стадионнан колледждің аялдамасына дейін жаяу-жүріспен барамыз. Не себепті? (Оқушылардың жауабы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет