Сабақ жоспары сабақ тақырыбы: Функцияның графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуі Модуль/пән атауы: Математика



бет3/3
Дата15.01.2022
өлшемі133,42 Kb.
#112137
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
35 тақырып

ЖАНАМАНЫҢ ТЕҢДЕУІ
y=f(x) функциясы Nₒ(xₒ;yₒ) нүктесіндегі f ʹ(xₒ)берілсін.

Жанаманың теңдеуі түзу болғандықтан y=kx+b сызықтық функция ретінде іздейміз.Мұндағы k=tgα= f ʹ(xₒ), бұдан y= f ʹ(xₒ) x+b.



Nₒ(xₒ;f (xₒ) ) нүктесінің координаталарын қоямыз бұдан f (xₒ)= f ʹ(xₒ) xₒ+b

f (xₒ)= f ʹ(xₒ) xₒ+b теңдеуінен b-ны табамыз: b = f (xₒ)- f ʹ(xₒ) xₒ

b = f (xₒ)- f ʹ(xₒ) xₒ теңдеуін y= f ʹ(xₒ) x+b теңдеуіне қоямыз:

y= f ʹ(xₒ) x+ f (xₒ)- f ʹ(xₒ) xₒ. Соңғы теңдеуді ықшамдау арқылы: y= f (xₒ)+ f ʹ(xₒ) - (x - xₒ) аламыз. Бұл жанаманың теңдеуі.


ЖАНАМАНЫҢ ТЕҢДЕУІН ЖАЗУ А ЛГОРИТМІ


  1. xₒ -ге сәйкес f (xₒ)-ді есептеу.

  2. f (x) функциясының туындысын табу.

  3. xₒ-дегі туындының мәні f ʹ(xₒ)-ді есептеу.

  4. y= f (xₒ)+ f ʹ(xₒ) ·(x - xₒ) формуласына қойып жанаманың теңдеуін алу.

1-мысал: f (x)=x²-5x+6 функциясының xₒ=1 нүктесіндегі жанаманың теңдеуін жазыңыз.

  1. f (xₒ) =f(1)=1²-5·1+6=2.

  2. f ʹ(x)=2x-5.

  3. f ʹ(xₒ)= f ʹ(1)=2·1-5=-3

  4. y= f (xₒ)+ f ʹ(xₒ) ·(x - xₒ) =2-3(x-1)=2-3x+3=5-3x.

Бұдан жанаманың теңдеуі: y=5-3x





Ой толғаныс


Карточкалық тапсырма


  1. f (x)=x²-5x+6 функциясының xₒ=4 нүктесіндегі жанаманың теңдеуін жазыңыз.

  2. f (x)=12-3x+2x² функциясының xₒ=2,5 нүктесіндегі жанаманың теңдеуін жаз.

  3. f(x)=x²-3x+5 M(0;5) нүктесі арқылы өтетін жанамасының бұрыштық коэффициентін табыңыз.

  4. b-ның қандай мәнінде y=-10x+b түзуі f(x)=3x²-4x+2 функциясының грaфигіне жанама болады.

  5. b-ның қандай мәнінде y=8x+b түзуі f(x)=x²+2x³ функциясының грaфигіне жанама болады.



Бекіту: тест тапсырмасы

Бағалау критерийі:

9-10 өте жақсы.

6-8 жақсы

3-5 қанағаттанарлық
Мысалы: f(x) = 5x3+4x2+21x–19 функциясының графигіне абсциссасы х0 = 1 нүктесінде жүргізілген жанаманың теңдеуін жаз.

f(1) = 5×13 + 4 ×12 + 21 ×1 – 19 = 5 + 4 + 21 – 19 = 11

f¢(x) = 15x2 + 8x + 21

f¢(1) = 15×12 + 8×1 + 21 = 15 + 8 + 21 = 44



y = 11 + 44(x – 1) = 11 + 44x – 44 = 44x – 33
у = f(x) функциясының х0 нүктесіндегі туындысы f(x0) осы функция графигінің (х0; f(x0)) нүктесі арқылы өтетін жанаманың бұрыштың коэффициетіне немесе бұрыштың тангенсіне тең.



Мысалы: f(x) = 4x2 – 5x + 6 функциясы графигінің берілген М(1;2) нүктесінен өтетін жанамасының абсцисса осіне көлбеулік бұрышының тангенсін тап.

f¢(x) = 8x - 5

f¢(1) = 8 × 1 – 5 = 8 – 5 = 3

f(x) = 7x2 + 29x + 6 функциясы графигінің берілген М(-2;5) нүктесінен өтетін жанамасының абсцисса осіне көлбеулік бұрышын тап.

f¢(x) = 14x + 29

f¢(-2) = 14 × (-2) + 35 = -28 + 29 = 1






БББ кестесі


Білем

Білдім

Білгім келеді













Үйге тапсырма

№43.4, №43.5

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс




Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Ү АПК 210-04-20 Сабақ жоспары. Жетінші басылым


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет