№ 28 сабақ жоспары Сабақ тақырыбы: «Гимнастика туралы мәлімет, гимнастика сабағындағы
қауіпсіздік ережелері, қысқы универсиада – 2017»
Сабақ мақсаты: Теориялық мәліметтер арқылы, жеке тұлғаның жетілуін
қалыптастыру
Сыныбы:5 «А» 5«Б» 5 «Г»
Уақыты: 10.11.2016 ж 10.11.2016 ж 11.11.2016 ж
Өтетін орны: Спорт зал
Өткізген: Дене шынықтыру пәні мұғалімі Шамғонова М.М
Керекті құрал – жабдықтар: Спорттық құралдар, оқулық, спортшылар суреттері
Барысы: І Ұйымдастыру бөлімі:
Салеметсіздерме !
Кезекші рапорты
Сабақ тақырыбын, мақсатын баяндау
Гимнастика туралы мәлімет, гимнастика сабағындағы қауіпсіздік ережелері Гимнастика[1] – арнайы жаттығулар жүйесінен тұратын, адам денсаулығын нығайту және оның денесінің үйлесімді дамуы үшін қолданылатын дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер. Қазақстанда гимнастиканың (грекше gymnastіke, gymnazіo – жаттығу жасаймын, жаттықтырамын) акробатика, көркем гимнастика және спорттық гимнастика сынды түрлері жақсы дамыған. Гимнастика спортшыларының халықаралық одағы (FІG) 1897 ж. ұйымдастырылған. Қазақстан оған 1994 жылдан мүше.[2] Еңбек қызметі мен дене даярлығын жетілдірудегі гимнастиканың маңызы өте зор. Қозғалыс іскерліктері мен дағдылары, сонымен бірге гимнастиканың әр түрлі құралдары арқылы дамытылатын дене және моральдық ерік қасиеттері адамның күнделікті іс – әрекетінде кең қолдау табады. Гимнастика сабағында тепе- теңдік сақтау дене мүшелерінің, буындардың қозғалмалылығының, қозғалыстың, күштің үйлесімділігінің дамып- жетілуіне, еңбек және әскери қызметтің кез – келген түрінде кәсіби шеберлікті табысты меңгеруге көмектеседі. Гимнастика жаңа қозғалыс дағдыларын жылдам меңгеру қабілеттілігі секілді қасиеттерді дамытады. Жаңа гимнастикалық даярлығы бар адам күрделі кәсіби қимылдарды жеңіл меңгереді. Денсаулық пен жұмыс қабілеттілігін арттыратын таңертеңгілік жаттығуларды жүйелі орындаудағы қимылдың дәлдігі олардың орындалу сапасын жақсартады, әрбір қимыл үнемді және мақсатты болады.
Гимнастика шаршау сезімін жоюға, көңіл күйді, ақыл ой және дене жұмыс қабілеттілігін арттыруға, адамның сергек жүруіне көмектеседі.