Сабақ жоспары Сабақ тақырыбы: ХVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті. Дәстүрлі билер соты. Сабақтың мақсаты



Дата25.01.2017
өлшемі497,96 Kb.
#7753
түріСабақ
Сыныбы: 8

Пән: Қазақстан тарихы



Сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы: ХVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті.

Дәстүрлі билер соты.



Сабақтың мақсаты:

1.XVIII ғ. Қазақстандағы ғылымның, ағарту ісінің және мәдениеттің даму ерекшеліктері жөнінде түсінік қалыптастыру, орыс және шетел ғалымдарының ғылыми зертеулері негізінде адам өмірінде білім мен мәдениеттің қандай рөл атқаратынын көрсету; Қазақстандағы дәстүрлі билер ерекшелігін таныстыру.

2. Оқушылардың танымдық, шығармашылық көөзқарастарын дамыту, жауапкершілікке, шешім қабылдауға үйрету.

3. Білімді үнемі жетілдіріп отыруға, мақсат қойып, оған жетуге ұмтылуға тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әнгіме

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан XVIII ғасырдағы картасы. Тапсырмалар

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Сырым Датұлының жеке басына сипаттама беріңдер.

  2. Халық қозғалысы қалай өріс алып еді?

  3. Барон Игельстромның реформаларының мәні неде?

  4. Ұлт-азаттық көтерілісі қалай аяқталды?

  5. Көтерілістің жеңілу себептерін атап, көрсетіңдер.

  6. С.Датұлының ұлт-азаттық көтерілісінің тарихи маңызы неде?

Сабақ жоспары:

  1. Қазақстан аумағындағы ғылыми зерттеулер, орыс зерттеушілері Қазақстан туралы

  2. Қазақстанды зерттеген шетел зерттеушілері

  3. Қазақ әдебиеті

  4. Музыкалық өнер мен айтыс

  5. XVIIIғ.аяғында мектептердің ашылуы

  6. Билер, билер соты және олардың қазақ қоғамы өміріндегі атқарған рөлі

  7. Жазаның түрлері жер аудару, айып салу, құн төлету, дүре соғу және өлім жазасына кесу.

1. Оқулықтың 84-86 беттеріндегі «Қазақстан аумағындағы ғылыми зерттеулер». «Қазақстандағы шетелдік зерттеушілер» атты бөлімдерін оқып, кестені толтырыңдар.

Авторлар

Ғылыми еңбек

Не жөнінде жазылған

Маңызы













2. Оқулықтың 86-89 беттеріндегі «Қазақ әдебиеті», «Тарихи әңгімелер», «Шежіре» бөлімдерін оқып, кестені толтырыңдар.

Авторлардың аты-жөні

Қайда туған?

Шығарманың аты

Шығарманың тақырыбы

Автордың қандай шығармасы сендерге таныс?

Күйші әрі ақын Байжігіт

Абылай хан

(1711-1781)

Ақтамберді жырау

(1675-1768)

Тәтіқара Үмбетей жырау

(1706-1778)

Бұқар жырау

(1684-1781)

Тілеп Аспантайұлы

(1757-1820)














3.XVIIIғ.аяғындағы қазақ музыка өнерінің даму ерекшеліктері жөнінде хабарлама дайындау.

«Музыка өнері»

-Қазақтың музыкалық аспаптары

-Өлеңдер,күйлер,айтыстар

-Белгілі қазақ орындаушылары

4. « XVIIIғ. аяғында мектептің ашылуы» бөлімін оқып, ұжымдық талқылау.

5. Құжаттарды, оқулықтағы тақырыпты оқып, мына сұрақтарға жауап беріңдер.

-Қазақтарда кім би бола алады?

-Сотқа шақыру тәртібі қалай болды және куә ретінде кімдерді қарастырды?

-Сотта қандай мәселелер қаралды?

-Қандай жазалау шаралары қолданылды?
Сабақты бекіту:

1.XVIIIғ.Қазақстан аумағын ғылыми зерттеулердің рөлі мен маңызына баға беріңдер.

2. Қазақстанды қай елдің ғалымдары зерттеді?

3. ХVIIIғ.ақын-жыраулар мен музыка өнерінің дамуы жөнінде не айта аласыңдар?

4.Билер сотының жергілікті тұрғындар арасында қандай рөл атқарды?

Сабақты бағалау:

Үйге:§13-14 оқу, сұрақтарға жауап беру.

Сабақ жоспары №

Сыныбы:8

Күні:

Пән: Қазақстан тарихы

Сабақ тақырыбы: Қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы (Кіріспе)

Сабақтың мақсаты:


  1. Оқушылардың XVIII ғасылдағы қазақ қоғамы әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерімен таныстыру, топтар арасындағы қатынастарға назар аударту, қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтың рөлін көрсету.

  2. Бұрынғы алған деректермен жұмыс істеуге, көтерілген мәселе бойынша деректерге сүйене отырып, талдау жасауға үйрету.

  3. Туған өлке тарихына құрметпен қарауға тәртиелеу.

Сабақ түрі: Аралас

Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, әңгіме

Сабақ көрнекіліктері: Фотосуреттер, терминдік сөздер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Сабақ жоспары:

  1. Қазақтардың саны мен орналасқан жері

  2. ХІІІ ғ. қазақ қоғамындағы әлеуметтік құрылымның ерекшеліктері.

Өткен сыныптан өткен әлеуметтік құрылым тақырыбын еске түсіру.

1. Төмендегі жүздерге қай тайпалар кірді?


Ұлы жүз-үйсін, дулат, жағалбайлы

Орта жүз-арғын, найман, қыпшақ, уақ,қоңырат

Кіші жүз-байұлы, әлімұлы, жетіру.

2.Картадан орналасқан аумағын көрсету.

3. Оқулықтағы тақырыпты пайдалана отырып, ХVIIIғ.қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын бейнелейтін кесте құрыңдар.

Феодалдар тобы Шаруалар тобы



  • Шыңғыс ұрпақтарыт қарапайым малшылар

  • Рулық,тайпалық,ақсүйектер егінші шаруалар

  • Бек,бай,батырлар

4.Сөздікпен жұмыс

Құрама Төлеңгіт

Қожа Құн

Құрылтай Адат

Ханталапай Тархан

5.Қазақстан тарихы бойынша материалдарды пайдалана отырып, әр топтың қандай міндеттері мен артықшылықтары болды?

Жоспар:


  1. Хан сайлау дәстүрі

  2. Сұлтандар әулеті

  3. Қожалар және олардың қоғамдағы рөлі

  4. Қазақтар қандай еңбегі үшін тархан атағын алды?

  5. Төлеңгіт деген кімдер?

  6. Қазақ қоғамындағы құлдар

ІІІ. Бекіту. Сұрақтар қою.

IV. Қорыту

V. Бағалау

VI. Үйге: 1.XVIII ғ.қазақ қоғамының топтық құрылымының ерекшелігіне баға беріңдер.

2.Халықтың кейбір топтың қандай айырмашылықтары болды?

3.§1

Күні:

Сыныбы:8

Пән: Қазақстан тарихы

Бақылау жұмысының түрі: «0»-дік бақылау жұмысы

Мақсаты: Өткен оқу жылындағы тақырыптар бойынша оқушылардың білім, білік дағдыларын зерттеу.

Тапсырмалар:

І. Тарихи уақыт

Хронологиялық ретпен орналастыр

Қасым ханның ел билеуі . (1511ж)

Түрік қағанатының қрылуы (552ж)

Орбұлақ шайқасы (1643ж)

Қазақ хандығының құрылуы (1466ж)

Моғолстанның құрылуы (1346ж)

ІІ. Толықтыр


  1. VI ғасырдың ІІ жартысында Түрік қағанаты . . . . ., . . . . . . ., сияқты елдермен терезесі тең түсті.

  2. Түргеш қағанатының астанасы ________ болды.

  3. Б.з.б І ғ. Жібек жолы арқылы . . . . .. . . елінен Батысқа қарай сауда керуендері шыққан.

  4. Жүсіп Баласағұни Шу өзені бойындағы . . . . . . . . . қаласында туған.

  5. 1218 жылы Шыңғыс хан әскері . .. . . . . . .. жеріне енеді.

ІІІ. Тарихи оқиға.

  1. Әмір Темірдің Ақ Ордаға жасаған жорықтары туралы не білесіңдер.

  2. Қазақ халқы қашан қалыптасты және «қазақ» сөзінің мағынасы қандай?


Сабақ жоспары№ 3

Пән: Қазақстан тарихы

Сыныбы:8

Күні: 22.09.12ж
Сабақ тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегінде қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.

Сабақ мақсаты: 1. XVIII ғасырдың бірінші ширегінде қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайымен таныстыру, әңгіме ету.

2.Оқушылардың логикалық ой қабілеттерін дамыту, еркін сөйлеп, өз ойларын айту дағды0ларын жетілдіру. Құжаттардағы деректермен жұмыс істей отырып, ең бастысы неге назар аударуды анықтау, салыстыру, қорытынды жасау.

3.Өз халқының тарихына құрметпен қарауына тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, әңгіме.

Көрнекілігі: Кесте, «Қазақстан Жоңғар шапқыншылығы» дәуіріндегі карта, хрестоматия

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Терминологиялық диктант алу.

І нұсқа ІІ нұсқа

Құрама- Төлеңгіт-

Қожа- Құн-

Құрылтай- Қараман-

Ханталапай- Тархан-

ІІІ. Жаңа сабақ

Сабақ жоспары


  1. XVIII ғасырдың бас кезіндегі Тәуке ханның ішкі және сыртқы саясаты

  2. Қазақ хандығының ыдырай бастауы

  3. Жоңғар шапқыншылығы

  4. Қазақтардың тойтарыс беру әрекеті

  5. Қазақтардың қару-жарағы мен әскери дәстүрлері.

Еске түсіру үшін сұрақтар қою:

  1. 1680-1715ж Қазақ хандығын кім биледі?

  2. Тәуке хан шығарған «Жеті жарғының» қандай маңызы бар?

  3. Жоңғар хандығы қашан құрылды? Кесте арқылы түсіндіру.

Хронологиялық кесте толтыру (мұғалім әрекеті)

Жылдар

Оқиғалар

Мақсаты мен маңызы

1552ж







1556ж







1585ж







1586ж







1587ж







1594ж







1720ж







1 тапсырма

Осы оқиғаларға сүйене отырып, Ресей Қазақ хандығына қатысты саясат жүргізгенде алдына қандай мақсат көздеді?

2 тапсырма

Қазақстан тарихы хрестоматиясынан Тәуке ханға мінездеме беру.

IV.Бекіту сұрақтары

1.

2.



3.

V.Үйге тапсырма.

§2. Сұраққа жауап беру



Сыныбы:8-сынып Күні:

Пән: Қазақстан тарихы

Сабақ жоспары:

Сабақ тақырыбы: Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі.

Сабақ мақсаты: 1. Оқушылардың XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі, сыртқы жағдайын, жоңғар басқыншыларына қарсы күресі жөніндегі білімдерін жинақтау.

2.Оқушылардың ой-өрісін, тарихи ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

3. Батыр бабаларымыздың тәуелсіздік үшін күресін бейнелеу

арқылы,жас жеткіншектерді, елін, жерін Отанын сүюге тәрбиелеу.



Сабақ түрі: Аралас

Сабақ әдісі: ,Жарыс сабақ

Сабақ көрнекілігі: Қазақстан жоңғар шапқыншылығы. Картасы, тапсырмалар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Кіріспе. (сабақтың өтілу барысын, жарыс шарттарын тапсырмаларын таныстыру)

Аңырақайға байланысты әңгіме айту.



ІІІ. Сыныпты топқа бөлу. Жеңген топ мүшелері сартай атағын алады?

І топ


  1. «Ақтабан шұбырынды» жылдары қай жылы басталды?

  2. 1710 ж болған ірі оқиға?

  3. Жоңғар хандығы қай жылы құрылды?

  4. Торғауыттар деген кім?

  5. Доба деген кңм?

ІІ топ

  1. 1643ж әскер тарихында мирек кездесетін қандай шайқас?

  2. Қазақтар қай жылы жоңғарлардан басым түсіп жеңіске жетті?

  3. Ойраттар деген кімдер?

  4. 1723ж жоңғарлардың қанша әскері жеріне басып кірді?

  5. Не себептен қазақ жасақтары Аягөз маңында жеңіліп қалды?


Күні:

Сыныбы:8

Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы: Қазақ-қалмақ қатынастары

Сабақ мақсаты: 1. Ресейдің Қазақстандағы отаршылдық саясатын ашып көрсету, оқушылардың назарын қазақ-қалмақ қарым-қатынастарына назар аудару.

2.Құжаттармен , картамен жұмыс жасау тәсілдерін жетілдіру, саяси қайраткерлердің қызметіне талдау жасау және баға беру арқылы оқушылардың логикалық ой-өрісін жетілдіру, танымдық қызығушылықтарын дамыту,



3.Халық тарихына құрметпен қарауға, достыққа, бір-бірін түсіне білуге тәрбиелеу

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, әңгіме

Сабақ көрнекілігі: «XVIIIғ Орт. Қазақстан» картасы. «Қазақтар» энциклопедиясы

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Әбілқайыр хан неліктен Ресейден көмек сұрауға мәжбүр болды?

  2. Кіші жүздің Ресейдің құрамына кіруіне байланысты қалыптасқан негізгі оқиғаларды әңгімелеңдер

  3. Қазақтар мен башқұрттардың арасындағы қарым-қатынас қалай қалыптасты?

  4. 1755 жылғы қазақ-башқұрт шиеленісі туралы және оның туысқан екі ел арасындағы өзара қарым-қатынасында қандай салдары болғаны туралы айтып беріңдер?

  5. Орта жүздегі жер дауының одан әрі шиеленісуіне не себеп болды?

Сабақ жоспары:

  1. Қалмақ хандығының күшеюі

  2. Қазақ-қалмақ қатынастары

  3. «Шаңды жорық» Қазақтардың қалмақтарды жеңуінің тарихи маңызы.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

  1. Қалмақ хандығының құрылуы туралы сөз ету.

Қалмақ хандығы

  1. Кіші жүздің солт. шығысындағы мемлекет

  2. Негізгі территориясы: Еділ бойы

Негізгі міндеті: Ресейдің оңтүстіктегі шебін қорғау.

  1. Шырқау кезі: Аюке хан тұсында

  2. Еділ қалмақтары деп аталды.

  1. Қазақ-қалмақ қатынастары бөлімін оқи отырып, салыстырмалы талдау жасау.

Қазақ-башқұрт қатынастары

Қазақ-қалмақ қатынастары

Осы қатынастарға байланысты Ресейдің ұстанымы

3.«Шаңғы жорық»

«Шаңды жорықтың» басталуы:

Қалмақтардың тарихи отаны Жоңғарияға ауа көшуі

Қазақтардың қатысу себебі:

Бұдан бұрынғы жасалған жорықтар үшін иек алу; жалған

Ресейдің ұстанымы:

Қалмақтарды кешегі көшіп-қонып жүрген жеріне қайтару.

Шаңды жорықтың маңызы:

Еділ қалмақтарының үздіксіз шабуылынан бір жолата құтылуы



ІІІ. Сабақты бекіту: Сұрақтарға жауап беру.

IV. Үйге: §8. Құжатпен жұмыс. Сұраққа жауап беру

V. Бағалау.

Пән:Қазақстан тарихы Күні:

Сабақ жоспары

Тақырыбы: Кіші жүздің Ресейге қосылуы

Мақсаты:1. Кіші жүздің Рейсейге қосылуы тарихы мен XVIII ғасырдың 20-30 жылдардағы қалыптасқан саяси жағдай туралы білімдерін бекіту.

2.Өзіңдік жұмыс жасау, тарихи баға беру, өз ойын еркін білдіру дағдыларын дамыту.

3. отансүйгіштікке баулу.

Сабақ түрі: Бекіту

Әдісі: Өзіндік жұмыс

Көрнекілігі: тапсырмалар

Сабақ барысы:



І. Ұйымдастыру

ІІ. Өткен сабақты пысықтау.

  1. Кіші жүздің Рейсейге қосылуының негізгі алғысшарттары мен себептері туралы айтыңдар.

  2. А.Тевкелев бастаған елшілік қандай қызмет атқаруға тиіс еді?

  3. Кіші жүз ақсүйектерінің едәуір бөлігі Ресейдің қол астына өтуге неге қарсы болды?

  4. Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі антқа қол қою үрдісін қалай өткізді?

Жаңа сабақ:

Практикалық жұмыс.

  • XVIIIғасырдың 30-40 жылдарында Ресей неліктен Қазақстанның солтүстік-шығысында әскери бекіністер шебін құра бастады?

  • Олар қашан және қайда салынды. Картадан көрсету.

  • Қазақтардың Ресеймен және Орта Азия м емлкеттерімен сауда жасаған негізгі қалаларын атаңдар.

  • Орыс-қазақ сауда байланысы жөнінде не айтасыңдар?

Терминдермен жұмыс.

Басыбайлы шаруа- Оппазиция-

Тілмаш- Экспедиция-

Жасақ-


Тұлғаларды анықта.

Әбілмәмбет- Нұралы-

Татищев В.Н.- Тевкелев А.И.-

Құжатпен жұмыс.

Левшин И.А. «Қырғыз-қазақ, н/е қырғыз-қайсақ ордалары» сипаттамасы

-Авторы кім?

-Не туралы баяндалған?



-Қандай деректерімен құнды?

Сабақты бекіту.

  1. Әбілқайырдың ордасында Ресей елшілері қалай қабыл алынды?

  2. Қазақ ханы өз қолы астындағылардың ашықтан-ашық қарсылығына қалай тап болды?

  3. Ресейге қол астына өтуінің салдары қандай болды?

Бағалау:

Үйге: §6. Қосымша материал қарау.
Сабақ жоспары № 4

Пән: Қазақстан тарихы

Сынып: 8 Күні: 29.09.12ж

Сабақ тақырыбы:Жоңғар шапқыншылығы

Сабақ мақсаты:1.Оқушыларды Қазақ хандығы төңірегінде қалыптасқан саяси оқиғалармен таныстыру, қазақ билеушілерінің басы бірікпеуінің салдары қандай болғанын көрсету, үш жүздің әскери күштерін біріктірудегі Әбілқайырдың рөлі және халықтың тәуелсіздігі үшін күресінің маңызын әңгімелеу.

2.Оқушылардың материалдарды жүйелеуге одан қорытынды шығаруға машықтандыру.

3.Жауаптылыққа, батылдыққа үйрету, патриоттық тәрбие беру.

Сабақ түрі:Аралас сабақ

Сабақ әдісі:Сұрақ-жауап,өзіндік жұмыстар

Сабақ көрнекі-құралдары: «Жоңғар шапқыншылығы дәуіріндегі қазақ хандығы» картасы. Кесте, үлестірме карточкалар, хрестоматия, қосымша әдебиеттер.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру сәті:Амандасу

Сыныпты түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру: 1. XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайының ерекшеліктеріне тоқталыңдар.

2.XVIII ғасырдың І ширегіндегі Ресей мемлекетінің Қазақ хандығына қызығушылығының артуына не себеп болды?

Жаңа сабақ: Сабақ жоспары:

  1. Жоңғарияның күшеюі және оның қазақ халқына қарсы шапқыншылығы.

  2. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаматтық күресі.

  3. Жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылығының салдары.

Сыныпты 3 топқа бөлу, карточкалармен жұмыс жасау.

І.топ Тапсырмасы: оқулықты және хрестоматиядағы құжаттарды пайдалана отырып, «Жоңғария хандығы және оның көрші мемлекеттермен саяси қарым-қатынасы» тақырыбына хабарлама даярлау.

ІІ.топ Оқулықты және хрестоматияны пайдалана отырып, «Ресей мемлекеті: оның Қазақ хандығы мен Жоңғария арасындағы қарым-қатынастарға байланысты саясаты» тақырыбына хабарлама дайындау.

ІІІ.топ Оқулық мәтінін пайдалана отырып, төмендегі кестені толтыру.


Елдің ішкі жағдайы

Қазақ-орыс қатынастары

Қазақ-жоңғар қатынастары





































Жаңа сабақты бекіту: Қазақстан тарихы хрестоматиясынан алынған құжаттар Қазақтардың қару-жарақтары, әскери туралы

1. Құжаттармен жұмыс құжаттарды оқи отырып,м салыстырмалы кесте толтыру.

2. Құжаттарды оқи отырып, төмендегі сұрақтарға жауап беру


  1. Әскери ту қандай қызмет атқарды?



3.

Сабақты қорыту: Нені білдім/ Не білгім келеді?

Сабақты бағалау:

Үйге тапсырма:§3. Қосымша материалдар әкелу.

Сабақ жоспары:№5

Пән:Қазақстан тарихы

Сынып:8

Күні:6.10.12

Тақырыбы: Кіші жүздің Ресейге қосылуы.

Мақсаты: 1. Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғысшарттары мен себептері, Әбілқайыр ханның қол астына өту туралы әңгімелеу.

2.Тарихи тілде әңгімелеу, тарихи баға беру. Ой бөлісу дағдыларын әңгімелеу.

3.Отансүйгіштікке баулу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Әдісі: Әңгіме, дәріс.

Көрнекілігі: XVIII ғ.Қазақстан картасы. Қосымша әдебиеттер

Сабақ барысы:

І. ұйымдастыру кезеңі: Амандасу

ІІ. Жаңа сабақ

Сабақ жоспары: 1. Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғысшарттары мен себептері

2.А.Тевкелев бастаған елшіліктің Кіші жүзде болуы.

3. Әбілқайырдың ханға қарсы оппозициясының қалыртасуы.

4. Әбілқайыр ханның және оның төңірегіндегілердің Ресейдің қол астына өтуді қабылдауы.

5. Патша үкіметінің Қазақстандағы жағдайының одан әрі нығаюы.

6. «Орынбор»экспедициясының қызметі.

7.Патша үкіметінің Орал шекаралық шебін нығайтуы және жер дауының шиеленісуі.

8. Кіші жүздің Ресейдің қол астына отуінің салдары.



1-2мәселе. Хронологиялық жылдар.

1726ж Ресейге Қойбағар бастаған 1 елшіліктің жіберілуі.

1730ж IIX ғ С.Қойдағұлұлы мен би Құтлұмбет Қоштайұлының Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы өтінішті табыс етуі.

1731ж Анна Иоановна Кіші жүз қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға қол қоюы

1731ж 20 сәуірде Петербургтен А.И. Тевкелев бастаған елшілікті жіберді. Дипломатиялық тапсырмамен келген елшілікке барлау мәліметтерін жинауға тапсырылды.

4 мәселе. 1731 ж 10қазан күні Әбілқайыр хан, 13 рудан тұратын ірі билер мен батырлардың шағын тобы Ресей империясының қол астына өту туралы ант қабылдады.Бұл оқиға Ырғыз бен Тобыл өзендерінің арасында өтті. Майтөбе шатқалында 20 қазақ старшындары қатыстфы.

5 мәселе. Патша өкіметінің шекара шептерді нығайтуы ,1731 ж Сәмеке ханның ант қабылдауы, 1733 ж Ұлы жүз тарапынан алғаш әрекеттер жасалуы.1740 ж Әбілмәмбет пен Абылайдың Ресейдің қол астына өтуі туралы әңгімелесу.

6-7 мәселе.Мәтінмен жұмыс жасай отырып,қажетті оқиғаларды түртіп алу.

Сабақты бекіту: Тарихшыларға журналистердің сұрақ қоюын жүргізу.(5 мин сұрақтар)

Қорыту:Қазақстанның Ресейге қосылуының дұрыс жасалған әрекет болды ма?

Бағалау:

Үйге:§6. Қосымша құжатпен жұмыс


Сынып:8 Күні:

Пән: Қазақстан тарихы

Сабақ жоспары:

Тақырыбы: XVIII ғасырдың ортасындағы Қазақстан.

Мақсаты:1. Әбілқайыр қайтыс болғаннан кейін Кіші жүзде қалыптасқан жағдайды түсіндіру, әсерлі-қорғаныстың бекіністердің салына бастауы жөнінде әңгімелей отырып, Ресейдің Қазақстандағы отаршылдық саясатын ашып көрсету.

2.Құжаттармен, картамен жұмыс жасау тәсілдерін жетілдіру, саяси қайраткерлердің қызметіне талдау жасау және баға беру арқылы логикалық ой-өрісін жетілдіру.

3.Халық тарихына құрметпен қарауға бір-бірін түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау.

Көрнекілігі: XVIIIғ карта

Сабақ барысы:

І. ұйымдастыру.

ІІ. Жаңа сабақ

Сабақ жоспары: 1. Әбілқайыр хан қаза тапқаннан кейінгі Кіші жүздегі жағдай.

2.Қазақ-башқұрт қатынастарының ерекшеліктері.

3. Шекара аймақтарында әскери-бекініс шептерінің салынуы. Жаңаесіл шекара шебінің салынуы.

4. Қазақ-орыс ұқатынастары.

Кіші жүз

2-мәселе

Экономикалық жағдайы. Орта жүздің шекара аудандарында жер дауының онан әрі шиеленісуі. қазақ жерін басып ала бастады:

а)шекара аудандарында әскери бекіністер тұрғызу.

ә) 1755ж патша үкіметі Орта жүз қазақтарына Ертістен өтуге тыйым салды.

б)1765ж Он шақырымдық белдеу межеленді.

в) Қазақтарға орыс бекіністеріне 30 шақырымға д\н жақындауға тыйым салынды.



Саяси жағдайы- 10 шілде 1749ж Ресей үкіметі түрде Нұралыны Кіші жүз ханы етіп бекітті.

-қазақ-башқұрт жанжалдары.

-жоңғарлардың қазақтарға жорығы.

а) қазақ хандары арасындағы келіспеушіліктерді пайдалану.

ә)қазақтар мен башқұрттардың Ресейге қарсы күресте бірігіп кетпеуі үшін от салу.


Осыдан кейін қазақ-башқұрт қатынастарының ерекшеліетерімен таныстыру. Салыстырмалы кесте жасау.

Қазақ-башқұрт қатынастары

Қазақ-орыс қатынастары

Осы халықтар арасындағы Ресейдің ұстанымы


3-мәселе.

XVIIIғ 30-40 жылдардағы әскери бекіністерді салу. Мәселелерін талқылау.

-салынған әскери бекіністердің аты мен салыну себебі.

-орналасқан жері

-алып жатқан аумағы

-маңызы


Сабақты бекіту.

  1. Кіші жүздің ішіндегі қарама-қайшылықтың шиеленісе түсуіне себеп болды?

  2. Қазақтар мен башқұрттардың арасындағы қарым-қатынас қалай қалыптасты?

  3. Орта жүзднгі жер дауының одан әрі шиеленісуіне не себеп болды?

  4. Жаңаесіл шекара шебін салу үрдісі қалай жүзгізілді?

Қорыту:

Бағалау:

Үйге:§7. Кесте толтыру. 50 беттегі құжатпен жұмыс.

Сыныбы:8


Пән: Қазақстан тарихы

Сабақ жоспары

Тақырыбы: ХVІІІ ғасырдағы сауданың дамуы

Мақсаты:1.Оқушыларды ХVІІІ ғасырдағы сауданын ерекшеліктерімен таныстыру,оларға бұл процестің мемлекеттер арасындағы дипломатиялық экономикалық және мәдени байланыстар дамуымен тікелей байланысты екенін,оған қоса сауданың отаршылдық сипатын,сауда орталықтарының таралуын түсіндіру.

2.Логикалық ойлауды дамыту, деректерді салыстыру,өз көзқарастарын қалыптастыруға үйрету.

3.Бір-бірін түсінуге,жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі:Жаңа танымдық

Әдісі:Сұрақ-жауап,әңгіме

Көрнекілігі:ХVІІІ ғасырдағы Қазақстан картасы

Сабақ барысы

І.Ұйымдастыру

ІІ.Жаңа сабақ:1.Қазақтардың Жоңғариямен саудасы

2.Қазақ-орыс саудасы

3.Ірі сауда орталықтары

4.Орта жүз қазақтарының Ресеймен саудасы

5.Қазақ Қытай саудасы

6.Қазақтардың Орта Азия мемлекеттерімен саудасы

Сауда қатынастарының ерекшеліктерімен таныстыра отырып,төмендгі сұрақтарға жауап беру:

1.Қазақтар тауар ретінде не сатты? 2.Қайда кіммен сауда жасады? 3.Не сатып алды?

Оқулық мәтінің пайдаланып,қазақтаркөпестерден не сатып алғанын аңықтау.

Қазақ хандығынын көрші мемлекеттермен сауда қатынастарының дамуы:

1.Жоңғар хандығы

2.Ресей империясы

3.Қытай

4.Орта Азия мемлекеттері



Сабақты бекіту:

1.Қазақ-Орыс айырбас саудаларынын ерекшеліктері неде?

2.Негізгі сауда орталықтарын атап,картадан көрсету?

3.Абылай Орта жүз қазақтарынын Ресеймен сауда дамыту үшін қандай рөл атқарады?

4.Қазақ-Қытай саудасы қандай оқиғаға байлансыты болды?

Бағалау:

Үйге:$12,кесте толтыру.

Сыныбы:8


Пән:Қазақстан тарихы

Сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы: Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға Сырым Датұлы басқарған көтерілістің басталу себебін,барысын,сипатын,тарихи маңызын түсіндіру

2.Оқушылардың өзіндік жұмыс жасау арқылы,өз ойларн айту,тарихи баға беру дағдыларын дамыту.

3.Отансүйгіштікке,Сырым батыр бойындағыбатырлықпен жігерлікті үлгі ету

Сабақ әдісі:Сұрақ-жауап,әңгіме

Сабақтың көрнекілігі:1.Қазақстаннын ХVІІІ ғасырдағы саяси картасы.

2.Қосымша әдебиеттер.

3.Тапсырмалар

Сабақтын барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу.Сыныптың сабаққа назарын аударту.

1.Қазақтардың 1773-1775 жылдарда Е,Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуынын негізгі себептері?

2.Қазақтардың аруалар көтерілісіне қатысуына түрткі болған жағдай?

3.Кіші жүз бен орта жүз қазақтары белсене қатысқан шайқастарды атап көрсетіндер?

4.1773-1775 жылдарда Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің жеңілуінін негізгі себептерін атап беріндер?

5.Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуынын тарихи маңызы?



ІІІ.Жаңа сабақ.

Сабақ барысы.1.Көтерілістердің шығу себептері

2.Көтерілістің жетекшісі және қозғаушы күштері.

3.Ұлт-азаттық қозғалысынын шығу себептері және оның алғашқы кезеңі.

4.Барон Ичльстромның реформалары және кіші жүзде хан билігін жою әрекеттері.

5.Ұлт-азаттық қозғалысының ақырғы кезеңі.

6.Көтерілістің жеңілу себептері.



Оқушылардың әрекеті:Оқу мәтіні бойынша жоспар құру.

1.Көтерілістің шығу сбептері,

2.Көтеріліс барысы

3.Хан билігін жою әрекеттері

4.Көтерілістің жеңілу себептері,тарихи маңызы.

Жоспар бойынша әңгімелеу.


Кесте толтыру.Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.


Көтерілістің алғы шарттарымен себеп

Қазақ жерін күшпен иемденуі.Қазақтар мен казактар арасындағы шиеленіс

Мақсаты

Жерді қайтарып алу.

Нұралы ханнын үстемдігін шектеу.



Көтеріліс басшысы,қатысушылар

С.Датұлы қазақ шаруалар,ру басылары,билер.

Негізгі оқиғалар

1783- 1794- 1785-

1791- 1792- 1797-



Жеңілу себептері мен тарихи маңызы

Феодалдар арасында алауыздық,шаруалар талаптарының әр түрлілігі көтерілістің нашар ұйымдастырылуы,руаралық қайшылықтар

Сабақты бекіту:1.Сырым Датұлы бастаған көтерілістің алғышарттары мен себептері қандай?

2.Б.Ичльстромның Кіші жүзді басқаруда қандай өзгерістер енгізді?

3.Көтерілістің мақсаты мен сипаты қандай еді?

4.Жеңілу себептері неде,тарихи маңызы қандай?



Сабақты бағалау:

Үйге:$11.Құжатпен жұмыс.

Сабақ жоспары № 8

Пән: Қазақстан тарихы

Сынып:8


Күні: 27.10.12ж

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Қазақтардың 1773-75 жылдардағы Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы.

Сабақтың мақсаты:1.Қазақтардың Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуынын себептері мен негізгі кезеңдерін қарастыру.

2.Оқушылардың тақырып пен жұмыс істеу,салыстыру,талдау жасау мшықтарын жетілдіру,логикалық білуін,сөйлеу мәдениетіне,Тарихқа құрметпен қарауға үйрету мақсатқа жете білуге тәрбиелеу.



Сабақтың түрі:Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,әңгіме.

Көрнекілігі:Тақырыптық карта,қосымша әдебиеттер.

Ұйымдастыру сәті:Амандасу,сыныпты түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру:1.Абылай мен оның заманы атты эссе жазу.

2.Тақырып бойынша тест сұрақтары.



Жаңа сабақ:Сабақ жоспары:

1.Қазақтардың Е.Пгачев бастаған қатысуының негізгі себептері.

2.Кіші жүз қазақтарының қатысуы.

3.Орта жүз қазақтарының қатысуы.

4.Көтерілістің жеңілу себептері мен салдары.

5.Шаруалар көтерілісіне қазақтардың қатысуының тарихи маңызы.

Сыныпты екі топқа бөліп жұмыс істеу.

№1тапсырма:

Тапсырманы оқып,Кіші жүз қазақтарының Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы жөнінде шағын жоспар құру(қатысу себептері,қозғаушы күштері,шаруалар соғысына қазақтардың қатысу кезеңі,негізгі оқиғалар,жеңілу себептері)

№2-тапсырма

Тақырыпты оқи отырып,Орта жүз қазақтарының Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы жөнінде шағын жоспар құру.

Сабақты мына тақырыпшалар төнірегінде қорытындылау:

1.Қазақтардың Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуынын себептері

2.Осы кезеңдегі негізгі оқиғалар.

3.Көтерілістің жеңілу себептері мен салдары.

4.Шаруалар соғысына қазақтардың қатысуының тарихи маңызы.



Жаңа сабақты бекіту:1.1773-75Ж. Көтеріліске қазақтар қатысқан негігі кезеңдер.

2.Кіші жүз қазақтарының Е.Пугачев көтерілісіне белсене қатысқан себебін түсіндіріндер.

3.Орта жүз қазақтарының Е.Пугачев бастаған көтерілісіне қатысуының ерекшкліктері неде

4.Көтеріліске қатысушылар мен оның жетекшілеріне сипаттама бер.



Сабақты қорыту:Не білдім\не білгм келеді.

Сабақты бағалау:

Үй жұмысы:$10,сұрақтарға жауап беру.

Сыныбы:8

Пән:Қазақстан тарихы

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы:1837-1-47 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс

Сабақтың мақсаты:1.1837-47ж.Кенесарыбастаған көтерілістің мақсатын,барысын,негізгі кезендерін,тарихи маңызын аша отырып,оны Ресей халықтарының заттық үшін күресінің бір бөлігі екенін,қазақ қоғамы мен патша үкіметі арасындағы қайшылық салдары екнін көрсету,

2.Қазақстан аумағындағы көтерілістерге және Қазақ хандығы мен К.Қасымұлы билігіне салыстырмалы талдау жасау,қорытынды шығару дағдыларын тексеру.

3.Отан тарихына құрметпен,мақтанышпен қарауға,адамгершілікке тәтбиелеу

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,әңгіме

Көрнекілік:ХІХ ғасырдағы Қазақстан картасы,қосымша әдебиеттер.Қазақтар І-том,-

Беттер.


Е,Бекмаханов,Кенесары хан монографиясынан үзінді.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

1.Елек өзені аумағындағы жерлерді алу қай жылы басталды?

2.Орск және Троицк қамалдары араснда шеп тұрғызу жұмысы қалай жүрді?

3.ХІХ ғасырдың 20-30жылдардағы көтерілістің жеңілу себептері мен тарихи маңызы неде?



Сабақ жоспары:1.Көтерілістің мақсаты,себептері және қозғаушы күштері

2.К.Қасымұлы қазақ хандығын қалпына келтіруі

3.Хандық басқару,экономика,сауда саласындағы өзгерістер

4.Патша үкіметінің жазалау шаралары Долгов пен Герннің Кенесары хан ордасына елшілігі

5.Кенесарының Ұлы жүз аумағына шегінуі

6.Көтерілістің жеңілу себептері мен тарихи маңызы.



Мұғалімнің әңгімесі:Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып,Е.Бекмахановтың Кенесары хан көтерілісі еңбегінен үзінді оқып дискуссия өткізу.Қазақтар І-том деректер.

Оқушылар әрекеті:1-тапсырма:Оқулықтағы мәтінді пайдаланып,Кенесары хан басқару,шаруашылықты дамыту,сауда саласындағы өзгерістерді аңықтау.

2-тапсырма:Кенесарының талантты қолбасшы,шебер дипломат екеніне дерек келтіріңдер.

Сабақты бекіту:И.Тайманұлы мен Сырым Датұлы көтерілісін еске түсіріп,оны Кенесары хан өтерілісімен салыстыру

С.Датұлы бастаған көтеріліс

И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтеріліс

К.Қасымұлы бастаған көтеріліс























































Аңықтау:Жылы,аумағы,себебі,негізгі оқиғалары,жеңілу себептері,маңызы.

Сабақты бағалау.

Үйге:Көтерілістің жеңілу себептері мен маңызы туралы әңгімелеу,$21

Сыныбы: 8

Пән:Қазақстан тарихы

Сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы:Бөкей хандығынын құрылуы

Сабақтың мақсаты:1.Бөкей ордасындағы 1836-37 ж. Көтеріліс алдындағы саяси ж/е шаруашылық дамуға баға беру ордада жүргізілген өзгерістерге Жәңгір ханның тікелей әсерін ашу

2.Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту,басты оқиғаны көруге,жеке тұлғаға баға беруге,оның істеріне талдау жасауға білу

3.Өз халқына деген мақтаныш сезімін ояту,адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ әдісі:Әңгіме,сұрақ-жауап

Көрнекілік.ХVІІІғ. Қазақ хандығынын картасы

ХІХғ.Қазақстан картасынан тапсырмалар.Қосымша әдебиеттер.



Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезені:Амандасу,сыныпты түгендеу

ІІ.Жаңа сабақ

Сабақ жоспары:1.Қазақтардың Жайықтың оң жағалауына өтуінің негізгі себептері

Ресей патшасы ІПавелдің 1801ж.11-наурыздағы жарлығы.

2.Аймақтың әлеуметтік-экономикалық,саяси дамуындағы өзгерістер

3.Жәңгір ханның мәдениеті-ағартушылық қызметі

4.Бөкей хандығының Қазақстан тарихындағы орны

Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Қазақтар»энциклопедиясынан жалпы шолу жасау

Тапсырма 1.

Оқулықтың 99-100беттегі мәтінді оқындар ж/е Қазақтардың Жайықтың оң жағалуына өтуінің негізгі себептерін аңықтандар.

Сұрақ:Неліктен Ресей үкіметі өзінің ішкі аумағындғы мемлекет құрылыының орнауна жол берді.

Тапсырма 2.Картадан Ішкі орданың аумағын көрсетіндер,халқының санын,хан ордаснын орналасқан жерін аңықтандар.

Жаңа мемлекеттік білім беру мәртебесі жөнінде әңгімелендер.103бет



Тапсырма 3.Әр түрлі дерек көздерінен алынғаен ақпараттарға сүйене отырып,кесте құрыңдар.Онда халықтың экономикалық,басқару құрылымындағы,өмірі мен тұрмысындағы.мдениетіндегі өзгерістерді көрсетіңдер.

Тапсырма 4.

«Мәдени-ағартушылық миссия»терминінің мәнін ашыңдар.Жәңгір ханнын оқу ағарту денсаулық,мәдениет,дін салалары бойынша қандай шаралар өткізгені туралы жұмыс дәптерлеріне жазыңдар



Сабақты бекіту:Тақырып соңындағы сұрақтарды талқылау

Сабақты бағалау:

Үй жұмысы:1.Жәңгір хан жүргізген шаралардың жағымды ж/е жағымсыз жақтарын анықта.

2.Терминдерді аңықта:мемлекет,автономия,аренда,салық,жеке меншік. $15



Сыныбы: 8

Пән:Қазақстан тарихы

Сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы:Қазақтардың 1812ж. Ресейдің Отан соғысына қатысуы

Сабақтың мақсаты:1.Қазақтардың 1812ж. Ресейдің отан соғысына қатысуы туралы,олардың ерліктері жөнінде түсінік қалыптастыру.

2.Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізу,тарихи тілде әңгімелеу дағдыларын дамыту.

3.Отансүйгіштікке,қазақ жауынгерлерінің отанға деген адалдығын мысалға келтіру

Сабақ түрі:Аралас

Сабақ әдісі:Сұрақ-жауап,әңгіме,СТО

Көрнекілік:Қосыша әдебиеттер

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезені:Амандасу,Сыныпты түгендеу,сабаққа назарларын аударту

ІІ.Өткен сабақты пысықтау:1.Жәңгір ханнын оқу-ағарту,мәдениет,денсаулық сақтау,дін салалары бойынша жасаған шараларын атаңдар

2.Ресей үкіметі неліктен өзінің ішкі аумағында мемлекеттік бірлесік құруына рұқсат етті

3.Жаңа мемлекеттік бірлестіктің мәртебесін түсіндіріндер



ІІІ.Жаңа сабақ

Сабақ жоспары:1.Ресеймен шекаралас Қазақстан аумағындағы аштық патша әкімшілігінің 1808ж.28-мамырдағы жарлығы

2.Орынбор ж/е Орал шептерінде қазақ балаларының шоқындырылуы

3.Қазақтардың отан соғысына қатысуы мен тарихи маңызы

Мұғалімнің кіріспе сөзі:1800-1812ж.аралығындағы Қазақ даласындағы оқиғаларға тоқтау

-қазақ саудасының дамуы

-қазақтар мен орыстар арасындағы тамырластық

-жайылым жерлерінің азаюы ж/е жұттың кіші жүз жағдайын нашарлатуы



Тапсырмалар:

1.Патша үкіметініңмақсаты не.

2.1808ж 23мамырдағы жарлықтың шығуының қандай қажеттілік болды.

3.Қазақтардың шекара шебінің ішкі бөлігіне қоныстануы үшін қандай шарттарды орындауы қажет еді

4.Қазақ балаларын шоқындыруына не себеп болды

5.Қазақтардың өмірінде қандай өзгерістер болды.



Сабақты бекіту:Кесте толтыру


Шайқасқа қатысушылардың аты-жөні

Шайқас

Марапатталуы

Майлыбайұлы,

ҚарынбайЗындағұлы,

МұратҚұлшоранұлы

Еріш Азаматұлы,

СағитХамитұлы,

Нарынбай Жанжігітұлы




Бородино

Бородино


Малаева Болота
Вязьма түб.ұрыс

Глогау,Лейпцик



Күміс медаль

Көгілдір ленталы медаль

Хорунжи атағы
3дәрежелі Қасиетті Анна ордині

Георгий ордині



1.ХІХғ.бас кезіндегі Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аудандарындағы ашаршылықтың себебі неде.

2.Қазақтар отан соғысы кезінде орыстарға қандай көмек көрсетті.

3.Қалай ойлайсыңдар.қазақтар бұл соғысқа неге белсене қатысты

Үйге:1.Патша үкіметінің 1808ж23мамырдағы жарлығы қандай мақсатпен шығарылды

2.Кестені аяқтау,тақырыпты оқу.$19



Сыныбы:8

Пән:Қазақстан тарихы

Сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы:Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы (Ақмола бекінісінің салынуы)

Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға 1822 жылғы жорығының ерекшеліктері жүргізілген реформа қазақ қоғамына әсері туралы айта отырып, Қазақстандағы хан билігінің жойылу себептерін түсіндіру. Ақмола бекінісін салыну тарихымен танысу.

2.Деректермен жұмыс кезінде логикалық ойлауды, еске сақтау қабілетін жетілдіру және деректерді салыстыра отырып, қорытынды шығаруға үйрету. 3.Өткен тарихқа құрметпен қарау.



Сабақ әдісі:Сұрақ-жауап,әңгіме

Сабақтың көрнекілігі:1.Қосымша әдебиеттер.

Қазақтар І том

Тірек сызбалар

Сабақтын барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу.Сыныптың сабаққа назарын аударту.

1.бас кезіндегі Қазақстанның Ресеймен шекаралас аймақтарында болған ашаршылықтың себептерін атандар?

2.Шекара шегіндегі қазақ балаларын шоқындырудың қандай себептері болды?

3.1812 жылғы отан соғысында қазақтардың көрсеткен ерлігі мен батылдығы туралы мысал келтіріндер.

4.Соғыс жылдарында қазақтар патша үкіметіне қандай көмек көрсетті? Олардың қатысуының тарихи маңызы.

ІІІ.Жаңа сабақ жоспары

1.Қазақтарда хандық биліктің жойылуының себептері мен салдары.

2.Орта жүзде хандық биліктің жойылуы

3.Сыртқы округтерде сайлау тәртібі және сыртқы приказдардың негізгі функциялары

4.Шаруашылық пен сауданың дамуы

5.Кіші жүзден хан билігінің жойылуы.

6.1844 жылы Орынбор қырғыздары туралы жарғы

7.1822 -1824 жылдар жарғыларды енгізу салдары



Мұғалімнің әңгімесі: Хан билігін жою себептері

-қазақ хандарының халық алдындағы беделінен айырылуы

-патша үкіметі Кіші жүзбен орта жүзде әкімшілік аймаққа бөлшектеуі және қазақтардың басқарудың қолайы еді.

-Шыңғыс ұрпағының патша әкімшілігіне қарсылық білдіруінің көбейуі

1822ж. Батыс Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанскийдің Сібір қырғыздары туралы жарғысы

І Александр жарлығымен бекітілді.


Сібір қырғыздарының жарғысы

Округтік приказдардың құрылуы

Округтік басқарудың (мекеме) Округті-аға

Енгізілуі (округтардың Сыртқы округтің сұлтандар,болысты-бол

-болыс-ауыл) Сібір қырғыздарының ыс-ауылды-старшын

(10-12 ауыл) (50-70 үй) облыстарының бірігуі -дар

(Тобыл, Томск, Омбы

облыстары Бат.Сібір ген-губ.енді)
Оқушылардың әрекеті: І кезең. «Орта жүзде хандық биліктің жойылуы»

«Хабарламасын дайындау»

ІІ кезең. «Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы»

(1824,1844)

ІІІ кезең. «Ақмола бекінісі және округтік приказы»

Сабақты бекіту. Параграфтың соңындағы сұрақтарды қою.

Бағалау.


Үйге: $ 18,19 «Тарихи тұлға» атты хабарлама дайындау.

Сыныбы:8

Пән:Қазақстан тарихы

Сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы:Қазақстанда отаршылдық езгінің күшеюі

Сабақтың мақсаты:1. І жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының ерекшеліктерін ашу, патша әкімшілігінің қазақ халқын отарлық езгіге салуы, басқару жүйесін өзгертуі, жайылымдарын тартып алуы, т.б. жөнінде әңгімелеп беру.

2.Фактілерді салыстыра отырып, талдау жасауға үйрету, оқиғаларға байланысты өз көз қарастарын білдіруге дағдыландыру.

3.Ұлттық патриотизмге тәрбиелеу.

Сабақ әдісі:Сұрақ-жауап,әңгіме

Сабақтың көрнекілігі: ғ. Қазақстан картасы

Қосымша әдебиеттер.



Сабақтын барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу.Сыныптың сабаққа назарын аударту.

ІІ Үй тапсырмасы:



  1. Көтерілістің негізгі себептерін атандар?

  2. Көтерілістің тарихи маңызы қандай?

  3. Кестемен жұмыстың орындалуын тексеру.

ІІІ.Жаңа сабақ жоспары

1.Жаңаелек шебінің дұрыс құрылуы (1810-1822)

2.Жоламан Тіленшіұлының көтерілісі

3.Жаңашеп ауданының құрылуы.

4.Қасым Абылайұлымен Саржан Қасымұлының бастаған көтерілісі

Мұғалімнің әңгімесі: Ресейдің Қазақстанға байланысты саясатын түсіндіре келе, отарлық езгінің күшеюі, қазақ жерлерін ашық тартып алу, бекіністерін салу, т.б. жөнінде әңгімелеу. Картамен жұмысты ұйымдастыру.

-Картадан Елек, Жайық, Құралай, Бердянка өзендерін табу.

-Жаңаелек шебіндегі Изобильная, Буранная, Жаңаелек, Линевская, Угольная, Ветлянская форпостарын картадан көрсету.

Логикалық сұрақтар қою.

1.Бұл бекіністер не үшін салынды?

2.Сендердің ойларыңша, неліктен осы жер тандап алынды?

3.Қазақтар арасында бұл жер несімен белгілі?

4.Неліктен патша үкіметі қазақтардың бұл жерді тартып алып, казактарды және Ресейден әкелінген шаруаларды қоныстандырды?

Ж.Тіленшіұлы және Қ.Абылайұлы мен С.Қасымұлының көтерілістері бойынша дәптерге түртіп алу.




Ж.Тіленшіұлы көтерілісі

Қ.Абылайұлы мен С.Қасымұлының көтерілісі

Жылдары




Көтеріліс аумағы




Себептері




Негізгі оқиғалар




Жеңілу себептері




Маңызы



Сабақты бекіту: Кесте толтыру.



Жаңа аудандар

Құрылу жылдары

Тартып алынған жерлер

Жергілікті қазақтардың тағдыры

Жаңаеісіл










Жаңаелек










Жаңашеп









Бағалау.

Үйге: 20 тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру. Құжатпен жұмыс.

Сыныбы:8

Пән:Қазақстан тарихы

Сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы: И.Тайманұлы және М.Өтемісұлы бастаған халық азаттық көтерілісі.

Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларды Кіші жүздегі көтеріліс тарихымен таныстыру. Көтерілістің алғы шарттарын, себептерін анықтап, көтеріліс басшыларының ықпалына баға беру. Көтерілістің өз құқыларын қорғаулары үшін қажет болғанын түсіндіру.

2.Оқушыларды салыстырмалы талдау жасау мен іздену жұмыстарын жүргізуге машықтандыру, дұрыс жоспар құруға, пікірін жеткізе білуге үйрету.

3.Оқушылардың көтерілісшілерге деген көзқарастары арқылы оларға патриоттық тәрбие беру, халық тарихын сыйлап, оған мақтанышпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақ әдісі:Сұрақ-жауап,әңгіме

Сабақтың көрнекілігі: ХІХғ. Қазақстан картасы

Сабақтын барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу.Сыныптың сабаққа назарын аударту.

ІІ Өткен сабақты пысықтау.

Үй тапсырмасын орындалуын тексеру.

ІІІ.Жаңа сабақ жоспары

1.Көтерілістің себептері

2.Көтерілістің барысы:

-басталуы

-хан ордасын қамауға алуы

-Тастөбеде ұрыс (шайқас)

-көтерілісшілердің бірігуі

3Көтерілістің жеңілу себептері мен салдары. Тарихи маңызы.



Мұғалімнің әңгімесі: Оқушыларды дискуссияға тарту. Тарих және әдебиет сабақтары бойынша бұл көтеріліс туралы не білетіндерін сұрау, пікір алмасу, көтерілістің ошақтары картаға сүйене отырып көрсету, себептерін анықтау.

-жер мәселесі

-салықтар, қазақ ақсүйектерінің танау әрекеттерімен айыппұл салуы

-халықтың Жәңгір хан саясатынан қарсы болуы

-Ресейдің отарлық саясаты

Оқушылар әрекеті: Көтерілістің барысы бойынша хрон. Тізім жасау.

1836 жыл ақпан-

Наурыз-


Қыркүйек-

1837 жыл басы-

1837 жыл 15 қараша-

13 желтоқсан-

1838 жыл басы-

1838 жыл 12 шілде-

1842 жыл-

1845 жыл-

Мұғалім әрекеті: Махамбет өлеңдерінен үзінді оқу. Көтерілістің мақсатын түсінуге көмектесу. Оқушыларға ақын шығармалары бойынша тапсырма беру.

Сабақты бекіту: 132-133 бетті оқи отырып, кесте толтыру.

«Көтерілістің жеңілу себептері мен тарихи маңызы»

Үйге: 1. 1836-1837ж. Көтерілістің негізгі себептерін анықтап жазу.

2.Көтерілістің тарихи маңызы.

3.Кесте толтыру (көтерілістің(1836-1837ж.)басшылары)

Бағалау.

Сыныбы:8

Пән:Қазақстан тарихы

Сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы: Қазақтардың Орта Азия хандықтары мен патша үкіметіне қарсы көтерілістері

Сабақтың мақсаты:1. Орта Азия мемлекеттері билігінде жүрген қазақтардың жағдайы туралы әңгімелеп, көтерілістердің тарихына, жеңілуінің себептерімен маңызына тоқталу.

2.Оқушылардың есте сақтау және шығармашылық қабілетін дамыту

3.Өмірге жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақ әдісі:Сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: ғ Қазақстан картасы

Қосымша әдебиеттер



Сабақтын барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу.Сыныптың сабаққа назарын аударту.

ІІ Өткен сабақты пысықтау.

1.К.Қасымұлы бастаған көтерілістің мақсаты, себептері мен қозғаушы күштері туралы әңгімелеу.

2.Көтерілістің барысы мен тарихи маңызы туралы талқылау.



ІІІ.Жаңа сабақ жоспары

1.Сырдария бойындағы қазақтардың Орта Азия мемелкеттеріне қарсы шығуының себептері. Жаңқожа батырдың Қоқан және Хиуаға қарсы қимылдары.

2.Сыр бойындағы қазақтардың патша үкіметіне қарсы бас көтерілулерінің себептері. Жанқожа батырдың 1856-1857ж. Бас көтеру.

3.Оңтүстік Қазақстандағы халық көтерілістердің жеңілу себептері, салдары, тарихи маңызы.



Оқушылар әрекеті:

1-топ.


Ж.Нұрмұхаметұлының Орта Азия мемлекеттеріне қарсы көтерілісі және Ж.Нұрмұхаметұлының Ресей үкіметіне қарсы көтерілісі: Кестені толтыру.


Жылдары

Аумағы

Көтеріліс себептері

Әлеуметтік құрамы

Негізгі шайқастар

Жеңілу себептері

Салдары мен маңызы










































2-топ.


Е.Көтібарұлының көтерілісіне хабарлама дайындандар:

-өмір сүрген жылдар

-мінезіндегі қасиеттер

-көтерілістің негізгі оиғаларының хрогнологиясы

-жеңілу себептері

3-топ.


Деректермен жұмыс.

Құжаттарды оқып шығып, Л.Мейер мен Ф.А.Г.фон Хелльвальдтың еңбектеріне сүйене отырып, төле сұрақтарға жауап беру:

1.Көтерілістің басшыларының өмірі туралы не білесіңдер?

2.Олардың мінездерінде қандай қасиеттер бар?

3.Көтерілістің жеңілу себептерін атандар?

4.Көтерілістің тарихи маңыздылығы неде?



Сабақты бекіту. Параграф соңында берілген сұрақтарға жауап беру.

Бағалау.

Үйге тапсырма. 23. Кестені аяқтау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет