«Бекітемін»
Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары___________Сариева Г
«______»_____________2022 ж.
«Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі» МКҚК Сабақ жоспары Сабақ тақырыбы: Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері
Модуль / Пән аты:Математика Дайындаған педагог: Нуртурганова Ш.С
Күні: «____ » ____________ 2022 ж.
1.Жалпы мәліметтер: Курс, топ: ШБ – 21, МБ – 21, ОрБ – 21
Сабақтың типі: Аралас сабақ
2.Мақсаты, міндеттері: - көрсеткіштік теңдеуді басқа теңдеулерден ажыратады
- көрсеткіштік теңдеулерді шешу әдістерін біледі
2.1. Күтілетін нәтиже:Студенттер көрсеткіштік теңдеулер, теңдеулер жүйелері қасиеттерін қолданып есеп шығарады; көрсеткіштік теңдеудің анықтамасын тұжырымдайды, көрсеткіштік теңдеуді бірдей негізге келтіру және жаңа айнымалы енгізу арқылы есептер шығарады. көрсеткіштік теңдеулерді әдістермен шешуді;
3. Қажетті ресурстар:
Алгебра 11 – сынып Әбілқасымова А.Е., Корчевский В.Е., Жұмағұлова З.Ә., «Мектеп» 2020, 180-181беттер . Google Jamboard онлайн тақтасы, Презентация.
4.Әдіс – тәсілдер:Сұрақ – жауап, Liveworksheets платформасында өтілген тақырып бойынша сәйкестендіру тапсырмасы
5. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі (3-5 мин). Сабақтың мақсат – міндеттерімен , сабақ барысында орындалатын тапсырмалар мен бағалау критерийлерімен таныстыру. Студенттерге бағалау парағы беріледі, бағалау парағына Өзін – өзі бағалап отырады.
Үй тапсырмасын пысықтау: «Сәйкестендіру» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
Бағалау критерийлері: - көрсеткіштік теңдеуді басқа теңдеулерден ажыратады
-көрсеткіштік теңдеулерді шешу әдістерін білу және қолдану
- Көрсеткіштік теңдеудің анықтамасын біледі.
-көрсеткіштік теңдеулерге әдістерді қолданып шешеді