Сабақ жоспары сабақтың нөмері



Дата27.01.2020
өлшемі28,87 Kb.
#56535
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ


Сабақтың нөмері:

1



















Курс:

3



















Топ:

ЕТ-02-18



















Күні:






















Өткізу орны:

№414 каб



















Мамандық-біліктілік:

1304000 –«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»

130401 2- Электрондық есептеу машиналарының операторы



Модуль атауы:

КМ 04 Орта деңгейдегі бағдарлауды орындау

Сабақтың тақырыбы:

Кіріспе. Техникалық қауіпсіздік ережелері.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: C# тіл жайлы толық ақпарат беру

Тәрбиелік: Оқып отырған пәніне қызығушылығын, мақсаттылығын талдай білуге тәрбиеле. Жұмыста күш жігерге және өз бетінше, нақты тиімділікті тәрбиелеу

Дамытушылық: Тәжрибеде теориялық материалдарды қолдана білуге, сауатты жауап беруге икемділігін үйрету, өз бетінше ойлануды дамыту.

Күтілетін нәтижелер:

C# тіл жайлы барлық ақпаратты меңгеру

Сабақтың түрі:

Теориялық

Оқыту әдістері, әдістемелік тәсілдер, педагогикалық технологиялар:

Сұрақ – жауап арқылы теориялық білімдерін тексеру, білім берудің ізгілендіру технологиясы

Қажетті жабдықтар мен құрылғылар:

Тақта, дербес компьютер, интерактивті тақта

Қосымша дереккөздер (әдебиеттер):

Негізгі оқу әдебиеттер


Н-1. Павловская Т.А. ИНТУИТ С# Программирование на языке высокого уровня СБП: Питер 2016 2-е издание исправленное 245-бет

Оқытушының байланыс ақпараты:

Т.А.Ә.: Аманова Ф.Ж.

_______________қолы



Тел.: 8775 162 16 33

E-mail: Dinusa_07@mail.ru




Сабақ

кезеңдері


Кезеңдердің мазмұны мен

сұрақтары


Оқыту әдістері



Әдістемелік қамтамасыз етілуі

Уақыты, мин

I. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, жоқ студенттерді белгілеу, сабаққа назарын аудару.

2

II. Сабақтың жоспары мен мақсаттарын хабарлау. Жұмыстың ұйымдастырылуы туралы нұсқау беру.

1

III. Білімдерін бақылау, үй тапсырмасын тексеру

Бақылау сұрақтары:

1. Техника қауіпсіздік туралы не білесіз?



2. Қандай бағдарламалау тілдерін білесіздер?


Сұрақ жауап

Н-1. Павловская Т.А. ИНТУИТ С# Программирование на языке высокого уровня СБП: Питер 2016

15

IV. Түсініктеме бере отырып бағалау

Студенттерге жіберген қателіктерімен жауаптарына қарай түсініктеме бере отырып бағалау.

3

V. Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау. Мазмұнының жоспарын жазу (тақтаға және дәптерге)

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Техникалық қауіпсіздік ережелері.

2

VI. Негізгі білімнің өзектілігі, оқу әрекетін дамыту

Кіріспе. Техникалық қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат алу.

3

VII.Жаңа материалды түсіндіру

Жоспар:

  1. Бағдарламалау тілі

  2. Процедуралық-бағдарланған бағдармалау тілі

  3. Проблемалық-бағдарланған бағдармалау тілі

  4. Техника қауіпсіздігі ережелері

Түсіндірмелі иллюстративті.

Өзіндік жауаптар алу.

Дербес компьютерлер

35

VIII.Жаңа материалды бекіту

Бақылау сұрақтары:

  1. Авариялық жағдайдағы ережелеріне түсінік беріңіз

  2. Жұмыс аяқтау барысындағы ережелері қандай?

  3. Бағдарламалау тілі дегеніміз не?

  4. Процедуралық-бағдарланған бағдармалау тіліне қандай тілдер жатады

  5. Проблемалық-бағдарланған бағдармалау тіліне андай тілдер жатады

Түсіндірмелі иллюстративті. Өзіндік жауаптар алу.

Дербес компьютерлер

15

  1. Сабақты қорытындылау

Сабақты түсіндіру барысында туындаған сұрақтарын жауап беріп, түсіндіру. Үй тапсырмасымен байланыстырып сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылау.

3

Үйге тапсырма беру Н-1. Павловская Т.А. ИНТУИТ С# Программирование на языке высокого уровня СБП: Питер 2016 2-е издание исправленное. 1-4 бет

1



ТЕКСЕРУ СЫНАҒЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ


1 тексеру сынағы

Атауы

Кіріспе. Техникалық қауіпсіздік ережелері.

Тапсырма сипаттамасы

Бақылау сұрақтары:

  1. Авариялық жағдайдағы ережелеріне түсінік беріңіз

  2. Жұмыс аяқтау барысындағы ережелері қандай?

  3. Бағдарламалау тілі дегеніміз не?

  4. Процедуралық-бағдарланған бағдармалау тіліне қандай тілдер жатады

  5. Проблемалық-бағдарланған бағдармалау тіліне андай тілдер жатады

Өткізу орны

№ 414

Сабақтың номері

1


Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Техникалық қауіпсіздік ережелері.
Жоспар:

  • Бағдарламалау тілі

  • Процедуралық-бағдарланған бағдармалау тілі

  • Проблемалық-бағдарланған бағдармалау тілі

  • Техника қауіпсіздігі ережелері


Бағдарламалау тілі (орыс. язык программирования; гр. programme - нұсқау, хабарлау) - хабарларды есептеуіш машиналардың көмегімен сұрыптайтын жасанды тілдер тобы.

Бағдарламалық тілдерде символдарды бірізділікпен өңдеуге қажет мәтіндер алдын ала жазылып кояды, мәтіндерді бұйрықты тапсырма деп қарауға болады. Семантикалық шарттары бойынша мәтіндер мынадай деңгейлерде сұрыпталады: дербес мағынасы жоқ әліпби таңбалары; шағын тіл бірліктерінің екі жақты атаулары; мағынасы бұйрық түрінде емес атаулардың қосындысын білдіретін сөйлемшелер; белгілі әрекетті білдіретін (бұйрық мағынасында) синтаксистік құрылымдардан тұратын операторлар тағы басқа. Бағдарламалық тілдердің өзіне тән сипаты-символдық, сөздік, сөйлемдік, мәтіндік деңгейлердің ара жігі белгісіздігінде мәтіндерді жазып, ЭЕМ-ге енгізуде ондағы жетімсіздік басқа символдармен толықтырылады. Мысалы, (СОТО сөйлемшесі бір символ, бір сөз немесе бір сөйлем болып есептелуі мүмкін. Бағдарламалық тілдер қолданылу тұрғысынан екіге бөлінеді: алгоритмдік әр түрлі типтерді алдын ала жазуға болатын универсалдық бағдарламалық тілдер және неғұрлым шағын мақсатты жүмыстарға (модель жасау, мәтінді автомат өңдеу, белгілі бір процесті басқару) арналған мамандандырылған бағдарламалық тілдер. Бұлардың ішінде ЭЕМ-мен пайдаланушының қарым-қатынасын дамытуда диалогтік бағдарламалық тілдер маңызды орын алады. Бағдарламалық тілдердің дамуы олардың деңгейін көтеру, адам мен машинаның қарым-қатынас процесін жеңілдету, бағдарламалардың тиімділігін арттыру арқылы іске асырылып отырады. 20-ғасыр 70-жылдары бағдарламалық тілдердің жалпы саны 1 мыңға жақындады. Ең жиі қолданылатын, деңгейі жоғары тілдік бағдарламалар: фортран, кобол, ПЛ/1, алгол, бейсик, паскаль, мектепте кең тараған — паскаль тілі. Бағдарламалау тілі, бағдарламалау тілі — мәліметті (деректі, ақпаратты) және олардың алгоритмін (бағдарламасын) ЭЕМ-де өңдеуге арналған формальды (жасанды) тіл. Бағдармалау тілінің негізін алгоритмдік тіл құрайды. Алғашқы Бағдарламалау тілі ішкі машиналық тіл болып есептеледі. Қазіргі Бағдармалау тілі машиналық-бағдарланған, процедуралық-бағдарланған және проблемалық-бағдарланған тілдер болып ажыратылады. Машиналық-бағдарланған Бағдармалау тілі өзінің мәліметтерінің түрі мен алгоритмінің құрылуы бойынша белгілі бір ЭЕМ-нің (не ЭЕМ класының) құрылымын бейнелейді. Мұның үстіне оның бағдарламалау процесін жеңілдету және автоматтандыру сияқты ерекшеліктері бар. Ол машиналық тілге жақын тіл. Машиналық-бағдарланған бағдармалау тіліне автокод, алмо, эпсилон, т.б. тілдер жатады.



Процедуралық-бағдарланған бағдармалау тілі

Процедуралық-бағдарланған бағдармалау тілі — белгілі бір мәселелер класын шешу бағдарламасын сипаттауға арналған тіл. Бұл тілде мамандар кәсіптік терминдер түрінде ЭЕМ үшін тапсырмалар құрастыра алады, әрі онда мәселені шешу үшін орындалатын нақты қадамдар міндетті түрде көрсетіледі. Мұндай тілге фортран, Паскаль, алгол, ПЛ1, кобол, бейсик, дельфи, СИ, С# т.б. жатады. Мұның ішінде фортран ғылыми-техникалық есептерді шығару үшін, Паскаль өндіріс пен оқуда, бейсик дербес компьютерде жұмыс істеу үшін, т.б. әр түрлі мақсатта қолданылады.


Проблемалық-бағдарланған бағдармалау тілі

Проблемалық-бағдарланған бағдармалау тілінде функциялық терминдер ЭЕМ-ге орындалу реті көрсетілмей-ақ беріледі. Мұндай тілге әр түрлі қолданбалы бағдарламалар тобын (пакетін), ақпарат-іздеу жүйесінің сұраныстарын жатқызуға болады. Бағдарламаны сипаттаудың толықтығына қарай Бағдармалау тілі төменгі және жоғарғы дәрежелі Бағдармалау тілі болып бөлінеді. Төменгі дәрежедегі Бағдармалау тіліне нұсқау беру кезіндегі қадамдардың толықтығы тән. Мұндай тілдер әдетте машиналық тілге жақын болып келеді. Бұл ЭЕМ-ге берілетін тапсырмадағы кәсіптік қызметте пайдаланылатын терминдердің қысқа әрі сиымды берілуіне мүмкіндік береді. Қазақстанда Паскаль, дельфи, СИ, С# ассамблер бағдарламау тілінде көптеген жаңа бағдарламалар жазылды. Олар республикада кеңінен пайдаланылып, шет елдерге де сатылды.



Техника қауіпсіздігі ережелері

Техника қауіпсіздігі ережелерін келесі топ бойынша бөлуге болады:



  1. Жалпы ережелер

  2. ДК –мен жұмыс жасау алдындағы ережелер

  3. Жұмыс жасау барысындағы ережелер

  4. Авариялық жағдайдағы ережелер

  5. Жұмыс аяқтау барысындағы ережелер

Жалпы ережелерге келесілер жатады:

  1. Кабельдер, сымдар, розеткалар, штекерлерді түртуге, мұғалімнің рұқсатынсыз орнын ауыстыруға болмайды.

  2. Мұғалімнің рұқсатынсыз аудиторияға кіруге және шығуға болмайды.

  3. Мұғалімнің рұқсатынсыз аудитория ішінде жүруге болмайды.

  4. Ылғал қолмен немесе ылғал киіммен ДК-де жұмыс жасауға болмайды.

  5. Корпусы немесе кабельдерінің бүтіндігі бұзылған ДК-де жұмыс жасауға болмайды.

  6. ДК тұрған стөл үстіне сөмке, кітап қоюға тиым салынады. Стөл үстінде тек қаламсап пен дәптер ғана тұруы қажет.

  7. Пернетақта үстіне ештеңе қоюға болмайды.

  8. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға және де жұмыс жасап отырған жолдастарыңа кедергі жасауға болмайды.

ДК –мен жұмыс жасау алдындағы ережелер:

  1. Тоқ көзінен қосылмай тұрған ДК-ді қарап шығу қажет: корпусының бүтіндігі, кабельдерінің изоляциялануы.

  2. Кабельдер бір-бірімен айқасып, жұмыс барысында кедергі жасамай ма, байқау керек.

  3. Жұмыс орнын қолдану есебі журналында сәйкесінше жазуларды енгізу.

Жұмыс жасау барысындағы ережелер:

  1. ЕТ жұмыс жасау барысында экраннан оптимальды қашықтықты сақтау керек (60-70 см). Минимальды қашықтық – 50 см.

  2. Сабақ барысында сыныпқа кірген мұғалім немесе басқа адамдарға оқушылардың тұруына қажет емес.

  3. Егер көзіңіз шаршаса, жұмыс орныңыздан тұрмай-ақ, көз шаршауын басатын жаттығуларды жасауға болады.

  4. Оқушылар электр тоғымен зақымдануда бірінші медициналық көмекті көрсетуді, өртсөндіргішпен жұмыс жасай білу және өртті сөндіру әдістерін меңгеруі қажет.

  5. Оқушылар көз шаршауын басатын жаттығуларды білулері қажет.

Авариялық жағдайдағы ережелер:

  1. Егер жұмыс барысында ДК-дің бұзылу; яғни, жағымсыз иіс немесе түрлі дыбыс байқасаңыз, онда тез ДК – ді өшіріп, ол туралы мұғалімге хабарлаңыз.

  2. Қажетті жағдайда өртті сөндіруге көмек беруге болады.

  3. Электр тоғынан зардап шеккен адамға бірінші медициналық көмек көрсету керек.

  4. Өртті сумен өшіруге болмайды. Тек құм немесе өртсөндіргішті қолдану қажет.

  5. Егер электр тоғынан зардап шеккен адам электр тоғы әсерінде болса, оны жалаң қолмен ұстауға болмайды. Электр өткізгіш болып табылмайтын материалдарды қолданып, зардап шеккен адамды босатуға болады.

Жұмыс аяқтау барысындағы ережелер:

  1. Мұғалімнің айтуынша компьютерді өшіру қажет.

  2. Жұмыс орнында тазалық жүргізу.

  3. Жұмыс орнын пайдалану есебі журналында сәйкесінше жазулар енгізу керек.

Бірінші медициналық көмек көрсету

Электр тоғымен зақымданғандағы көмек көрсету:

  1. Тоқты өшіру.

  2. Электрөткізгіш болып табылмайтын материалдарды пайдаланып, электр тоғының әсерінен зақымданған адамды босату.

  3. Зақымданған адамды қарап шығу, денесі күйіп қалған жағдайда көмек көрсету.

  4. Жедел жәрдем шақыру (мектеп медпункті).

Денесі күйіп қалған жағдайда көмек көрсету:

  1. Тыныштандыратын дәрі беру (анальгин, валерианка)

  2. Күйік болған жерге мазь жағу.

  3. Күйік алған жерді целофанмен орап, суық суға салу.

  4. Жедел жәрдем шақыру.

Талып қалған жағдайда көмек көрсету:

  1. Талған адамды тегіс жерге арқасымен жатқызу, басын артқа қарай шалқайту керек.

  2. Жедел жәрдем шақыру.

Тынысы тоқтап қалған жағдайда көмек көрсету:

  1. Аузын ашып, тілін тексеру керек, егер тілі кетіп қалса, оны орнына келтіру.

  2. Тынысы қалыпты жағдайға келгенше немесе дәрігерлер келгенше, жасанды тыныс алдыруды жасау.

  3. Жедел жәрдем шақыру.

Көз шаршауын басатын жаттығулар:

Компьютер алдында біріңғай жұмыс жасау көздің шаршауына әкеліп соғады. Сондықтан да, жұмыс жасау барысында 1-2 мин көзге арналған жаттығуларын жасап тұру қажет.





    1. Ұзақ жаққа – мұрын ұшына, оңға-солға, жоғарыға-төменге қарау.

    2. Көзді сағат тілі бойынша шеңбер бойынша қозғалту.

    3. Көзді жұмып, оны қолмен жауып, 1-1,5 минут отыру керек.

Жалпы шаршағанды басу жаттығулары:



    1. Сағат тілі бойынша және керісінше басты бұру.

    2. Оңға-солға бұрылу.

    3. Саусақтарды жұдырыққа түйіп, қайта босату.

Керілу және созылу.
Бақылау сұрақтары:

  1. Авариялық жағдайдағы ережелеріне түсінік беріңіз

  2. Жұмыс аяқтау барысындағы ережелері қандай?

  3. Бағдарламалау тілі дегеніміз не?

  4. Процедуралық-бағдарланған бағдармалау тіліне қандай тілдер жатады

  5. Проблемалық-бағдарланған бағдармалау тіліне андай тілдер жатады


Әдебиет:

Н-1. Павловская Т.А. ИНТУИТ С# Программирование на языке высокого уровня СБП: Питер 2016 2-е издание исправленное

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет