Пәні: химия
Сыныбы: 9 «А»
Сабақ жоспары:
Сабақтың тақырыбы: Фосфор және оның қосылыстары.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға фосфордың аллотропиялық түр өзгерістері, табиғаттағы маңызы мен химиялық қасиеттері туралы түсінік беру. Оқушыларды ізденуге, тез ойлануға, алғырлыққа, тапқырлыққа, есептер шығаруға үйрету Логикалық ойлау, ой шақыра білу, жеке, топтасып жұмыс істеуге дағдыландыру.
Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту мақсатында PISA бағдарламасы тапсырмаларын орындай отырып, фосфор мен оның қосылыстары туралы мағлұмат беру
Табыс критерийлері:
Оқушылардың жалпы фосфор элементі туралы түсініктері бар.
Фосфордың адам өміріндегі және табиғаттағы маңызы туралы түсініктері бар.
Ресурстар: электрондық оқулық, вертуалды зертхана, фосфордың түрлері, зертханалық тәжірибеге қажетті құралдар, постер, маркерлер.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
- сабаққа психологиялық әзірлік;
- сабаққа сәттілік тілейміз;
Жаңа тақырып түсіндіру.
Фосфор және оның қосылыстары.
Химиялық таңбасы-Р
Реттік нөмірі-15
Салыстырмалы атомдық массасы-31.
Атом құрылысының электрондық формуласы:
1s2s2p3s3p.
Фосфор периодтық жүйеде азотпен бір топта орналасқан.Сондықтан атомдарының электрондық құрылысында ортақ қасиеттер бар. Ең алдымен, олардың сыртқы электрондық қабатындағы электрондар саны бірдей.Осыған байланысты олар бірдей тотығу дәрежелерін көрсетеді: төменгісі-3., жоғарғысы +5, т.б. Көптеген қосылыстарының формулалары да ұқсас.
Мысалы:
Азот: NH N O HNO
Фосфор: PH P O HPO
Бірақ фосфор атомының радиусы азот атомының радиусынан екі есеге жуық үлкен. Бұл олардың қасиеттеріндегі біраз айырмашылықтарды түсіндіреді: фосфор молекуласы азот молекуласындай тұрақты екі атомды болмайды, себебі атомның өлшемі үлкен болғандықтан, бірнеше атомның электрон бұлттарының қаптасу мүмкіндігі бар, яғни көп атомды молекула түзіледі. Демек, фосфор кәдімгі жағдайда азот тәрізді газ емес, қатты күйде болады.
Жаңа тақырыпты оқушылар коллаборативті шешу арқылы әрі қарай өз беттерінше талдап түсіндіреді.
(Оқушыларды қатырма қағаздың түсі арқылы топқа бөлінеді)
Әр топ өздерінің ережелерін құрып, топ ішіндегі міндеттерін тағайындайды.
-көшбасшы
-хатшы
-уақыт есептеуші (таймер).
Топтарға берілетін тапсырмалар:
І-топ «Фосфордың аллотропиялық түрөзгерістері»
Ресурстары- аллотропиялық түр өзгерістер, постер, кейс.
ІІ-топ «Табиғатта кездесуі және маңызы»
Ресурстары-тыңайтқыштардың жиынтығы, дәрі- дәрмектер, сіріңке қорабы, постер,кейс.
ІІІ-топ «Химиялық қасиеттері»
Ресурстары-фосфор, спирт шам, шыны қалпақша және тығын, постер, кейс.
Топтардың жұмысына «кейс» технологиясы қолданылады.
Топтық жұмысына көшбасшылары баға береді және бағалау қағаздарына қойылады.
Тақырыпты бекіту мақсатында бейна жазба ұсынылады (5 минут).
PISA халықаралық зерттеу аясында «фосфор оның қосылыстары» тақырыптарын қолдана отырып, оқушылардың ғылыми-жаратылыстану функционалдық сауаттылығын дамыту
Әр топқа фосфор тақырыбына байланысты тапсырмалар беріледі.
І-тапсырма:
Ойлан тап.
Ерте заманда Менделеев деген
үлкен қалада фосфор деген
бір тентек бала болыпты. Ол көп
қабатты үйдің 2-қатарында тұрады екен.Ол басқа көршілерімен жақындасса, жана бастайды. Ол бір күні ерігіп отырып “мен күштімін бе, әлде әлсізбін бе” деп өзін сынамақ болып, төменгі қабаттан бастап, жоғарғы қабатқа дейін көтеріліп, аралап шықпақшы болады.Ол бірінші қабаттағы үйдің есігін қағып үйге енеді. Үйдегі сутегімен қосылып одан да тентек, тұрақсыз балаға айналады.
2-тапсырма:
Мағынаны тану
Фосфор суға малынып жүріп қатты тоңады. Жылыну үшін екінші қабаттағы №6 пәтердің есігін қағады. фосфор осы пәтердің иесімен қосылып жылынып,жанып, жарық бөледі
3-тапсырма:
Қатты шатырлаған дауыстан шошып,ол үшінші қатарға қашады. Алдында №15 пәтердің есігі ашық тұр екен фосфор осында енеді. Бөлме іші көз қаратпайтын жарық болып, ашық жалынмен жана бастайды, бөлме қабырғалары ақ түтінге толады.
Жұмыстары бағаланады.
Сергіту сәті (2 минут)
Тақырыпты қорытындылауға арналған тапсырмалар:
Бағалау.
Үйге тапсырма беру.
Кері байланыс. Рефлексия.
Сабақтың соңы.
Достарыңызбен бөлісу: |