Қолданылған әдебиеттер: Жаңа информациялық технологиялар: Е.Қ.Балапанов; Б.Б.Бөрібаев; А.Б.Дәулетқұлов
Құрал-жабдықтар: дербес компьютер, интерактивті тақта, Power Point бағдарламасында жасалған слайдтар, тапсырма жазылған парақтар.
|
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
Ұйымдастыру бөлімі (3 мин)
Студенттермен сәлемдесу
Сабаққа қатыспаған студенттерді белгілеу
Жұмыс орындарын сабаққа дайындау
Кіріспе нұсқау (40 мин)
Студенттерге жаңа тақырыпты хабарлау
Алдыңғы тақырып бойынша үйге берілген тапсырманы сұрау
Сабақтың мақсаттарын хабарлау
Қазіргі уақытта компьютерге кез келген операциялық жүйеден жұғатын және желілер арқылы таралатын көптеген вирустар белгілі. Компьютерлік программаларға қатысты «вирус» атауы өздігінен көбею қабілетіне ие белгілері бойынша биология пәнінен белгілі.
Компьютерлік вирус – өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар, ол компьютер жадысында сақталатын программалар мен файлдарды құртуы, жоюы жөне компьютерді істен шығаруы мүмкін.
Мекендеу ортасына қарай вирустарды былай бөлуге болады:
Вирустардан қорғану үшін компьютерге орнатып және оқтын-оқтын жаңалауды қажет ететін вирусқа вирусқа қарсы арнайы программалар пайдаланылады. Вирусқа қарсы программалардың жұмысы файлдар мен программалардағы вирустарды жою және диагностикадан тұрады.
Қазіргі кезде вирусқа қарсы программаларды бірнеше түрге бөлуге болады:
Компьютерлік вирустармен күресу үшін вирусқа қарсы (антивирустық) программаларды тұрақты түрде жаңалап тұру қажет.
Есіңізде болсын!!!
Компьютерлік вирустардың бағдарламасын жазатын «бағдарламашылар» немесе хакерлер қорғау құралдарын жеңу және бөтен компьютерлерге кіру үшін тұрақты түрде жаңа вирустардың бағдарламасын жазады. Бірақ мұндай әрекет заң жүзінде қудаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |