Сабақтың мақсаты: Білімділік: «Батыр Баян» поэмасының тақырыптық-идеялық мәнін және көркем-бейнелік құрылымын талдай білуге үйрету; поэманың мазмұндық, жанрлық-стильдік ерекшеліктерін таныту; ақынның характер ашу шеберлігін таныту.
Дамытушылық:әр студенттің өзіндік қиялына ерік бере отырып, бейнелі ойлауға, кейіпкер әрекеттерін талдап,өзінше ой түйіндеуге баулу.
Тәрбиелік: ақынның үздік туындысы «Батыр Баян» поэмасы арқылы Отанын, туған жерін, халқын сүюге, намысты болуға, батырлық пен батылдыққа тәрбиелеу.