Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады.
I кезең - оқып үйрену;
II кезең - меңгеру;
III кезең - өмірге ендіру;
IV кезең – дамыту:
В.П. Беспалько педагогикалық технологияны практикада жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы ретінде қарастырады:
Технология нақты күтілетін нәтижеге кепілдік беретін педагогикалық бағдар мен құндылыққа негізделеді. Технология жеке тұлғаның дара, дербес ерекшеліктерін ескеретін мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланысқан іс-әрекеттер қызметін көздейді. Педагогикалық технология – жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына толық мүмкіндік беретін біртұтас педагогикалық процестің барлық дара, инструменталдық және әдістемелік құралдарының қолдану реті мен жиынтығының жүйесі, жобасы. Ғалым Л.А.Чепляева өзінің зерттеуінде оқыту технологияларын жүзеге асыруда тұлғаның төмендегідей сапалық ерекшеліктерін ұсынады:
танымдық процестердің жүзеге асу ерекшеліктері: ойлау, зейін, елестету, қабылдау, зерделеу, сөйлесу; жеке тұлғаның әлеуметтік типінің ерекшеліктері: жоғары нерв жүйесінің типі, темперамент, мінез, күш-жігер (интеллектілік, адамгершілік, мәдени, іскерлік және т.б.).
жеке тұлғаның әлеуметтік типінің ерекшеліктері: жоғары нерв жүйесінің типі, темперамент, мінез, күш-жігер (интеллектілік, адамгершілік, мәдени, іскерлік және т.б.).
2 -кестеде «әдістеме» мен «технология» ұғымдарының салыстырмалы сипаттамасы берілді. Оқыту технологиясы оқыту әдісі мен ұйымдастыру формасын қамтитын дидактикалық негіз бен әдіс пен құралдарды қамтитын педагогикалық техникадан тұратын жүйе болып табылады.
Кесте 2 - «Әдістеме» мен «технология» ұғымдарының салыстырмалы сипаттамасы
Оқыту технологиясы – практикада жүзеге асырылатын оқыту іс-әрекетінің оңтайландырылған жобасы. Педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамалары. Педагогикалық технологиялардың қызметтері. Қазіргі педагогикалық технологияларды әр түрлі тұрғыдан жіктеу. Педагогикалық технологиялардың түрлері.
Оқыту процесі мен оның нәтижесіне оқушының ақыл-ойының даму деңгейі тікелей әсер етеді. Ақыл-ойдың даму деңгейін анықтау критерийлеріне оқу жетістігі, білімді қабылдау жылдамдығы мен сабақтағы оперативті түрде лезде, адекватты жауап берулері және т.б. жатады. Сол себепті оқу технологиясының негізіне оқушылардың танымдық қызығушылық аспектілері алынады.
Педагогикалық технологияның ерекшелігін айқындайтын сапалық қасиеттері: диагностикалық болжау; нәтижелігі; тиімділігі; жоспарланушылығы; біртұтастық; басқарушылығы; түзетушілігі; оңтайлығы; қайталанушылығы және т.б. Педагогикалық технологияларды қолдау деңгейіне, философиялық негіздемесіне, ғылыми тұжырымдамасына, құрылымы мен мазмұнына қарай жүйелеуге болады
Оқушы іс-әрекетін белсендіруге негізделген педагогикалық технология Оқыту процесін тиімді ұйымдастыру және басқаруға негізделген педагогикалық технология Оқу материалын дидактикалық-әдістемелік жетілдіруге негізделген педагогикалық технология
Педагогикалық технология алға қойған мақсатқа жетуге толықтай кепілдік беретін педагогикалық жүйенің әртүрлі компоненттерінің қызметін жүйелеу және талдауға негізделген диагностикалық болжау;
педагогикалық процестердің тиімді жүзеге асырудың нәтижелігі; аз ғана уақыт ішінде оқыту мен тәрбиелеудің көзделген мақсатына жету мен педагогикалық процесті оңтайландырудың тиімділігі;
кезең-кезеңімен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін педагогикалық жүйені жеке бөліктерге жіктеуге мүмкіндік беретін алгоритмділігі;
педагогикалық нобайларды жоспарлауға және құрастыруға мүмкіндік беретін жоспарланушылығы;
педагогикалық іс-әрекеттің барлық компоненттерін бірлікте қарастыратын біртұтастық;
педагогикалық процесті жоспарлау, ұйымдастыру, басқару және бақылау мүмкіндігін көздейтін басқарушылығы;
нақты белгілі бір мақсатқа бағытталған тұрақты кері байланыстың болуын қамтамасыз ететін түзету-реттеушілігі;
әртүрлі аудиовизуалды және электронды есептеуіш техниканы, сондайақ оқу мен тәрбиелеудің өзге де құралдарын пайдаланудың визуалдылығы.
Білім берудің жаңа парадигмасы жеке тұлғаның құзыреттілігі, эрудициясы, мәдениеттілігін және шығармашылық бастауын басты назарда ұстайды.
Достарыңызбен бөлісу: |