ОҚО Ордабасы ауданы
Шұбарсу ауылы
«Ынтымақ» негізгі орта мектебі
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің райларын қайталау
Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушылардан етістіктің райларынан алған теориялық білімдерінің деңгейін бақылау;
дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, танымдық деңгейін дамыту;
тәрбиелік: сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, адамгершілікке, туған жерді, тарихын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жинақтау сабағы
Сабақтың түрі: топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Плакатар, маркер, кесте
Оқытудың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеп, сабаққа
дайындығын тексеріп, сыныпты 4 топқа бөлу.
ІІ Үй жұмысын тексеру
ІІІ Жаңа сабақ :
Оқушыларды 4 топқа бөліп, әр топқа райлардың аты (Ашық рай, Бұйрық рай, Шартты рай, Қалау рай) беріледі. Әр топқа плакатқа жазылған FILA кестесін беремін. Әр топ FILA кестесін толтырып, топтың топ басшысы жазғандарын қорғап шығады. Әр топқа өз топтарының атын қорғау тапсырылады.
FILA кестесі (факт, идея, логика, аргумент)
Рай туралы нақты мәлімет жаз
|
Рай туралы пікіріңді жаз
|
Сұрақтар дайында
|
Іс-әрекет жоспары
|
|
|
|
|
Дайындаған сұрақтарын топтарға қояды. Қалған топтар жауап береді.
Сабақты бекіту: FILA кестесін қорғап болғаннан кейін, 194 - жаттығуды әр топ орындайды.(Шығармашылық ізденіс жаттығуы). Өздерің қалаған тақырыпта етістіктің шақ, рай түрлерін келтіре отырып, «Ал бір ой толғасам...» деп басталатын мәтін құраңдар.
Әр топ өздерінің жазған мәтіндерін оқып, қандай шақ, райларды пайдаланғандарын айтып өтеді.
Сабақты қорытындылау:
Сонымен рай дегеніміз не? Неше түрге бөлінеді? Әрқайсысының ережесіне тоқталып өтіңдер.
Үйге тапсырма: 193-жаттығу. Мәтіннен етістіктерді тауып, оларды рай түрлеріне қарай талдаңдар. Рай түрлерін қайталау.
Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |