Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: Жарық табиғаты. Жарықтың таралуы. Сабақтың мақсаты



бет2/8
Дата25.08.2017
өлшемі0,87 Mb.
#27250
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8


ІІІ. Жаңа сабақты баяндау:


Теориясы:

«Білу» тапсырмалары.

Кім? Не? Қалай? Қашан? Қандай?


ІІ-кезең

Бос орынға қажетті сөздерді жаз.

  1. Оптика – жарықтың таралу заңдылықтарын, оның заттармен өзара әрекеттесу процестерін және жарықтың табиғатын зерттейтін физиканың саласы.

  2. Геометриялық оптика – жарықтың табиғатын қарастырмай оның тек таралуын ғана зерттейтін оптиканың бөлімі.

  3. Жарық- жеке кванттар түрінде сәуле шығаратын және жұтатын электромагниттік толқындар.

  4. Жарық сәулесі- бойымен жарық энергиясы таралатын немесе толқын шебіне перпендикуляр жүргізілген және толқын ұйытқуының таралу бағытын көрсететін сызық, біртекті ортада түзусызық бойымен таралады.

  5. Жарық сәулесі жарық көзінен шығады.

  6. Жарықтың вакуумдегі таралу жылдамдығы .

  7. Жарықтың тәуелсіз таралу заңы: Жарық сәулелері бір-бірімен кездескенде әрқайсының әрі қарай таралуына әсер етпейді.

  8. Сәулеленудің түсі оның жиілігімен анықталады яғни әрбір түстің сәйкесінше өз жиілігі бар.

  9. Ферма принципі: Жарық кеңістіктің бір нүктесінен екінші нүктесіне ең аз уақыт кететін жолмен жүріп өтеді.

  10. Көлеңке - мөлдір емес дененің артындағы кеңістіктің жарық энергиясы түспейтін аумағы.




«Түсіну» тапсырмалары.


Сұраққа жауап бер?

  1. Неліктен жарық жылдамдығын анықтау қиын?

Жауабы: Себебі жай көзбен бақылағанда ол лезде таралады. Жарық жылдамдығын анықтау үшін үлкен арақашықтық қажет.

Жарық жылдамдығын анықтауды Физо(зертханалық әдіс), Ремер(астрономиялық әдіс), Майкельсон тәжірибелерін түсіндіру.



«Талдау» тапсырмалары.


Венн диаграммасын толтыр

Электромагниттік теория Кванттық теория








Теориясы:

«Жинақтау»

жеке кванттар түрінде сәуле шығарады және жұтады




жылдамдығы


көлеңке пайда болады


электромагниттік толқын




оптика

сәулеленудің түсі оның жиілігімен анықталады

түзусызық бойымен таралады



кеңістіктің бір нүктесінен екінші нүктесіне ең аз уақыт кететін жолмен жүріп өтеді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет