1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
Б
|
С
|
С
|
А
|
А
|
Б
|
Б
|
С
|
Б
|
С
|
Оқушыларға бағалау парағы арқылы өздерін бағалайды.
ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Тапсырма 1 (3 минут): Көрініске қарап сабақтың тақырыбын анықтау.
Көрініс:
-Тағы оқу, оқу! Бір элементтің аз көбінде қандай айырмашылық бар? Жер бетінен мүлдем жоғалып кетсе де болар еді. Бірақ, бұндай ғажайыптар қайдан болсын?
-Сен неге солай ойлайсың, Жанымгүл, ғажайыптар бар.
-Сіз кімсіз?
-Мен қарапайым сиқыршымын. Есімім Хаттабыч, мен жайлы естідің бе?
-Жоқ. Сіз неге келдіңіз? Мен сізді шақырдым ба?
-Әрине, кім элементтің жер бетінен жоғалуын сұрады? Кім химиядан үй жұмысын орындағысы келмеді?
-Жоқ... Мен жай ғана ол жайлы ойлаған болатынмын.
-Сенің жай ойлағаның менің келуім жаткілікті. Енді ол элементті жою керек!
-Тоқта Хаттабыч, асықпа, мен ойланайын.
-Бұнда ойланатын несі бар?! Қазір бір сақалымды жұлып, сиқырлы сөзімді айтсам болды «трах-тиби-дох-тох-тох» бәрі дайын болады.
-Тоқта Хаттабыч! Алдымен ол элемент жайлы мәліметтерді біліп алуымыз керек.
-Мәлімет дайын!
-Хаттабыч, біз екеуіміз қылмыс жасай жаздадық!
-Не болды қызым?
-Көзіңе елестетіп көрші, ол элемент жоғалғанда не боларын.. Таңертең тұрып айнаға жақындасаң – айна жоқ. Көзілдірік тағайық десек, көзілдіріктің көздігі жоқ.. Шай ішейік десек, кесе жоқ. Бұл элементсіз жерде өмір сүру, мүмкін емес.
-О қызым, бұл жайлы қалай білдің?
Достарыңызбен бөлісу: |