Пән: Физика және астрономия класы: 7а, 7ә қазақ күні:
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Масса және заттың тығыздығы.
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: Массалары бірдей, көлемдері әртүрлі және көлемдері бірдей массалары әртүрлі денелерді салыстыру және бақылау, «Тығыздық», «Масса» ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру, есеп шығару барысында ρ=m/v формуласын пайдалана алуға үйрету.
Тәрбиелік: Табиғат туралы ғылым ретiнде физикаға ынталандыра түсу.
Дамытушылық: Оқушылардың талдау, жалпылау, қорытынды жасай алу құзырлығын және теориялық білімдерін практикада қолдана алу дағдысын қалыптастыру.
-
ГЛОСАРИЙ
|
Қазақша
|
Орысша
|
Ағылшынша
|
Көлем
|
Объем
|
Volume
|
Масса
|
Масса
|
Weight
|
Тығыздық
|
Плотность
|
Density
|
Оқыту әдісі: түсіндірмелі-иллюстративті, практикалық
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Көрнекіліктер: кеспелер
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсат, міндеттері
Оқушыларды жаңа білімді қабылдауға дайындау
Жаңа сабақта түсіндіру.
Сабақты бекіту.
Сабақты қорыту. Зертханалық жұмыс №3
Үй жұмысы
1. Оқушы алдына сабақтың мақсат, міндеттерін қою.
2. Физиканы оқуға кiрiсерде, бiздененің сапалық қасиетін сипаттайтынматерияның түрі затпен таныстық. Бәрiңiз еске сақтаңыздар – барлық физикалық денелер заттардан тұрады.Бiз зат туралы не бiлетiнiмiздi еске түсiрейiк.
а) Заттың агрегаттық күйлерін атаңдар.(қатты, сұйық, газ)
б) Кез- келген заттың күйін қалай ажыратамыз.(молекулалардың орналасуына және олардық қозғалысына қарап)
в) Сiз дененiң көлемін қалайша бiле алар едіңіз?(дененің ұзындығын, енін, биіктігін өлшеу арқылы және өлшеуіш цилиндрді пайдаланып) Бұл физикалық шама қандай әріппен белгіленеді?(V) Оның өлшем бірлігі қандай? (м3)
г) Дененің массасын анықтай аласыз ба?(иә, таразыға өлшеу арқылы) Бұл физикалық шама қандай әріппен белгіленеді?(m) Оның өлшем бірлігі қандай? (кг)
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
Әрбiр дененің өз өлшемдерi және массасы болады – бұл тұжырым ешкімге күмән тудырмайды; дененiң массасы өлшемге ғана емес, ол қандай заттан тұратынына тәуелдi болады.
Кішігірім зертеу жүргізейік (демонстрациялық столға оқушы шақырылады, ол демострациялық столда кішігірім зерттеу жүргізеді) сіздердің алдыңызда көлемдері бірдей екі зат берілген, таразының көмегімен массаларын салыстырып, қорытынды жасаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |