Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Фото ісі Сабақ тақырыбы



бет1/3
Дата18.02.2017
өлшемі0,93 Mb.
#10367
түріСабақ
  1   2   3
АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ

«Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна



Пәні: Фото ісі

Сабақ тақырыбы: Фото суретті түсірудегі ракурс.
Сабақтың мақсаты: Оқушының өзінің болашақ кәсібінің мәні мен әлеуметтік маңызын ұғыну, оған табанды түрдегі қызығушылығын көрсету. Оқушылардың ғылыми дүниетанымдық негізін қалыптастыру, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Ракурс таңдауды үйрету.

Білімділік: Өзінің еңбегінің ғылыми түрде ұйымдастыруға қабілеттілігін көрсетуге меңгерту.

Дамытушылық: Тірек конспект жазып, ауызша сипаттама жасауға дағды қалыптастыру. Қосымша материалдар арқылы интеллектуалдық деңгейін көтеріп, оқушының пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілеттері мен таным ерекшеліктерін дамыту мақсатында сан алуан тақырыптық фото суреттер түсіруге, түрлендіруге баулу.

Тәрбиелілік: Оқушыларды шығармашылық пен ізденімпаздыққа, түстік ерекшеліктер мен ракурсты таңдауға мән беру арқылы қолдану тәсілдерін дұрыс меңгеруге және эстетикалық талғамын арттыруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ, жарыс сабақ.

Сабақтың тегі: сұрақ - жауап, жаңа сабақты бекіту.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, тақырыптық слайд, қосымша әдебиеттер, дидактикалық материалдар, фотосуреттер, ракурс үлгілері, сөзжұмбақтар т.б.
Пәнаралық байланыс: Сурет, Кескіндеме, Композиция.
Қолданылған әдебиеттер: Кантен Бажак «История фотографии, Возникновение изображения», Москва АСТ-Астрель, 2006г. Оқу-әдістемелік құралдар. Ғаламтор сайттары.

Сабақтың құрылымы:

  1. Сабақты ұйымдастыру

  • оқушылармен амандасу

  • оқушыларды түгендеу, аудитория дайындығын тексеру

  • оқушыларды екі топқа бөлу




  1. Оқушылар білімін бақылау (оқушылардың білімін тексеру үшін үйге берілген «Фотосуреттердің шығу тарихы, фототехника құралдары», «Қазіргі кездегі фотожанрлар мен тақырыптық фото түсіру» тақырыбы бойынша «Фотокамера» сөзжұмбағы және «Кім шапшаң, кім тапқыр?» ойыны өткізіледі, бірінші болып қол көтеріп жауап берген топқа 5 ұпай жұлдыз беріледі.)

  • Ауызша сұрау

  • Сөзжұмбақтар шешу


Сөзжұмбақ «Фотокамера»




















1

Ф

о

т

о

а

п

п

а

р

а

т



















2

О

б

ъ

е

к

т

и

в
















3

Э

й

н

ш

Т

е

й

н































4

ф

о

т

О

м

о

н

т

а

ж










5

о

п

т

и

К

а


































6

Г

А

л

и

л

е

й







7

ф

о

т

о

х

и

М

и

я






















8

б

е

й

н

Е

і

з

д

е

у

і

ш




9

о

к

у

л

я

Р






















10

м

а

т

р

и

ц

А

























  1. Нәрсенің оптикалық кескінін фотопленканың, фотоматериалдың жарық сезгіш қабатына түсіруге арналған оптикалы-механикалық құрылғы? (Фотоаппарат)

  2. Нысанның төңкерілген шын кескінін қалыптастыратын дербес оптикалық жүйе және фотоаппаратта шешуші әрі аппарат үшін ең күрделі деталь? (Объектив)

  3. 1905 жылы фотоэффект құбылысының негізгі заңдарын түсіндірген, фотоэффект құбылысы жарық табиғатындағы екіжақтылықты, толқындық және корпускулалық қасиеттерді көрсетіп, 1916 жылы еріксіз сәуле шығару теориясын жасаған ғалым? (А.Эйнштейн)

  4. Фотография бейне жасау мақсатымен фотосуреттердің белгілі бір ортақ тақырыпқа топтастырылып берілуі не деп аталады? (Фотомонтаж)

  5. Фотография процесіндегі физиканың сәуле (жарық) шығару табиғатын, жарықтың таралуын және оның затпен әсерлесу құбылыстарын зерттейтін бөлімі? (Оптика)

  6. Алғашқы окулярды көру түтігінің бір бөлігі ретінде (1609ж) жасаған кім? (Г.Галилей)

  7. Фотографияның негізінде жатқан процестер оптика мен химияның шекарасындағы сала? (Фотохимия)

  1. Объекті фотоға түсіруді таңдау жүйесі қалай аталады? (Бейнеіздеуіш)

  2. Оптикалық жүйенің обьектив беретін оптикалық шын кескінін үлкейтіп көрсетуге арналған бөлігі? (Окуляр)

  3. Объективтен жіберілген оптикалық суретті сандық форматқа ауыстыруға арналған бөлігі? (Матрица)


«Кім шапшаң, кім тапқыр?» ойыны:
Кім жылдам табады,
Фотосурет бейнесін
Бір - бірімен суреттер табу керек үйлесім
Быт-шыт болып шашылған,
Құрайды екен кім жылдам? – деген шумақтармен «Кім шапшаң, кім жылдам?» ойынын

бастап, үй тапсырмасы бойынша тақырыптық фото түсіру түрлерін есімізге түсірейік.

(Әр оқушыдан жеке-жеке тұрғызып сұрау. Жауабы: Сәулет, аэротүсіру, хайуанаттар, атақты адамдар, коллаж, ғарыш, макросъемка, сән, натюрморт, ню, су астындағы түсірілім, саяхаттау, жарнама, үйлену тойды түсіру, көркем фотосурет, концерттерді түсіру, түндегі түсірілім, спортты түсіру, сахна көрінісін түсіру, портретті түсіру).

Олай болса осы тақырыптар бойынша 2 топ қиылған фото суреттерді құрастырып, сол суреттің қандай тақырыптық фото түсіріліміне жататындығын атап және фотосурет бойынша өз ойын айтып шағын әңгіме құрастыру керек.


Тапсырма:

I топқа: «Коллаж»


II топқа «Спортты түсіру»

1-ші топ тапсырмасы 2-ші топ тапсырмасы






  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет