Биология пәнің
мұғалімі:Газизова Х.К
Сілтеме
|
Сабақ жоспары
|
Сыныбы: 8 сынып
|
Сабақ-29
|
Күні
|
Сабақтың тақырыбы
|
Қан, үлпа сүйықтығы және лимфа-организм ішкі ортасының құрам бөліктері. Олардың айналымы және байланысы. Қанның құрамы: плазма және формалы элементтері - эритроциттер, тромбоциттер, лейкоциттер.
|
Жалпы мақсаттар
|
Білімділік. Қан, үлпа сүйықтығы, Қанның құрамы: плазма және формалы
элементтері - эритроциттер, тромбоциттер, лейкоциттер мен таныстыру.
Тәрбиелік Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, парасатты азамат болып
өсуге тәрбиелеу.
ДамытушылықОқушылардың ой-өрісін кеңейту,ойлау қабілеттерін дамыту,өздігінен
қорытынды жасай білуге баулу.
|
Күтілетін нәтеже:
|
Қан, үлпа сүйықтығымен, қанның құрамы: плазма және формалы
элементтері - эритроциттер, тромбоциттер, лейкоциттер мен танысады,
өз денсаулықтарын күтуді үйренеді.. АКТ-ны пайдалануды біледі; Топтық жұмыс арқылы ұжымдық жұмысқа, ұйымшылдыққа, сыни ойлауға үйренеді.
|
Сабақтың түрі:
|
Жаңа материалды меңгеру.
|
Әдіс тәсілдері:
|
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдай ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау,оқытуда АКТ пайдалану, қабілетті оқушыларды анықтау.
|
Дерек-көздері:
|
Биология 8 сынып. Ғаламтор.
|
Қажетті құралдар
|
Оқулық, интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, көздің құрылысының суреті, электрондық оқулық, флипчарт
|
Түйінді идеяла
|
эритроциттер, тромбоциттер, лейкоциттер,донор, реципиет,резус.
|
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары.
|
Кезеңдері
|
а)Амандасу, түгендеу
б)оқушылардың сабаққа қатысуын мен дайындығын тексеру
в)3-топқа бөлу (эритроциттер, тромбоциттер, лейкоциттер)
|
1.Ұйымдастыру
|
2.Ұй тапсырмасын сұрау
|
Үй тапсырмасын тексеру:
“Жүректің құрылысы. Жүректің соғысын анықтау. Жүрек қызметі”
І. “Ой қозғау”
1. Жүрек құрылысы неден тұрады?
2. Жүрек соғысын қалай анықтауға болады?
3. Жүректің қызметі қандай?
Үй тапсырмасын қорытындылау:
ІІ. «Мағынаны ашу»
№
|
Мазмұны
|
Жүрек қабықшасы
|
Жиілеу/Баяулау
|
Жүрек жұмысына әсер етеді
|
150р/мин
40-50р/мин
|
Қосымша қабық.
Бұлшықетті, жұқа, ішкі қабықша;
|
1
|
Тахикардия
|
| |
| |
|
2
|
Перикард
| |
| |
| |
3
|
Миокард
| |
|
|
| |
4
|
Эпикард
| |
|
|
| |
5
|
Эндокард
| |
|
|
| |
6
|
Брадикар
дия
|
| |
| |
|
7
|
Қақпақ
шалар
|
|
| |
|
|
|
3.Жаңа сабақ
|
Жатырда қанды емізген,
Ауызсыз қорек жегізген,
Туғызып, түзеп, өсіріп,
Өзіңді өзім дегізген
Тіршілік сүйтіп таралған «Қан-айнаның ағзасы»
. (Шәкәрім Құдайбердіұлы) (Клод Бернард)
Жоспар:
1.Қан, оның құрамы.
2.Қанның формалық элементтері және олардың қызметтері.
3.Қан топтары, қан құю
Адам қанының дене салмағы мен жасына байланысты таралу көрсеткіші
Жаңа туған балаларда – 15-20 %
Емшектегі балаларда – 13 %
15 жастағы балаларда – 8,25 %
Ересек адамда – 8,3 %
В суреті бойынша:1- эритроцит, 2-лейкоцит, 3-тромбоцит
Эритроциттер
Пішіні екіге бүктелген дискаға ұқсас қанның ядросыз жасушасы, олардың құрамы гемоглобин ерітіндісі мен оның қосындылары арқылы көрсетілген.
Жаңа туған нәрестеде орта есеппен эритроциттер 1 куб.мм. – 7,2 млн, 5-6 айлықта 4-4,5 млн. болады. 1 жастан кәмелетке толғанға дейін көбейе береді. Олар 30 күннен 120 күнге дейін өмір сүреді.
Лейкоциттер
Қанның белсенді қозғалатын ядросы бар және пішінін ұдайы өзгертіп отыратын жасушалары. 1 куб.мм. жас балалар қанында 8-11 мың, естияр балаларда – 7-10 мың, ересектерде – 6-8 мың лейкоциттер болады. Лейкоциттер – қанның ақ түйіршіктері, ядро мен протоплазмадан тұрады. Лейкоциттер 2-4 тәулік қана өмір сүре алады. Оларды қан, көк бауыр, жіліктің майы, лимфа бездері жасап шығарады. Пішіні – тұрақты емес, олар амеба сияқты өзгереді. Лейкоциттер дененің қайта жаңғыруына (регенерация), жараның бітуіне қатысады.
Тромбоциттер
Қан пластинкалары – пішіні сопақша, домалақша. Қан тамырларының қабырғасына жақынырақ орналасады. Балалар қанының 1 куб. мм-де 200-300 мың, ересектерде 300-400 мың тромбоцит болады. 150 мыңға дейін төмендеуі - тромбопение деп аталады.
Басты қызметі – қанның ұю процесіне қатысуы. Сонымен қатар тромбоциттер фагоцитозға қатысып, жалған аяқтарымен бөгде заттың бетіне жабысып, оларды бір-бірімен жабыстырады. Биологиялық заттар жасап шығарып, қажет емесін жұта да алады.
Адамға алғаш рет қан құю жұмысын 1667 жылы Жан Батист Денл жүргізген.
Қан құю схемасы
1
2I
4IIVVIV
Қан беруші-донор
Қан қабылдаушы -реципиент
3
Адамның мінезі қанының тобына байланысты ма?
І қан тобындағылар:
Мақсаткер, көшбасшы болуды сүйетін, оптимист, іскер адамдар. Өте пысық, өзіне-өзі сенімді. Басшы болуды сүйеді, болашаққа сеніммен қарайды, жүйке жүйесі мықты. Қызғаншақ, мақтағанды жақсы көреді, бірақ сынды қабылдай алмайды. Мұндай адамдар өз дегеніне жетпей қоймайды.
ІІ қан тобындағылар:
Өмір сүруге бейім, ақылды, әзілқой, еңбекқор, мұқият, адамгершілігі мол азаматтар. Тәртіпті сүйеді, қызметтен басқаның бәрін екінші орындағы нәрсе деп санайды. Бір істі бастаса, соңына дейін жеткізіп, жақсы аяқтайды. Ішкі сезімін жасыра біледі, көпшілікке қиналысын көрсетпейді. Жан сарайын ашып, құпиясын бөлісуі – өте сирек құбылыс. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары.
ІІІ қан тобындағылар:
Басқаларға қарағанда төзімді, сабырлы, түсінігі мол, аяушылық қасиеті жоғары. Өзіне жараспайтын шектен тыс қылықтарға бармайды. Ұрыс-керістен аулақ жүргенді жақсы көреді. Бір нәрсені ойлап табуға шебер. Идеяшыл, тапқыр адамдар.
ІV қан тобындағылар:
ІІ және ІІІ топқа ұқсас. қияли, дарынды, талантты, жан-жақты адамдар. Ешкімнің көңілін жықпайды, шектен шықпайды. Әділ, кейде қатал. Шешім қабылдау үшін бір күн ойланады. Қолымен істегенді мойнымен көтере біледі.
|
4.Жаттығулар
|
Графикалық диктант
Дұрыс жауап – “V”
Қате жауап – “–”
|
5. Қоры
тынды
|
“Жұмбақ сөзді тап”
__???__ 30 күннен 120 күнге дейін өмір сүреді.
__???__ дененің қайта жаңғыруына (регенерация), жараның бітуіне қатысады.
Ағзаға еніп кеткен бөгде заттар мен микробтарды сіңіретін қабілеті __???__ деп аталады.
Фагоцитоз құбылысын орыс ғалымы __???__ ашқан.
Балалар қанының 1 куб. мм-де __???__ , ересектерде __???__ тромбоцит болады.
6.Адамға алғаш рет қан құю жұмысын 1667 жылы __???__ жүргізген.
|
6.Бағалау
|
Оқушылар өз-өздеріне баға береді
|
7.Рефлек
сия
| |
8.үйге
тап-а
|
§ Қан, үлпа сүйықтығы және лимфа-организм ішкі ортасының құрам бөліктері оқу, кестені дәптерге орындап келу
|
Достарыңызбен бөлісу: |