№82 «Дарын» мамандандырылған лицейі
Бастауыш сынып мұғалімі
Токумбаева А.А
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сынып:
|
2 « Ә »
|
Мерзімі:
|
|
Пәні:
|
Дүниетану
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Топырақ. Топырақтың маңызы
|
Негізгі түйінді идея:
|
Топырақ- тіршілік бесігі, қорек көзі
|
Оқу мақсаты:
|
Топырақ жайлы және оның құрамы туралы түсінік беру, тәжірибе арқылы көз жеткізу.
|
Табыс критерийлері
|
Барлық оқушылар:
|
Көпшілік оқушылар:
|
Жекелеген оқушылар:
|
а) топырақтың құрамын біледі.
ә) Нұсқау бойынша тәжірибе жасай алады
|
а) Топырақтың маңыздылығы туралы түсініктерін айта алады
ә)Нұсқау бойынша тәжірибе жасап, қорытынды шығара алады
|
А) табиғаттағы топырақты қорғау туралы өз пікірлерін қоса алады
|
Уақы-ты
|
Кезең-дері
|
Тапсырма
|
Мақсаты
|
Ресурс
|
1 мин
|
Ұйым-дастыру
|
|
|
Психологиялық көңіл-күй орнату
Ынтымақтастық атомсфера қалыптастыру
|
5 мин
|
Үй тапсырмасы
|
«Сөйлей-тін қалам»
|
Өткен материалдарды еске түсіру
|
(Қалам иесі жауап береді)
1. Тарау қалай аталады? Табиғат
2. Табиғат нешеге бөлінеді? Тірі және өлі
3. Тірі табиғатты ата? (адам, өсімдік, жануар)
4. Өлі табиғатты ата? (тау, тас, өзен, су)
5. Тірі табиғатқа қажеттілік? (ауа, су, жарық, жылу, тамақ)
6. Судың қандай қасиеттері бар? (түссіз, иіссіз, мөлдір, пішіні жоқ, сұйық, жұққыш)
7. Судың табиғаттағы үш күйін ата? (сұйық, бу, қатты)
8. Суда еритін заттар нелер? (қант, тұз)
10. Суда ерімейтін заттар нелер? (құм, саз, балшық)
Бірақ араласады.
11. Су көздері нелер? (өзен, көл, теңіз, бұлақ)
|
20 мин
|
Жаңа материал
|
1-тәжирибе
|
|
А У А
1 кесек топырақты суға салайық. Не байқадық? Көпіршік шықты?Бұл ауа. Ол қайдан шықты?
|
|
|
2- тәжірибе
|
|
С У
1 уыс топырақты темір қалбырға салып, отқа қыздырып, бетіне шыныны ұстайық?
Не көрдік? Шыны бетіндегі су тамшысы.
|
|
|
3- тәжірибе
|
|
Ш І Р І Н Д І
Топырақты одан әрі қыздырдық. Көкшіл түтін шығады. Бұл не?Өсімдік қалдық, тамыр жанды.
|
|
|
4- тәжірибе
|
|
Қ Ұ М С А З
Шіріндісі жанып біткен топырақты салып араластырдық.Лайланған суды тұндырып қойдық.
Стақан түбіне құм, бетіне саз шөгеді.
|
15 мин
|
Оқулықпен жұмыс
|
|
Түсініп оқуға қалыптастыру
|
Топырақ дегеніміз-жердің өсімдік өсетін құнарлы, үстіңгі қабаты.
Топырақтың құрамын құм, саз, майда иастар, өсімдіктер, ұсақ жануарлардың шіріген қалдықтары (қарашірік) құрайды.
Топырақтың түсі оның құрамындағы осы шіріндіге байланысты өзгереді.Топырақта неғұрлым шірінді көп болса, соғұрлым ол құнарлы болып, өсімдік жақсы өседі.
Топырақтың ең басты қасиеті-құнарлығы.Ол үшін топыраққа минералдық тыңайтқыштар қосу керек.
Өсімдік жақсы өсу үшін топырақта азот, фосфор, калий жеткілікті болуы қажет.
Топырақтан қоректенуде азоттың орны ерекше.
Өсімдікке азот жетпесе өте баяу өсіп, жапырақтары бозара бастайды.Ағаштардың жанама бұтақтары дамымайды.
Фосфор жасуша қабықшасын түзуге қажетті элемент.
Өсімдікке фосфор жетіспесе жемістің түзілуі баяулап, Салмағы кемиді.
Калий жеткіліксіз болса, өсімдік аласа, сабағы әлсіз болады.Түйнек, тамыр жақсы даму үшін де калий керек.
Егін егерде алдымен жерді жыртып, тырмалайды.Ал ауламызда топырақты күрекпен қопсытамыз.
|
5 мин
|
Бекіту
|
Веен диаграммасы
|
Жаңа тақырып ты меңгергендерін білу
|
Веен диаграммасы бойынша Су мен Топырақты салыстыру.
Сыр бойының атақты күрішшісі Ыбырай Жақаев атамыздың нақыл сөзін айта отырып.
|
2 мин
|
Үй тапсырмасы
|
Оқу, мазмұндау
|
|
|
2 мин
|
Бағалау
|
|
|
|
Сабақтан кейінгі ойланатын сұрақтар:
|
Не сәтті болды?
|
|
Не сәтті болмады?
|
|
Нені жақсартуға болады?
|
|
Мен өз дағдыларымды нені дамыта алдым?
|
|
Нені өзгертуге болады?
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |