Сабақ жоспары. Сынып: 8 «Б» орыс сыныбы Сабақ тақырыбы: Табиғатты қорғау-қасиетті іс. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері



Дата14.04.2017
өлшемі84,37 Kb.
#13892
түріСабақ

Солтүстік Қазақстан облысы,

Уәлиханов ауданы,

Бидайық орта мектебінің

қазақ тілі пәні мұғалімі

Маликова Айнұр Кеңесбайқызының

сабақ жоспары.

Сынып: 8 «Б» орыс сыныбы

Сабақ тақырыбы: Табиғатты қорғау-қасиетті іс. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.

Сабақ мақсаты:Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері тақырыбын пысықтау, лексикалық тақырып бойынша сөздік қорын қалыптастыру.Сөйлегенде, жазуда сөйлемдерді дұрыс құру, өз ойын еркін жеткізуге үйрету. Қисынды ойлау қабілетін дамыту, география пәнімен байланыстыра отырып,еліміздің сұлу аймақтарын таныту .

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:Өздерінің іс-әрекеттерінің қоршаған ортаға қандай әсер қалдыратыны туралы ойланады,сөйлеу мәдениеті қалыптасады, білім деңгейін жетілдіреді.

Негізгі идеясы:ауызша-жазбаша талдау жұмыстары арқылы әр оқушының білім алуына мүмкіндік жасау,экологиялық тәрбие беру.

Дерек көздері: Электронды оқулық, қазақ тілі оқулығы.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім мен оқушылардың әрекеті

Қолданылатын әдіс- тәсілдер мен жұмыс түрі

Күтілетін нәтижесі

Психологиялық ахуал туғызу

Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйін көтеру, оқу белсендігін арттыру,жұмыс жылдамдығын жақсарту.



Оқушылардан Австрия жаңбыры қандай болатыны туралы не білетінін сұраймын да, жаңбырдың дыбыстық анимациясын тыңдатып, қайталауды ұсынамын.

«Австрия жаңбыры» тренингі

Оқушылардың көңіл-күйі жақсарады, қызығушылығы туады,жұмыс істеу қабілеттері көтеріледі.

Ой шақыру бөлімі

Слайд-презентация



Оқушыларға слайдта берілген сөйлемдерді кезекпен оқытамын. Оқушылар бұл сөйлемдердің қандай сұрақтың жауабы болуы мүмкін деген сұраққа жауап іздейді.

(хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырады)



«Сұрақты тауып ал» тәсілі

Сұрақ-жауап



Сөйлемдерді оқыту арқылы оқу жылдамдығы дамиды. Сұрақ құруға үйренеді.

Флипчарт ашу

Мақсаты: Өткен сабақта алған білімдерін бақылау, сөздік жұмысын тексету.



Флипчартта берілген сөздер қоймасынан тақырыпқа сәйкес сөздерді тереді.

«Негізгі сөздер» тәсілі

Интерактивті тақта мүмкіндіктерін қолданады.Тақырыпқа байланысты қанша сөз жатқа білетіні тексеріледі.

Мәнерлеп өлең оқу, тақырыпты жалғастыру.

Мақсаты: Өлең арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту, табиғатты аялауға тәрбиелеу.



Ағаш өзін қинағанды

Ат сияқты тебе алмас.

Гүл де жұлқып, жұлғанды

«Неге өйтті» деп сөге алмас.

Аю байғұс аяғын алса

Жырып, қанатып,

Жарасын кім таңады?

Кім бар бағып-қағатын?!

Табиғаттың панасы

Біздер мына өзіміз-

Адамзаттың баласы. М. Әлімбаев

атамыз айтқандай, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Табиғатты қорғау-қасиетті іс. Сабақ эпиграфы ретінде Ш.Айтматовтың сөзін дәптерлерімізге жазып алайық.

«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтуға тілі жоқ».





Өлеңдегі негізгі ойды білдіретін жолдарын анықтайды; Сабақ тақырыбымен танысады.

Негізгі бөлім

Электронды оқулықтан мәтін тыңдайды.

Мақсаты: Мәтіндегі диктордың сөйлеу мәнерін мұқият тыңдау, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру


Электронды оқулықтан Қазақстанның көркем жерлерін көріп отырып, мәтінді тыңдатамын. Ойлануға 30 секунд уақыт беремін де, көршісімен өз ойларымен бөліседі.

«Көршіңмен сырлас» әдісі

Өздерінің жауаптарын тексереді, білмегенін сыныптасынан сұрап, мұғалімге жауап қайтаруға сенімді болады.

Сұрақ-жауап

Мақсаты: Мәтінді қаншалықты мұқият тыңдағанын бақылаймын,қойылған сұрақтарға толық жауап қайтаруын үйретемін.



Қазақстанның қандай сұлу жерлерін білдік?

Алатау, Алтай, Тянь-Шянь таулары несімен сұлу?

Неге бұл тау Тянь-Шянь деп аталады?

Қай тау шыңында мәңгі қар жатады?

Балқаш көлінен жылына қанша балық ауланады?

Тау,көлдер маңында орналасқан қорықтардың мақсаты қандай?



« 6 W» әдісі

Мәтіндегі негізгі мәліметтерді еске түсіреді, бір-бірінің жауаптарын толықтырып, Қазақстанның тау, көлдер атауларын есте сақтайды.

Топтық жұмыс

Мақсаты: Мәтін бойынша бірлесе отырып өзіндік жұмыс істеуге үйрету, топ ережесін сақтауға дағдыландыру,бір-біріне әділ баға беруге үйрету



Сыныпты екі топқа бөлемін. Топтағы оқушылар рөлдерді бөледі.

1.Баяндамашы-топ жұмысын қорғайды

2.Хатшы-топ жұмысын қағазға түсіреді

3.Эксперт- топ жұмысын қадағалайды

4.Топ басшысы-топ мүшелерін бағалайды.

1-ші топ тапсырмасы: «Таулар» кілт сөзіне «планета және оның спутниктері» моделі бойынша бар білгенін ортаға салады.Постер қорғайды.

2-ші топ тапсырмасы: мәтінге сәйкес «көлдер» тақырыбы бойынша мәліметтерді дұрыс жинау тапсырылады.


«Миға шабуыл»

«Логикалық тізбекті шешу» әдісі

«Екі жұлдыз, бір пікір» әдісі


Топтық жұмыс нәтижелі болу үшін әр топ мүшесі жауапкершілікті сезінеді, топ алдында сөйлеуге дағдыланады.

Топтық бағалауда бір бірінің жұмысының сәтті тұстарын көре біледі, ұсыныс жасауға үйренеді.



Жазбаша жұмыс

Мақсаты: Оқушылардың грамматикалық тақырып бойынша білімін жетілдіру,талдау жұмыстарын жүргізу барысында ережені қаншалықты қолдана білетінін бақылау



1.Бір озат оқушы тақтада берілген сөйлемге сатылай кешенді талдау жасайды.

2. Үлгерімі төмен оқушы интерактивті тақтада электронды оқулықта берілген тапсырманы орындайды.

3. Сынып оқулықтағы жаттығуды орындайды.


Сатылай кешенді талдау технологиясы,

Деңгей бойынша оқыту

1) Дұрыс-бұрыс сөйлемдерді ажырату;

2) сөйлемді сатылай кешенді талдау

3)4-ші жаттығу,46 бет


Әр сабақта озат оқушы болашақ тақырыптың аз мөлшерін үйренеді.Үлгерімі төмен оқушы жеке жұмыс істеу арқылы өз күшіне сенімдігі артады, ал сынып орнында отырып,ауызша-жазбаша талдау жұмыстарын жүргізеді.

Рефлексия бөлімі

Мақсаты: сабақ басында берілген нақыл сөздің мағынасын ашу үшін жазбаша жұмыс арқылы сыни ойлауына ықпал етемін. Ой шақыруына жағдай туғызу



Адамның табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтуға тілі жоқ» деп Ш.Айтматов айтқандай, қазір табиғат атынан оқушыларға хат жазып көрейік. Ой шақыру үшін музыка әуенін қосамын.

3 минуттық эссе жазу


Өткен сабақтың материалдарын тиімді қолданады.Табиғат атынан хат жазу үшін сыни ойлауға тырысады.Сөйлем ішіндегі сөздерді дұрыс қолданады.


Рефлексия
Мақсаты: сабақтың сәтті я сәтсіз тұстарын анықтау, кері байланыс орнату

Оқушыларға стиктер таратамын.

Тақтада берілген үш суреттің біреуіне стик жабыстыруын тапсырамын.

Еттартқыш- менің әлі де сұрақтарым бар

Сандық – бәрі түсінікті, бұл маған қажет

Қоқыс шелегі – мына тақырып маған қажет емес, түсінбедім.


«Еттартқыш, сандық, қоқыс шелегі» тәсілі



Өздеріне рефлексия жасайды.

Үй жұмысы

Мақсаты: Сабақта алған білімдерін бекіту, өзіндік жұмыс істеуге үйрету



Үй жұмысын оқушылардың деңгейіне сәйкес

тапсырамын.

1.Үлгерімі ортадан төмен оқушылар тақырыпқа сәйкес «Туған ауылымның табиғаты» слайд-презентация дайындау;

2.Тақырып бойынша сөзжұмбақ құру



Шығармашылық жұмысы

Мәтінді мұқият оқиды, зерттейді, қосымша мәлімет қолданады,туған ауыл мәселесін көрсетеді.

Бағалау

Оқушылардың жұмысына комментарий бере отырып, суммативті бағасын қоямын. Балалар қорытынды бағаларын күнделікке қояды.

Комментарий бере отырып бағалау

Оқушылар әділ бағаларын алады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет