Сабақ жоспары сынып: 9в(2) жасы: 15-16 апта күні: өткізілетін күні


Оқушылардың тақырыпқа қызығушылы-ғын арттыру стратегиясы



бет2/3
Дата21.04.2017
өлшемі476,64 Kb.
#14375
түріСабақ
1   2   3

Оқушылардың тақырыпқа қызығушылы-ғын арттыру стратегиясы


СТО технологиясы бойынша: жұмбақ жасыру.«Бір күні Рим императорына белгісіз біреу келіп күміс сияқты жылтыр,өте жеңіл ыдысты сыйға тартады.Император жаңағы ыдысты мастерге құрамы неден жасалғанын тексеруге жібереді. Оның құрамы «кәдімгі саздан» алынған металл деп мастер өз шешімін айтқаннан кейін,патша өзінің алтын күмістерінін құны төмендеп кетуі мүмкін деп мастердің басын алдырып оның шеберханасын өртеп жібереді . Сөз қандай металл туралы болып жатыр (Ае)

Білемін

Білгім келеді

Білдім

топтастыру


-

-

(осы сұрақтың жауабын талдау барысында сабақты оқушылардың старт жаттығуы арқылы бастаймыз).





Тірек сөздер (key words)

Глоссарий:

Анион - anions

Катион - cations

Катод - cathode

Анод - anode

Алюминий - аluminium

Ион - ions

тотықсыздануreduced

тотығу -oxidised

электролиз- electrolysis

Электричество- electricity

Мұғалімнің әрекеті: оқыту тапсырмалары мен жаттығулар,

дифференция

Оқушылар минутпен (5мин) one group consists of 4 persons- арқылы топпен (4 оқушы) алюминий жай зат ретінде, оксиді, гидроксидінің химиялық қасиеттерін салыстырып тәжірибе жүзінде жасап , өз ойларын ортаға салады.Алюминидің алынуы (Алекс Хулистон )

Жеке- жеке жұмыс: Алюминийді жай зат ретінде сипаттау





Белсенділігі орташа оқушылардан жинақталған топ

Белсенділігі жоғары оқушылардан жинақталған топ

Оқулықпен жұмыс.

Алюминийдің генетикалық қатарын құрастырыңыз



Дәлелдеуге арналған тапсырма:

Оксиді мен гидроксидтері туралы



Бағаланады: Оқушылар берілген уақытпен санасуы, регламент сақтай білуі, мәліметтің ең маңызды тұстарын ғана айтуға бейімделуі.

Топпен талдау (2 мин): Оқушылар қарсы топтарының жұмысын тыңдай білуі, жолдасының ойын силай білуі.

Топ оқушыларының жауабы қосымша материалдарда ұсынылады.

тереңдету / мәселелер

қолдау / жаңарту

Ғылыми кітаптармен жұмысқа бейімдеу, өз ойларын жетік айта білулерін дамыту

Оқушыларды болашақта сабақтың мақсатын, жоспарын құруға, ғылыми көзқарастарын дамыту үшін үйлесімді сабақ әдісін ойластыру.


Зертханалық жұмыс

1,2, зертханалық жұмыстарының барысы қосымша ұсынылады.



Рефлексия

1. тест тапсырмалары ағылшын тілінде (Алекс Х)

2. Тақтаның артқы бетіне қара ағашты қойып, оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімдерін сәйкесінше бұтақтарға орналастыру сұралады, себебі ортақ талданды.

Берілген суреттің мәнін ашу!


Бекіту\сабақпен байланыс

Критериалдық жолмен бағалауға арналған тақырып, сондықтан да оқушылардың қолдарындағы дискрипторларына сәйкес өздерін бағалау. Объективті бағалау- нақты тақырыптың бөлімдерін білу.

Қолжазбалар/

дифференциация

Сабақта белсенділігі әр түрлі оқушылардың қимыл-әрекеттері бақыланады:

Белсенділігі төмен

Белсенділігі орташа

Белсенділігі жоғары

Кітаппен жұмыс

Зертханалық тәжірибе

Дәлелдеуге арналған тапсырма





В критерий тапсырмалары (6 ұпай).

Тапсырма №1. Жұмыс барысы:

Тақырыбы: алюминий

1. Латынша атауы -( аluminium), Оқушы алюминийді ПЖ орны бойынша сипаттай алады.

2. Оқушы алюминийдің күмісше жылтыраған ақ түсті металл екендігін біледі

3. Оқушы алюминийдің жеңіл және жұмсақ металл екендігін біледі

4. Оқушы алюминийдің жылу мен электр тогын жақсы өткізетін металл екендігін біледі

5.Оқушы алюминийдің бір валентті қосылыстары 10000С жоғары температурада тұрақты екендігін біледі



6. Оқушы алюминийдің белсенді металл екендігін біледі

Теориялық бөлім:

ББК кестесін толтыру

Білемін

Білгім келеді

Білдім










Д критериінің тапсырмалары (6 ұпай)

Зертханалық жұмыс №2.

Мақсаты:

Алюминий оксидін алу және оның химиялық қасиетін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазуы.

  1. Оқушы алюминийді оксидін (алюминий гидроксидін) алуға болатын реакция теңдеуін дұрыс жазады.

  2. Оқушы алюминий оксидін электролиздеп алюминий алуға болатындығын біледі және реакция теңдеуін дұрыс жазады.(комплексті тұз түзуі)

  3. Оқушы алюминий оксидінің сумен әрекеттеспейтіндігін біледі.( алюминий гидроксидінің ерімейтін негіз ретінде айырлатындығын біледі)

  4. Оқушы алюминий оксидінің(алюминий гидроксидінің) қышқылдармен әрекеттесу реакция теңдеуін дұрыс жазады.

  5. Оқушы алюминий оксидінің (алюминий гидроксидінің) сілтімен әрекеттесу реакция теңдеуін дұрыс жаза біледі.

Зертханалық жұмыс №3. Д критериінің тапсырмалары (6 ұпай)

Мақсаты: Алюминий гидроксидін алу және оның химиялық қасиетін сипаттау.

  1. Оқушы қауіпсіздік техника ережесін сақтай отырып зертханалық жұмыс жасай алады.

  2. Оқушы алюминий оксидін алюминий гидроксидін (сілтіге алюминий тұзын қосып )қыздырып алуға болатын зертханалық жұмысты жасай алады.



  1. Оқушы алюминий оксидінің (алюминий гидроксидінің)қышқылмен әрекеттесетін зертханалық жұмысты жасай алады.

  2. Оқушы алюминий оксидінің (алюминий гидроксидінің) қышқылмен әрекеттесетін зертханалық жұмысты жасай алады.

  3. Оқушы алюминий қосылыстарының зергерлік өнерде қолданылатын біледі

  4. Оқушы алюминий қосылыстарының Қазақстан Республикасында таралу аймағы мен оны алуға болатын Павлодар алюминий зауыты бар екендігін біледі.

Сабақтың нәтижелерін өзін-өзі талдау:



Жоспарлау мен дайындық

Өте жақсы жоспарланған, әрі дайындығы жоғары сабақ, оқушылардың талаптарын, әдістерді, оқу жоспарын қамтиды.


Сабақ беру

Жоспарланған мақсаттары сабақ барысында қолданылды.

Мұғалім және оқушы тарапынан қызығушылығы жоғары болды, себебі оқушылар зертханалық жұмыс жүргізді.

Оқушылар үшін қызықты және алға басушы тәсілдер қолданылды. Қызығушылығын арттыру мен рефлексия бөлімдеріндегі СТО технологиясы элементтері ұтымды қолданылды.

Сабақта оқушылардың белсенділігі жоғары, қимыл-әрекетке толы сабақ, себебі қимыл-әрекеттің көптігі оқушының белсенділігін арттырушы себептердің бірі.

Сабақтың бастапқы, негізгі және қорытынды бөлімдері сәтті жүзеге асырылды.

Оқушы мен мұғалім арасында қарым-қатынас белсенді, периодты түрде жүзеге асты.

Пән-аралық байланыс болды. (Физика, ағылшын тілі)

Ағылшын тіліндегі терминология сәтті практикада қолданылды.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері қамтамасыз етілген.

Эффективті – критериалды бағаланды. Дискрипторларын оқушылар жақсы меңгерген.

Мәліметтер көздері

Инновациялық түрде АКТ қолданылды.

Оқулықтар, қосымша ақпараттар, ғылыми кітаптар

Құралдар

Реактивтер



Сабақтағы жетістікке жету жолдары







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет