Сабақ жоспары: Сөз тапқанға Ойлан тап Сен білесің бе? Білімділер



Дата25.12.2016
өлшемі42,46 Kb.
#4413
түріСабақ
  • сабағы
  • Сан есімнен өткенді қайталау

1. Сөз тапқанға ...

  • Сабақ жоспары:
  • 1. Сөз тапқанға ...
  • 2. Ойлан тап
  • 3. Сен білесің бе?
  • 4. Білімділер
  • 5. Кім жылдам?
  • 6. Шапшаң болсаң...

Сөз тапқанға...

          • Сөз тапқанға...
          • 1 кезең
  • 10
  • 5
  • 15
  • 15
  • 10
  • 5
  • 10
  • 5
  • 15
    • Сан есім дегеніміз не?
    • Қандай сұрақтарға жауап береді? Мысал келтір
  • Сан есім - заттың санын, мөлшерін,
  • ретін, шамасын білдіретін сөз табы.
  • Қанша? Неше? Нешінші? т.б.
  • сұрақтарға жауап береді
  • Мысалы: алты, төртеу, екі жүз бес
  • Жауабы:
  • Сан есім құрылысына қарай
  • неше түрге бөлінеді?
  • мысал келтір
  • Құрылысына қарай дара, күрделі
  • болып бөлінеді.
  • Дара – бір түбірден құралған сан есім.
  • Мысалы. Екі, бес, он.
  • Күрделі – екі не одан да көп түбірден
  • құралған сан есім.
  • Мысалы: он бір, елі жеті, мың тоғыз жүз
  • Жауабы:
  • Сан есім тұлғасына қарай
  • неше түрге бөлінеді ?
  • Мысал келтір
  • Негізгі сан есімдер қатарына тек қана есептік
  • сандар жатады.
  • Мысалы: бір, екі, үш т. б.
  • Туынды сан есімдер Туынды сан есімдер
  • негізгі есептік сан атауларына -ыншы, -ау, -ер,
  • -тай қосымшалары қосылу арқылы жасалады.
  • Мысалы: бір - бірінші, он - оныншы; екі - екеу,
  • алты - алтау; бір - бірер, қырық - қырықтай,
  • елу – елудей.
  • Жауабы:
  • Сан есім мағынасына қарай
  • неше түрге бөлінеді?
  • Түрлерін ата
  • Сан есімдер есептік сан,
  • реттік сан, болжалдық сан,
  • жинақтық сан, топтық сан,
  • бөлшектік сан
  • болып алты топқа бөлінеді.
  • Жауабы:
  • Есептік сан есім дегеніміз не?
  • Мысал келтір
  • Жасалу жолын түсіндір

  • Заттың дәл, нақты санын білдіріп,
  • қанша? неше? деген сұрақтарға жауап беретін сандық ұғымдағы сөздерді есептік сан есім дейді. 
  • Сан есімнің басқа түрлері есептік сан есімдерден жасалады.
  • Мысалы: мың, он, жүз.
  • Жасалуы: түбір күйінде жұмсалады
  • Жауабы:
  • Реттік сан есім
  • дегеніміз не?
  • Сұрағы, жасалу жолы
  • Мысал келтір
  • Заттың рет санын білдіріп, нешінші?
  • деген сұрауға жауап беретін сан есімнің түрі
  • реттік сан есім деп аталады.
  • Жасалу жолы: есептік сан есімге -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағы жалғану
  • арқылы жасалады.
  • Мысалы, Отыз бес-інші, қырық-ыншы,
  • бір-інші, жеті-нші т.б.
  • Жауабы:
  • Болжалдық сан есім дегеніміз не?
  • Сұрағы, жасалу жолын түсіндір
  • Заттың санын дәл атамай шамамен, болжалмен көрсетіп, қанша?
  • неше? қаншадан,қай шамалы? деген сұрақтарға жауап беретін сан
  • есімнің түрін болжалды сан есім дейді. Болжалды сан есім септік сан
  • есімдерге -лаған, -леген, -даған, -деген, таған-теген, лап - леп,
  • -дап, -деп,-тап, -теп, -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану
  • арқылы жасалады.
  • Болжалды сан есімдер есептік сан есімдердің қосарлануы
  • арқылы да: отыз-қырық, бес-алты, отыз-қырықтарда және есептік
  • сан есімдерге шамалы, шақты, қаралы, жуық, таман, тарта деген
  • сөздердін тіркесуі арқылы да жасалады: жүзеге тарта,
  • елу шақты, мың қаралы, отызға тарта т.б.
  • Мысалы: отыздай, жүздеген т.б.
  • Жауабы:
  • Топтау сан есім дегеніміз не? Сұрағы, жасалу жолын түсіндір
  • Заттың санын топтап көрсететін, қаншадан?
  • нешеден? деген сұраққа жауап берстін сан есімді
  • топтау сан есімі дейді.
  • Жасалу жолы:
  • топтау сан есімі дара сан есімдер мен қосарланған
  • сан есімдер мен екінші сыңарына шығыс
  • септігінің жалғауы жалғану арқылы
  • жасалады.
  • Мысалы, елу-ден, алпыс-тан,
  • бес-бестен, он-оннан т.б.
  • Жауабы:
  • Бөлшектік сан есім дегеніміз не?
  • Сұрағы, жасалу жолын түсіндір
  • Мысал келтір
  • Бүтін санның білгілі бөлшектерін есепке
  • алып қанша? неше? деген сұраққа жауап
  • беретін сан есімнің бір түрі бөлшектік
  • сан есім аталады.
  • Жасалу жолы:Бөлшектік сан есім
  • есептік сан есімдерге жарым,жарты,
  • ширек сөздерінің тіркесуінен жасалады.
  • Мысалы:бес жарым, екі жарты, төрт ширек
  • және жай бөлшек түрінде: онның екісі,
  • оннан екі 10,2 жүздің бесі немесе
  • жүзден бес 100,5 т.б.
  • Жауабы:
  • Жинақтық сан есім дегеніміз не?
  • Сұрағы, жасалу жолын түсіндір
  • Заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу?
  • деген сұраққа жауап беретін сан есімді
  • жинақтық сан есім дейді.
  • Жасалу жолы:
  • Жинақтық сан есім есептік сан есімге
  • -ау, -еу жұрнағы жалғану арқылы жасалып,
  • жетіге дейінгі сандарды қамтиды.
  • Мысалы, бір-еу, екеу, үш-еу, төрт-еу,
  • бес-еу, алт-ау, жет-еу.
  • Жауабы:

Ойлан тап

          • Ойлан тап
          • Сурет бойынша шағын мәтін құрастыру
          • 2 кезең

АСЫҚ

  • Жылқы
  • Күш
  • Жүгіру

Сен білесің бе?

          • Сен білесің бе?
          • 3 кезең
  • Сатылай кешенді талдау жаса
  • Қырықтың бірі қыдыр.
  • Ол он екі жыл мүшелді білдіреді.
  • Үшінші – таза ауаны сүйетін.

Білімділер

          • Білімділер
          • Маршруттық карта
          • 4 кезең

МАРШРУТТЫҚ КАРТА №1 3. «БІРЛІКТЕР» ТОБЫ: А) МӘТІНДІ ҚЫСҚАША БАЯНДА. Б) БЕРІЛГЕН МӘТІНДЕГІ 3 САН ЕСІМДІ ТЕРІП ЖАЗ, МАҒЫНАСЫНА ҚАРАЙ ҚАЙ ТОПҚА ЖАТАТЫНЫН КӨРСЕТ. ТАЙҚАЗАН ТАЙҚАЗАНДЫ СЕГІЗ ЖҮЗ БІРІНШІ ЖЫЛЫ ӘМІР ТЕМІР ЖАСАТЫП, ҚОЖА АХМЕТ ИАССАУИДЫҢ МАЗАРЫНА СЫЙЛАҒАН. ТАЙҚАЗАННЫҢ САЛМАҒЫ - ЕКІ ТОННА, БИІКТІГІ ЖҮЗ АЛПЫС ЕКІ САНТИМЕТР, ДИАМЕТРІ – ЕКІ ЖҮЗ ҚЫРЫҚ ЕКІ САНТИМЕТР ТАЙҚАЗАН ЖЕТІ ТҮРЛІ МЕТАЛДАН ЖАСАЛҒАН. ОНЫҢ ҚАБЫРҒАСЫНА АРАБ ӘРІПТЕРІНІҢ ӨРНЕКТЕРІ САЛЫНҒАН. ГҮЛ СИЯҚТЫ ЖАСАЛҒАН ЕКІ ҚҰЛАҚШАСЫ БАР.ОЛАРДЫҢ АРАСЫНДА ОН ЕКІ ҮЛКЕН ШҮМЕКТЕРІ БАР. ОЛ ОН ЕКІ ЖЫЛ МҮШЕЛДІ БІЛДІРЕДІ. («ОЛ КІМ, БҰЛ НЕ?» ІІІ ТОМ) 5 БАЛЛ 1. БЕРІЛГЕН САН ЕСІМДЕРДІ СӘЙКЕСТІНДІРУ. МЫСАЛДАР. САН ЕСІМДЕР ОН-ОННАН ЕСЕПТІК БЕСЕУ РЕТТІК ЕКІНІҢ БІР БӨЛІГІ ЖИНАҚТЫҚ ЕЛУ-АЛПЫСТАЙ ТОПТАУ ЕКІ БОЛЖАЛДЫҚ ТОҒЫЗЫНШЫ БӨЛШЕКТІК 5 БАЛЛ 4. МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕРДІ ТОЛЫҚТЫРУ. ... ЖАСАР БАЛА КЕЛСЕ, ... ШАЛ АЛДЫНАН ШЫҒАР. ... ... БІЛМЕГЕН ЖЕТЕСІЗ. 2 БАЛЛ 5. 40 САНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ХАЛЫҚТЫҚ ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ АЙТЫЛАДЫ. ҚЫРЫҚТЫҢ БІРІ ҚЫДЫР. 3 БАЛЛ «5»- 25-20 БАЛЛ «4»-19-16 БАЛЛ «3»-15-12 БАЛЛ «2»-11-0 БАЛЛ    

  • 2. Сан есімдер дара күрделі жиырма жеті  он үш  тоқсан  тоғыз  екі  алпыс  бір бүтін үштен екі  5 балл

2. «ОНДЫҚТАР» ТОБЫ: А) МӘТІНДІ ҚЫСҚАША БАЯНДА. Б) БЕРІЛГЕН МӘТІНДЕГІ 3 САН ЕСІМДІ ТЕРІП ЖАЗ, МАҒЫНАСЫНА ҚАРАЙ ҚАЙ ТОПҚА ЖАТАТЫНЫН КӨРСЕТ. ЖАҚСЫ МЕН ЖАМАН АДАМ АТЫЗҒА БІР ТҮП ГҮЛ ӘКЕЛІП ОТЫРҒЫЗДЫ. ҚҰНАРЛЫ ЖЕРГЕ ОТЫРҒЫЗЫЛҒАН ОЛ КҮНЕН КҮНГЕ ТАМЫР ЖАЙЫП, ГҮЛДЕНЕ ӨСЕ БЕРЕДІ. ГҮЛ БІРІНШІ - КҮННІҢ НҰРЫН, ЕКІНШІ - МӨП – МӨЛДІР СУДЫ, ҮШІНШІ – ТАЗА АУАНЫ СҮЙЕТІН. ОЛ ОСЫНАУ ТІРШІЛІК ИЕСІ БОЛҒАНЫНА, ӨЗІН ӘКЕЛІП ОТЫРҒЫЗҒАН АДАМҒА ӨТЕ РИЗА БОЛДЫ. БІР КҮНІ: - ӘЙ, СЕН КӨП АСҚАҚТАМА! ӨМІРГЕ КЕЛГЕНІҢЕ ӨКІНЕТІН БОЛАСЫҢ, - ДЕГЕН ШІҢКІЛДЕК ДАУЫСҚА ЖАЛТ ҚАРАСА, ДӘЛ ТӨМЕНДЕ ТҮРІ ҰСҚЫНСЫЗ БІР ШӨП БАСЫН ҚЫЛТИТЫП ТҰР ЕКЕН. ГҮЛ ЕШТЕҢЕ ДЕЙ АЛҒАН ЖОҚ. КӨЗДЕРІ ЖАСАУРАП КЕТТІ, ҚАСЫНДАҒЫ БІРШАМА ҮЛКЕНДІГІ БАР ЕКІНШІ ГҮЛГЕ БАСЫН СҮЙЕДІ. - ЖАБЫРҚАМА, САБЫР ЕТ! АДАМДАР ОНЫ «АРАМ ШӨП» ДЕП АТАЙДЫ. БІР БАСЫНАН БАСҚАНЫ ОЙЛАМАЙТЫН ЖАУЫЗ ШӨП. ӘЛІ – АҚ ҚҰТЫЛАМЫЗ. «ЖАҚСЫ СӨЗ – ЖАРЫМ ЫРЫС» ДЕГЕН ҒОЙ. ОНЫҢ КӨҢІЛІ БІРАЗ КӨТЕРІЛІП ҚАЛДЫ. ӘЛГІ ГҮЛДІҢ АЙТҚАНЫ РАС БОЛЫП ШЫҚТЫ. ЕРТЕСІНЕ ОН ЖАСТАҒЫ БІР БАЛА КЕЛДІ ДЕ, АРАМ ШӨПТІ ЖҰЛЫП ТАСТАДЫ. ГҮЛ ҚАЙТА ҚҰЛПЫРДЫ.ӨМІРДЕ ЖАҚСЫЛАР ДА, ЖАМАНДАР ДА, БАР ЕКЕН. (Б. ӘБДІЛОВ). 5 БАЛЛ «СӘЙКЕСТЕНДІРУ» СТРАТЕГИЯСЫ. КЕСТЕНІ САН ЕСІМНІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТОПТАРЫНА ҚАРАЙ СӘЙКЕСТЕНДІРІП ТОЛТЫРЫҢДАР.  СҰРАҚТАРЫ САН ЕСІМ ТҮРЛЕРІ НЕШЕ? ЕСЕПТІК САН ЕСІМ НЕШІНШІ? РЕТТІК САН ЕСІМ НЕШЕУ? ЖИНАҚТЫҚ САН ЕСІМ НЕШЕЛЕРДЕ? БОЛЖАЛДЫҚ САН ЕСІМ НЕШЕДЕН? ТОПТАУ САН ЕСІМІ НЕШЕУІ? БӨЛШЕКТІК САН ЕСІМ 5 БАЛЛ 5. 40 САНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ХАЛЫҚТЫҚ ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ АЙТЫЛАДЫ. БАЛАНЫ ҚЫРҚЫНАН ШЫҒАРУ. 3 БАЛЛ «5»- 25-20 БАЛЛ «4»-19-16 БАЛЛ «3»-15-12 БАЛЛ «2»-11-0 БАЛЛ

  •  Сан есімдер дара күрделі отыз  тоқсан  елу  жетпіс жеті  алпыс тоғыз  жүз елу үш  5 балл
  • 4. Мақал – мәтелдерді толықтыру. ... рет өлшеп, ... рет кес. Ер жігіттің ... сөйлегені өлгені. 2 балл

3. «ЖҮЗДІКТЕР» ТОБЫ: А) МӘТІНДІ ҚЫСҚАША БАЯНДА. Б) БЕРІЛГЕН МӘТІНДЕГІ 3 САН ЕСІМДІ ТЕРІП ЖАЗ, МАҒЫНАСЫНА ҚАРАЙ ҚАЙ ТОПҚА ЖАТАТЫНЫН КӨРСЕТ. АҚСҮЙЕК ОЙЫН ЖАЗДЫҢ АЙСЫЗ ҚАРАҢҒЫ ТҮНІНДЕ ОЙНАЛАДЫ. ОЛ ҮШІН ІРІ ҚАРАНЫҢ, ЖЫЛҚЫНЫҢ КЕПКЕН ЖІЛІК СҮЙЕГІ КЕРЕК. ОЙЫНҒА ҚАТЫСУШЫЛАР ЕКІ ТОПҚА БӨЛІНЕДІ. ӘР ТОП ӨЗІНЕ БАСШЫ САЙЛАП АЛАДЫ. ОЙНДЫ КІМ БІРІНШІ БОЛЫП БАСТАЙТЫНЫ ЕКІ ТОП БАСШЫЛАРЫНЫҢ ЖЕРЕБЕСІ АРҚЫЛЫ ШЕШІЛЕДІ. ӘР ТОП ӨЗ КӨМБЕСІН БЕЛГІЛЕЙДІ. ЕКІ ТОПТЫҢ ОЙЫНШЫЛАРЫ АЛАҢҒА АРҚАСЫН БЕРІП САПҚА ТҰРАДЫ. БІРІНШІ БОЛЫП ОЙЫН БАСТАУҒА МҮМКІНШІЛІК АЛҒАН ТОПТЫҢ БАСШЫСЫ СҮЙЕКТІ АЛЫСТАТА ЛАҚТЫРАДЫ. ЕКІ ТОПТЫҢ ОЙЫНШЫЛАРЫ СҮЙЕКТІ ІЗДЕУГЕ КЕТЕДІ. СҮЙЕКТІ КІМ БІРІНШІ БОП ТАПСА, СОЛ КӨМБЕГЕ ҚАРАЙ ЖҮГІРЕДІ, ҚАЛҒАНДАРЫ ОНЫ ҚУАДЫ. ҚАРСЫ ЖАҚТЫҢ ОЙЫНШЫСЫ ЖЕТІП, СҮЙЕКТІ АЛАТЫН БОЛСА, БАР КҮШІН САЛЫП, ОНЫ ӨЗ КӨМБЕСІНЕ ЖЕТКІЗУГЕ ТЫРЫСАДЫ. ОЙЫН ЖАЛҒАСЫП, ҚАЙТАЛАНЫП, ОЙНАЛАДЫ. («ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР») 5 БАЛЛ  СӘЙКЕСТЕНДІРУ ОНЫНШЫ ЕСЕПТІК ҮШ ТОПТАУ ТӨРТ - БЕС ЕСЕПТІК ЕКІДЕН БІР БӨЛШЕКТІК АЛПЫС - ЖЕТПІС ЖИНАҚТЫҚ БЕСЕУ БОЛЖАЛДЫҚ ОНДАҒАН РЕТТІК ҚЫРЫҚ ТОПТАУ 5 БАЛЛ «5»- 25-20 БАЛЛ «4»-19-16 БАЛЛ «3»-15-12 БАЛЛ «2»-11-0 БАЛЛ

  • Сан есімдер дара- күрделі он сегіз  жиырма төрт  мың екі жүз елу сегіз  алты  үш қырық екі екі –үш
  • 5 балл
  • 4. Мақал – мәтелдерді толықтыру. 1. ... ... тістен шыққан сөз ... рулы елге тарайды. 2 Ел құлағы ... 2 балл
  •  5. 40 санына байланысты халықтық дәстүрлер туралы айтылады. Қызға қырық үйден тыю. 3 балл

Кім жылдам?

          • Кім жылдам?
          • Сан есімнен өткенді қайталауға арналған тестік жұмыс
          • 5 кезең

                             

  • Сан есім 1-нұсқа
  • 1. Сан есімнің қай септікте тұрғанын анықтаңыздар.
  • Таңертең сағат жетіде тұрамын.
  • А) Ілік септік.
  • В) Барыс септік.
  • С) Көмектес септік.
  • Д) Жатыс септік.
  • Е) Атау септік.
  • 2. «2» санынан жинақтық сан есім жасайтын жұрнақты көрсетіңіз.
  • А) –дан.
  • В) –тен.
  • С) –нші.
  • Д) –еу.
  • Е) –ні.
  • 3. Бөлшектік сан есімнің сұрақтарын көрсетіңіз.
  • А) Не істеді?
  • В) Кімнің?
  • С) Қай?
  • Д) Кім?
  • Е) Қанша?
  • 4. Күрделі сан есімді табыңыз.
  • А) Бесінші.
  • В) Екі.
  • С) Алты.
  • Д) Үш жүз жетпіс.
  • Е) Төртеу.
  • 5. Соңғы дыбысы дауысты жіңішке түбірлі сөзге қай жұрнақ жалғанатынын табыңыз.
  • А) –нші.
  • В)-нші, -інші.
  • С) –ншы.
  • Д) –інші.
  • Е) –ншы, -ыншы.
  • 6. Күрделі реттік сан есімді табыңыз.
  • А) Он-он бес.
  • В) Екі бүтін оннан үш.
  • С) Он бір.
  • Д) Он бірінші.
  • Е) Отыз тоғыздан.
  • 7. Тиісті сан есімді қойыңыз.
  • Ер жігіттің ... сөйлегені - өлгені.
  • А) Екі бүтін үш ондық.
  • В) Екінші.
  • С) Екі-екіден.
  • Д) Екі. Е) Екеу.
  • 8. Күрделі есептік сан есімді көрсетіңіз.
  • А) Отыз бесінші.
  • В) Екі кітап.
  • С) Жүз алты.
  • Д) Жиырма.
  • Е) Оннан төрт.
  • 9. Көмектес септігінде тұрған сан есімді табыңыз.
  • А) Екіде.
  • В) Екіден.
  • С) Екіні.
  • Д) Екімен.
  • Е) Екінің.
  • 10. Соңғы дыбысы дауыссыз жуан түбірлі сөзге қай жұрнақ жалғанатынын табыңыз.
  • А) –ншы, -нші.
  • В) –нші, -ыншы.
  • С) –інші, -нші.
  • Д) –ыншы, -ншы.
  • Е) –ыншы.
  • 11. Сан есімге керекті тыныс белгісін анықтаңыз.
  • Атам 70 тен асты.
  • А) Нүкте. В) Қос нүкте.
  • С) Дефис. Д) Жақша.
  • Е) Үтір.
  • 12. Құрамында үнді дауыссыз дыбысы бар сан есімді табыңыз.
  • А) Жеті.
  • В) Он.
  • С) Отыз тоғыз.
  • Д) Жүз бес.
  • Е) Сегіз.
  • 13. Қайсысы реттік сан есім екенін белгілеңіз.
  • А) Екіден.
  • В) Мың.
  • С) Он.
  • Д) Тоғызыншы.
  • Е) Біреу.
  • 14. Реттік сан есім қосымшасын табыңыз.
  • А) –ау, -еу
  • В) –ау, -тан
  • С) –еу, -інші
  • Д) –ау, -ыншы
  • Е) –інші, -ыншы
  • 15. Сан есімді белгілеңіз.
  • А) Тиісті. В) Қызыл. С) Елу бір.
  • Д) Ішті. Е) Өрік.
  • Сан есім 2 -нұсқа
  •  1. Реттік сан есімнің сұрақтарын табыңыз.
  • А)Қандай? Қай?
  • В)Неше?
  • Қанша?
  • С)Нешінші?
  • Қаншасыншы?
  • Д)Нешеден? Қаншадан?
  • Е)Нешеу?
  • 2. Күрделі сан есімді табыңыз.
  • А) Үшеу.
  • В) Екінші.
  • С) Сегіз.
  • Д) Он екі.
  • Е) Бес.
  • 3. Дара сан есімді көрсетіңіз.
  • А) Екі жүз сегіз.
  • В) Жиырма.
  • С) Он төрт.
  • Д) Жиырма бес.
  • Е) Бестен үш.
  • 4 Білім күні нешінші айда екенін көрсетіңіз.
  • А) Сегізінші.
  • В) Жетінші.
  • С) Он бірінші.
  • Д) Тоғызыншы.
  • Е) Оныншы.
  • 5. «Он бес» сөзі қандай сан есім екенін белгілеңіз.
  • А) Дара.
  • В) Толық.
  • С) Күрделі.
  • Д) Жай.
  • Е) Көптік.
  • 6. Бір жылда неше мезгіл бар екенін белгілеңіз.
  • А) Бір.
  • В) Төрт.
  • С) Он тоғыз.
  • Д) Үш.
  • Е) Алты.
  • 7. Сан есімді сөз тіркесін табыңыз.
  • А) Күміс қасық.
  • В) Алтын сағат.
  • С) Ағаш күрек.
  • Д) Екі жолдас.
  • Е) Жібек жолы.
  • 8. Бір айда неше апта барын табыңыз.
  • А) екі В) алты С) бес
  • Д) үш Е) төрт
  • 9. Жинақтық сан есімді белгілеңіз.
  • А) Жетеу.
  • В) Белбеу.
  • С) Белгілеу.
  • Д) Істеу.
  • Е) Нешеу.
  • 10. Күрделі сан есімді көрсетіңіз.
  • А) Екі.
  • В) Жеті.
  • С) Тоғыз.
  • Д) Жиырма бір.
  • Е) Бес.
  • 11. Дара сан есімді анықтаңыз.
  • А) Он бес.
  • В) Жетпіс бес.
  • С) Бес-алты.
  • Д) Жиырма.
  • Е) Бір жүз отыз.
  • 12. Болжалдық сан есімді табыңыз.
  • А) Жүз бір.
  • В) Жүзден.
  • С) Жүзінші.
  • Д) Жүздей.
  • Е) Жүз.
  • 13.Реттік сан есімі бар мақалды көрсетіңіз.
  • А) Еңбек адамның екінші анасы.
  • В) Қырықтың бірі қыдыр.
  • С) Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан.
  • Д) Жеті рет піш, бір рет кес.
  • Е) Мың қосшыға бір басшы.
  • 14. Жинақтық сан есімді анықтаңыз.
  • А) Он бес.
  • В) Бестік.
  • С) Төрт.
  • Д) Үшеу.
  • Е) Үштен екі.
  • 15. Есептік сан есімді табыңыз.
  • А) Жетпісінші.
  • В) Жетіден үш.
  • С) Жетпістей.
  • Д) Жетеу.
  • Е) Жетпіс
  • 3 -нұсқа.
  • 1. Реттік сан есімді атаңыз.
  • А) Жетеу.
  • В) Үш-үштен.
  • С) Тоғызыншы.
  • Д) Төрт.
  • Е) Он екі.
  • 2. Бірінші қоңырау қашан соғылатынын белгілеңіз.
  • А) 5 қыркүйекте
  • В) 23 қарашада
  • С) 1 қыркүйекте
  • Д) 25 қазанда
  • Е) 22 қыркүйекте
  • 3. Бір тәулікте неше сағат барын белгілеңіз.
  • А) 26
  • В) 23
  • С) 18
  • Д) 24
  • Е) 35
  • 4. «1989-ый» сөзінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.
  • А) Бір мың тоғыз жүз сексен тоғызыншы.
  • В) Бір мың тоғызыншы жүз сексен тоғыз.
  • С) Бір мыңыншы тоғыз жүз сексен тоғызыншы.
  • Д) Бір мың тоғыз жүз сексен тоғыз.
  • Е) Бір мың тоғыз жүз сексен тоғыздай.
  • 5. Дұрыс жауапты белгілеңіз: Биыл нешінші сыныпта оқисың?
  • А) Тоғызыншы
  • В) Сегізінші
  • С) Он бірінші
  • Д) Жетінші
  • Е) Оныншы
  • 6. Реттік сан есім нені білдіретінін көрсетіңіз.
  • А) Заттың санын бөлшектеп көрсетеді.
  • В) Заттың реттік санын білдіреді.
  • С) Заттың санын топтап көрсетеді.
  • Д) Заттың дәл нақты санын білдіреді.
  • Е) Заттың санын жинақтап көрсетеді.
  • 7. Болжалдық сан есімді табыңыз.
  • А) Бес-бестен.
  • есімді атаңыз.
  • В) Үштен бір. С) Біреу.
  • Д) Төрт. Е) Бесінші.
  • 9. Жинақтың сан есімді табыңыз.
  • А) Төрттен бір. В) Бір.
  • С) Жетеу. Д) Үшінші. Е) Сегіз.
  • 10. Реттік сан есімді көрсетіңіз.
  • А) Он-оннан.
  • В) Оннан.
  • С) Он екі.
  • Д) Оныншы.
  • Е) Ондаған.
  • 11. Сан есімнің сұрақтарын табыңыз.
  • А) Кім? Не? Кімдер? Нелер?
  • В) Не істеді? Не қылды?
  • С) Қанша? Неше? Нешінші?
  • Д) Қалай? Неге?
  • Е) Қайтіп? Неістеп отыр?
  • 12.Жинақтық сан есімді көрсетіңіз.
  • А) Қырықыншы.
  • В) Елу мың.
  • С) Жеті жүз.
  • Д) Біреу.
  • Е) Жетіден бес.
  • 13. Күрделі сан есімді табыңыз.
  • А) Жетпіс тоғыз.
  • В) Алтау.
  • С) Жүздеген.
  • Д) Қырықыншы.
  • Е) Мың.
  • 14. Реттік сан есімді табыңыз.
  • А) Бесеу.
  • В) Жетінші.
  • С) Он бестен.
  • Д) Он жеті.
  • Е) Сегіз.
  • 15. Бөлшектік сан есімді көрсетіңіз.
  • А) Тоғыз жүз.
  • В) Бір жарым.
  • С) Екі жүз елу.
  • Д) Он мың.
  • Е) Алтыншы.
  • 1. Сөз тапқанға
  • 2. Ойлан тап
  • 3. Сен білесің бе?
  • 4. Білімділер
  • 5. Кім жылдам?
  • 6. Шапшаң болсаң...
  • 5 балл
  • 5 балл
  • 5 балл
  • 5 балл
  • 5 балл
  • 5 балл
  • 25 – 30 балл 5”
  • 15 -24 балл “4”
  • 5 – 14 балл “3”
  • 1-4 балл “2"
  • Аты-жөні
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • Барлығы
  • Баға
  • Аты-жөні
  • “5”
  • “4”
  • “3”
  • Бағалау парағы
  • Шапшаң болсаң.
          • 6 кезең
  • Жеті атаны ата
  • Бала
  • Әке
  • Ата
  • Немере
  • Шөбере
  • Шөпшек
  • Немене
  • Жеті ата
  • а
  • Халқымыздың кие тұтқан сандарын ата
  • Кие тұтқан сандар
  • Үш арсызды ата
  • Үш арсыз
  • Ұйқы
  • Тамақ
  • Күлкі
  • Жеті қазынаны ата
  • Ер жігіт
  • Сұлу әйел
  • Ақыл,білім
  • Жүйрік ат
  • Жеті қазына
  • Қыран бүркіт
  • Берен мылтық
  • Жүйрік ат
  • Үш бәйтеректі ата
  • Үш бәйтерек
  • Бейімбет
  • Майлин
  • Ілияс
  • Жансүгіров
  • Сәкен
  • Сейфуллин
  • Үш байлықты ата
  • ҮШ БАЙЛЫҚ
  • Денсаулық
  • Ақ жаулық
  • Он саулық
  • Бағалау
  • 1. Сөз тапқанға ...
  • 2. Ойлан тап
  • 3. Сен білесің бе?
  • 4. Білімділер
  • 5. Кім жылдам?
  • 6. Шапшаң болсаң...
  • 5 балл
  • 5 балл
  • 5 балл
  • 5 балл
  • 5 балл
  • 5 балл
  • 25 – 30 балл 5”
  • 15 -24 балл “4”
  • 5 – 14 балл “3”
  • 1-4 балл “2”
  • Сан есімдерді қатыстырып
  • әңгіме
  • құрастырып келу


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет