Сабақ жоспары. Спорттық ойын (баскетбол) Сабақтың тақырыбы: Допты кеудеден екі қолмен беру және қабылдау



Дата30.05.2017
өлшемі55,82 Kb.
#17175
түріСабақ
Ақтөбе орта мектебі

Ашық сабақ



Допты беру және қабылдау.

Допты алып жүру.
Өткізген: дене тәрбиесі пәні

мұғалімі Н.Ш.Казбеков

Ақтөбе -2013 жыл
Сабақ жоспары. Спорттық ойын (баскетбол)

Сабақтың тақырыбы: Допты кеудеден екі қолмен беру және қабылдау.

Допты алып жүру.



Сабақтың мақсаты: - Допты кеудеден екі қолмен беру және қабылдауды –жетілдіру

және допты алып жүруді -үйрету;

- Допты алып жүру техникасын қозғалыс жылдамдығын,ептілікті

дамыту;


- Ұйымшылдыққа, тәртіптілікке тәрбиелеу.
Өтетін орны: Спортзал

Уақыты:

Сыныбы: 5 «а»

Құрал-жабдықтар: баскетбол доптары, ысқырыш, арнайы кедергі құралдар.



Сабақ мазмұны

Мөлшер-леме

Әдістемелік нұсқаулар

І

Дайын-


дық

бөлімі


12 мин.

Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу.

Сабақтың тақырыбын айту, мақсатымен таныстыру.

Команда «Оңға!», «Оң иықпен алға бас!»


1 мин


Спорттық киімдеріне назар аудару.

Әр түрлі жүрулер:

-Екі қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру;

-Қол желкеде, өкшемен жүру;

-Қол белде, аяқтың сыртқы жағымен;

- Қол белде, аяқтың ішкі жағымен;

-Қол белде, жартылай отырып, жүру;



Жүгіру:

  • Тізені алға көтеріп жүгіру;

- Қолды артқа қойып, аяқты артқа сермеу

- Оң, сол жақпен жанға жылжу;

- Оң, сол аяқпен секіру


  • Артқа қарап жүгіру;

  • Жүгіріп келе жатып, кенеттен тоқтау;

  • Ирелеңдеп жүгіру;

  • Теннис добын алу.

Жүру.


Қолдың басын жаттықтыру:

Қолдың басын айналдыру;

Жұмырдықты ашып, жұму;

Қолды айқастырып айналдыру

Қолды бастан айналдыру


3 мин.
5 мин.

1 мин.


2 мин.

ара қашықтықты сақтау.

қолды бүкпеу, денені тік ұстау.

кеудені тік ұстау.

кеуде тік, басты көтеріп ұстау.

орташа қарқын

тізені алақанға тигізу

аяқты алақанға тигізу

қорғаушы қалпын сақтау

аяқтың ұшына көтерілу

сол иықтан қарау

теннис добын әр бағыттан алу

дем алу жаттығулары


ішке, сыртқа қарай

алға, артқа қарай



ІІ

Негізгі бөлім

28 мин

.


Сыныпты екіге бөлу

Допты беру және қабылдау

Жетілдіру әдістері:

а) бір орында тұрып,

б) тізерлеп,

в) түгелдей отырып ( аяқты алға созып)

б) допты қозғалыста кеудеден беру, қабылдау
Допты алып жүру;

Жетілдіру әдістері:

1. Допты соғу

а) жоғары деңгейде

в) допты аяқты сәл бүгіп

б) тізерлеп отырып соғу (оң, сол қолмен)
2.Тізерлеп оң және сол қолмен допты соғу;

3. Допты алып жүру

4. Жұптаса допты алып жүру.

5. Кедергілер арқылы допты алып жүру;

6. «Жыланша» жүру

Қозғалмалы ойын «Қасқыр мен қойлар»

Ойыншылар «қойлар» екі шеңбердің ішінде тұрады.

Әр ойыншыда доп. Бір ойыншы «қасқыр» шеңбер сыртында доппен тұрады. Мұғалім «қасқыр жоқ», - деген кезде «қойлар» алаңда еркін қозғалады (қасқырда еркін қозғалады, бірақ қойларға тимейді). Мұғалім «қасқыр келе жатыр», - деген кезде қасқыр шеңбер сыртындағы ойыншыға допты тигізуге тырысады («қойларға» шеңбер іші қауіпсіз). Доп тиген ойыншы «қасқыр» болады. Ойын осылай жалғаса береді.


10 мин.
13 мин.

5 мин.



б.қ. доп кеуде тұсымызда, бір аяғымыз сәл алда. Саусақтарымыздың арасы ашық,шынтағымыз төменге қарайды. Қолымыз доптың бағытымен толықтай созылады.

Қабылдағанда қолымызды алға созып, доп қолға тигенде өзімізге тартып аламыз.

Қозғалыс жылдамдығын есептей, допты дәл беру

Допқа қарамай алақанмен сезінуге тырысу

Соңында бәрін қосып жасау
Оң аяқты тізеден бүгіп, сол аяқпен тізерлеп отырып, допты соғу, қолды алмастырған кезде аяқты бірге алмастыру.
Оң және сол жаққа айнала допты алып жүру
Қолымызды бір-бірінің иығына қою
Кедергінің оң жағымен жүргенде доп оң қолда, сол жағына ауысқанда сол қолда болады.
Бос қолды алда келе жатқан оқушының доп соғып келе жатқан иығына қоямыз. Қолды жібермеуге тырысу. Денені тік ұстау. Аяғымыз сәл бүгулі.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Ойын мақсаты әр уақыт допқа қарамауға, ойын кезіндегі туындаған жағдайларға байланысты допты алып жүрудің түрлерін қолдануға үйрету.





ІІІ

Қоры-тынды

бөлім

5 мин.


Денені созу.

Сапқа тұру. Қорытынды. Бағалау.

Үйге тапсырма.

Ұйымдасқан түрде залдан шығу.




2 мин

2 мин.


1 мин

Дем алу жаттығулары.

Жаттығуларды талдап, кеткен кемшіліктер мен жетістіктерге тоқталу.



Секіргішпен секіру, дене көтеру.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет