Сабақ жоспары Тақырыбы : «Электромагниттік құбылыстар»



бет2/2
Дата25.01.2017
өлшемі188,73 Kb.
#8086
түріСабақ
1   2

Үйге:

Сабақ жоспары

Тақырыбы: Жарық жарық жылдамдығы. Жарық көздері. Күн – жұлдыз. Жарықтың таралуы. Күн мен Айдың тұтылуы.
Мақсаты: білімділік: жарық көздерімен таныстыру; білімнің құрылымдық

элементтерімен қаруландыру;

дамытушылық: ойлау іс - әрекетін дамыту;

тәрбиелік: сезімділік құндылықтарын тәрбиелеу; қызығушылығын тудыру;

Сабақтың барысы

I Проблемалық жағдай: Жарық дегеніміз не? Оның табиғаты қандай? ( Жарық дегеніміз –жарық көзінен шығатын бөлшектер ағыны.(Демокрит)) және жарық дегеніміз - кеңістікте жарық көзінен таралатын қайсыбір әрекет (Аристотель). Жарық кеңістікте толқын түрінде таралады. ( Гюйгенс) Жарық жұтылғанда және шығарылғанда бөлшек түрінде болады. ( Ньютон)


II. Ізденуді ұйымдастыру: Кестеге табиғи және жасанды жарық көздерін бөліп жазыңдар: күн, шырақ, газ жандырғысы, теледидар экраны, жұлдыздар, күндізгі жарық шамдары, полярлық жарқырау, жарнама түтікшелері, электр пісіру оттары, найзағай, қыздыру элетр шамдары, жанған от , жол белгілері, жарқырауық қоңыздар, су түбіндегі балықтар, қатты қызған металл құймасының жарқырауы, люминоформ жағылған сағат тілдерінің жарқырауы,теңіздегі планктонның жарқырауы.

№743,744,745,746,747 (Кем)

Қорытынды: Жарық көздерінің түрлері: 1.табиғи 2. жасанды 3. нүктелік 4. созылыңқы (протяженные)
Деңгейлік тапсырмалар

I-деңгей

1.Жерге түскен аяқтың көлеңкесі неге анық көрінеді, ал бастың көлеңкесі - көмескі.

2.Егер жарық көзі ретінде күндізгі жарық беретін шам болса, қарындаштың анық көлеңкесін алу үшін оны үстел бетінен қалай ұстау керек?

3. Не үлкен – самолеттің өлшемі ме, әлде оның толық көлеңкесінің өлшемі ме? Самолет тал түсте экватордың үстінде ұшып келеді.

4. Неге бұлтты күні нәрселердің көлеңкесі болмайды? Ондай күні жарық көзінің рөлін не атқарады?

5. Өлшеулер, нәрсенің көлеңкесінің ұзындығы оның биіктігіне тең екенін көрсетті. Күннің көкжиектен биіктігі қандай?

II-деңгей


  1. Ашық күні вертикаль қойылған сызғыштың көлеңкесі - 50 см, ал ағаштікі – 6 м. Ағаштың биіктігі қандай?

  2. Оқушы вертикаль қойылған ұзындығы 1.2м таяқтың көлеңкесінің ұзындығы 0,8м екенін байқады.Ал осы кезде ағаштың көлеңкеснің ұзындығы таяқтың ұзындығынан 12 есе үлкен екенін байқады. Ағаштың биіктігі қандай?

III- деңгей

Үйге: Кирик №1-6 жоғары деңгей



Сабақ жоспары

Тақырыбы: Әр түрлі ортадағы электр тогы

Мақсаты:

білімділік: оқушылардың әр түрлі ортаның электр тогын өткізуіндегі:заряд тасушылары; негізгі заңдары; Вольт – Амперлік сипаттамасы; техникалық қолданулары туралы алған білімдерін бір жүйеге келтіріп, жалпылау.

дамытушылық: өтілген материалдардан негізгілерін ала отырып, оны жалпылап, жүйеге келтіру дағдыларын қалыптастыру.

тәрбиелік: жалпылау әдістерін қолдану арқылы « Әр түрлі ортадағы электр тогы » тарауынан алған білімдерін белгілі бір жүйеге түсіру.



Сабақтың түрі: Білімдерін талдап қорыту және жүйеге келтіру сабағы

Қолданылатын әдістер: Әңгімелесу әдісі, Салыстыру әдісі, Кестемен жұмыс істеу, Модельдеу әдісі

Сабақтың барысы

I.Тірек білімдерін өзектілендіру және сабақты өтуге дайындық:


  • Металдардағы электр тогы

  • Сұйықтардағы электр тогы

  • Газдардағы электр тогы

  • Вакуумдегі электр тогы

Теориялық білімді қайталау және талдап қорыту:

Деңгейлік тапсырмалар

I-деңгей

1. Ток күші деп қандай шаманы айтамыз?

А. Өткізгіш арқылы 1 секундта өтетін заряд шамасын

В. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1 секундта өтетін заряд шамасын

С. Өткізгіштің көлденең қимасы бірлігіне 1 секундта өтетін заряд шамасын

2. Ток күшінің өлшем бірлігі не?

А. 1А В. 1В С. 1 Ом Д. 1 Ом*м

3. Мыналардың қайсысы кернеудің өлшем бірлігі?

А) 1В В) 1 Ом С) 1 А Д) 1 Ом*м

4. Металдарда электр тогын нелер тасиды?

5. Элетролиттерде электр тогын нелер тасиды?

6. Шала өткізгіштерде электр тогын нелер тасиды?

7. Вакуумде электр тогын нелер тасиды?

8. Газдарда электр тогын нелер тасиды?



II-деңгей

  1. Металдардан электрондардың эмиссиясын қандай тәсілдермен жүзеге асыруға болады?

а) Металдарды өте жоғары температураға дейін қыздыру керек. Бұл кезде электрондардың кинетикалық энергиясы артады. Еk – ның мәні Ашығу - дың мәнінен артық. Бұл эмиссия термоэлектрондық деп аталады.

б) Металдың бетінен электрондарды жұлып алатын күшті электр өрісінің әсерінен. Электрондардың мұндай эмиссиясы төменгі температурада да мүмкін, сондықтан салқын эмиссия деп аталады.

в) Металдың бетін жарық, рентген және басқаша сәулелендіру. Бұл кезде электрондар сәулелену энергиясын жұтып металдан ыршып шығатын жылдамдыққа ие болады. Бұл эмиссияны фотоэлектрондық эмиссия деп атайды.

г) Металдың бетін электрондар, иондар және басқа бөлшектермен атқылау. Бұл кезде металдың электрондары шығу жұмысынан көп кинетикалық энергияға ие болады да металдан ыршып шығады. Бұл эмиссияны екінші электрондық эмисия деп атайды.

2. Газдардың өткізгіштігі неге тәуелді?

а) Газдардың өткізгіштігі еркін электрондар мен иондарға тәуәлді. Қалыпты жағдайда газдардың молекулалары электр бейтарап. Егер газдарда электр зарядталған бөлшектердің болуы сыртқы ионизаторға тәуелді болса, онда ол - тәуелді разряд. Егер газдарда зарядталған бөлшектер электр өрісінің әсерінен пайда болса, онда ол – тәуелді разряд болады.



III- деңгей

  1. Иондалған атомның қозған атомнан айырмашылығы неде?

    • Атом иондалғанда электрон ыршып шығады.

    • Атом қозғанда электрон бір орбитадан екінші орбитаға көтеріледі немесе түседі.

    • Сұйықтардың иондалуынан газдардың иондалуының айырмашылығы неде? ( Ерітінділер иондалғанда молекула ионға жіктеледі; ал газдар иондалғанда – иондарға және электрондарға) – №1199 (Степанова)

    • Тұрақты ионизатордың әсерінен иондар саны белгілі бір шекті мәнге дейін жеткенше өседі сонан соң тұрақты болып қалады? ( Динамикалық тепе – теңдік орнайды , қанша ион пайда болса сонша ион рекомбинацияланып молекулаға немесе ионға айналады.)

Үйге:
8- сынып

«Жылу құбылыстары» жалпылау – қайталау сабағы

Сайыс – сабақ

Мақсаты:

Білімилік: Жылулық физиканың өтілген процестері бойынша білімдерін жинақтап, басқа пәндермен байланысын анықтау, эксперименттер көрсету арқылы білімдерін жетілдіру;

Дамыту: Ойлау , есте сақтау қабілеттерін өмірден мысалдар келтіру арқылы одан әрі тереңдету; жеке тұлғаны дамыту ( талдау, салыстыру қабілеттерін дамыту), еріктілікті дамыту, танымдық қиыншылықты жеңуге тырысу;

Тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру, мамандыққа бағдарлау, табиғат сұлулығын түсінуге жағдай жасау

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі : Сыныпқа екі топқа бөлдім. Бірінші топ – q, екінші топ – λ. Жылусыз өмір жоқ. Бірақ аса қатты аяз бен аптап ыстық тіршілікті бұзады және бұл сәулеленуді адам көзі қабылдамайды. XVIII ғасырда ғалымдар жылу ерекше зат, «салмақсыз сұйық» немесе «жылутек» дененің құрамына кіреді деп ойлаған. Ал, қазір біз ол бұлай емес екенін білеміз. Жарыста сендер білім, білік, эрудицияларыңды көрсетесіңдер.



Дене --- Зат --- Молекула—Кинетикалық энергия—Потенциалдық энергия – Ішкі энергия (U = Ek + Ep)

Ішкі энергияның өзгеру тәсілдері –Жұмыс істеу( Дене өзі жұмыс істейді; денеге жұмыс істеледі)

-- Жылу беру (Жылуөткізгіштік; Конвекция; сәуле шығару)

1 – тапсырма. Интербелсенді тақта арқылы қайталау

Q=λm Q=Lm Q = c( t2 – t1 ) Q=qm η=T1 –T2 / T1 Q = ΔU+А
2 – тапсырма. « Үй тапсырмасы» Мен судың молекуласымын! – шығарма жазу.

q -тобы

- Жылу физикасынан кезекті бақылау жұмысынан кейін мен өте шаршап ерте ұйықтап қалыппын. Түсімде сондай жеңіл түссіз болып кетіппін. Мен кішкентай ыдыстың ішінде екенмін деймін, ал менің қасымда маған ұқсас бауырларым мен сіңлілеріммен пластмасса кювета ішіне құлап бара жатқанымды сездім. Сонан соң бізді тоңазытқыштың мұздатқыш камерасына салып қойды. Біз қап- қара түнекте тұрып қатты тоңдық. Қозғалысымыз баяулай бастады да біз бір керемет гүл тәрізді өрнекті ұяшықтар бойымен қатарласа тұра бастадық. Мен бір мезгіл жарқ еткен жарық сәулесін көрдім де, өзімнің ұшып бара жатқанымды сездім. Сол кезде атқылап жатқан көпіршіктер мен пышылдаған дыбыс естідім. Мен өз бауырларым мен сіңлілеріммен кока – коласы бар стақанға құлап түскенімді білдім. Сол кезде оянып кеткенім.( Салынған суреттерімен сүйемелдеп тұрады)

λ -тобы

-Жылу физикасынан кезекті бақылау жұмысынан кейін мен өте шаршап ерте ұйықтап қалыппын. Мен судың молекуласына айналып бір үлкен ыдыстың ішіне түсіп кеткен екенмін деймін. Бір мезгілде тез-тез қозғала бастағанымды сездім де, бізді қыздырып жатқанын түсіндім. Яғни, мен плитаның үстіндегі шәйнектің ішінде екенмін. Біраз уақыттан кейін мен өз көршілерімнен алыстап бара жатқанымды байқадым. Мен бу молекуласына айналдым. Шәйнектің шүмегінен шықтым да бөлме ішінде әрлі –бері қозғала бастадым. Енді ауа ағынымен көшеге шықтым , жәйләп көтеріле бастадым. Жоғарылағаным сонша үйлердің төбесі соншалықты кішкентай болып көрінді. Мен қап – қара болып күреңіткен бұлтқа жақындадым да онымен бірігіп кеттім. Бұлт көк жүзінде көп жүзді. Көңілім көтеріңкі болды. Температура төмендеп мен де төмендей бастадым. Қасымда көптеген жолдастарым бар екен. Жерге түскен соң қарға айналдық. Ал, балалар бізді бір – біріне атқылап ойнай бастады. Осы жерде мен оянып кеттім.

3 – тапсырма. « Эксперименттік»

Үй тапсырмасы: q - тобы « Паровая вертушка » «Бу зырылдауығы»

Мақсаты: Жұмыртқаны қыздыра отырып зыр айналдыру. (Жұмыртқаның үшкір жағынан шыққан бу, бізге қарай бағытталған сондықтан оны әрі қарай итереді. Ал, жұмырлау жағынан шыққан бу бізден әрі бағытталған, сондықтан бері қарай итереді. Және тесіктер центрден өтетін остен бірі солға қарай екіншісі оңға қарай ауытқи орналасқан , сондықтан айналады.)

λ - тобы «Қағаз кастрөлде су қайнату»

Мақсаты: Сіріңке қорабында су қайнату. (Қағаз сіріңке қорабына су құйып астына от жақса с қайнайды. Неге?) Оттан алынған бар жылуды су жұтады. Себебі: судың меншікті жылу өткізгіштігі үлкен. Бар жұтылған энергия қайнауға және буға айналуға кетеді.
4 – тапсырма. «Математикалық»

1-топ. Суреттегі график бойынша қорғасынмен АВ, ВС,СД бөліктерінде өтетін процестерді ата. Бұл бөліктердегі молекулалардың кинетикалық энергиясы қалай өзгереді. 3кг қорғасынды қыздыру және балқыту үшін қанша спирт жағу керек. Пештің П.Ә.К. -40% (qспирт = 26*106

2-топ. Егер бастапқы температурасы 10 0 С тамшы ,құлаған соң толық булану үшін қандай биіктіктен құлау керек? Ортаның кедергісі мен тамшының бетін бұзуға кеткен энергияны есепке алмаңыз.
5 – тапсырма «Жылу машиналарының пайдасы мен зияны»

Үйге: §


Жылу машиналарының пайдасы:

  1. ХХ ғасырдың ортасынан бу қозғалтқыштары (темір жолда)Бүгінде дизельдік қозғалтқыштар.

Су транспотында және барлық атом электр станцияларында қолданылады. ТЭЦ (ЖЭО) -80 пайыз энергияны береді.. Электр тогын алатын генраторлардың роторын қозғалтады.

  1. ІЖҚ автомобиль транспортында (автомашина, мотоцикл, мопед,, жүк машиналары). Жеңіл авияция, бензопила, газонокосилка, ауылшаруашылық құрылғыларында,трактор, комбайындарда. Пәк-40 пайыз

  2. РД -80 пайыз. Авияция, космос. Жеңіл самолеттерде поршеньді қозғалтқыштар, ал ауыр самолеттедеРД (ТУ-144, британдық «Конкорд»)

Адамзаттың дамуы және өмір сүруі үшін.
Жылу машиналарының зияны:

  1. Адамзаттың, жануарлардың және өсімдік тердің өміріне орасан зиян. Көмірқышқыл газ, угарный газ, азот оксиді, гексен, пентен, кадмий, күкіртті ангидрит, қорғасын, хлор. (кадмий «итай-итай», қорғасын – сүйекті, есту, көру жүйелерін бұзады)

1. Материалдар: Шойын гір, калориметр, термометр, мензурка.

Егер шойын гірді қолға алсақ, ол қоршаған ауадан салқын болып көрінеді. Осы материалдарды пайдаланып мұны қалай тексеруге болады.

2. Материалдар: Жылуалмастырғыш, сұйық манометр және резеңке түтікше..

Ақ және қара беттермен сәулелену энергиясын салыстыру.

3.Материалдар: Пробирка, су, спиртовка, сіріңке,штатив.

Судың жылу өткізгіштігінің нашар екенін көсету. Оқушылар физикалық тұрғыдан түсіндіру.

4 – тапсырм. «Математикалық»

1-топ. Суреттегі график бойынша қорғасынмен АВ, ВС,СД бөліктерінде өтетін процестерді ата. Бұл бөліктердегі молекулалардың кинетикалық энергиясы қалай өзгереді. 3кг қорғасынды қыздыру және балқыту үшін қанша спирт жағу керек. Пештің П.Ә.К. -40%

2-топ. Егер бастапқы температурасы 10 0 С тамшы ,құлаған соң толық булану үшін қандай биіктіктен құлау керек? Ортаның кедергісі мен тамшының бетін бұзуға кеткен энергияны есепке алмаңыз. Температурадасы 20 С алынған 1л суды қайнатып толық буға айналдыру үшін қанша керосин жағу керек.
3 – тапсырма. « Лирикалық»

Жаз шыға сол су сарқылып,

Қалады кеуіп, тартылып.

Мақтайды оны шуылдап,

Орнына шөп пен тал тұрып,

Тасқын шайса күнге қызып,

Желге үстімді кептіремін.

Желмен жайлап бірге жүріп,

Тау боп биік көк тіредім
Мақал – мәтелдер:

Қазан отпен, адам әрекетпен қызады.

Көсеу ұзын болса, қол күймейді.

Аузы күйген үріп ішеді.



Үркер жерге түспей жер қызбайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет