Сабақ жоспары. Тақырыбы : Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру



бет2/2
Дата28.06.2017
өлшемі1,23 Mb.
#20337
1   2



Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады.


ҮЙКЕЛІС КҮШІ



ТЫНЫШТЫҚ ҮЙКЕЛІСІ

ДОМАЛАУ ҮЙКЕЛІСІ



СЫРҒАНАУ ҮЙКЕЛІСІ

Үйкеліс күшін толық сипаттау үшін оның қандай шамаларға байланысты екенін тағайындау үшін 4 топқа /5мин/ тапсырма беріледі. Тәжірибенің орындалуын карточкаларға жазылып әр топқа алдына қойылады.

1-топ: Сырғанау , домалау, тыныштық үйкелістерін салыстыру.

Керекті құралдар: динамометр, жүк, домалақ қарындаштар.

Жұмыс барысы:


  1. Динамометрдің бөлігінің құнын анықта.

  2. Ағаш білеуді қойып, оның үстіне жүк қойып, тыныштық үйкеліс күшін есепте.

  3. Ағаш білеуді тұрақты жылдамдықпен қоғай отырып, сырғанау үйкеліс күшін өлше.

  4. Екі қарындаш үстіне білеуді қойып, домалау үйкеліс күшін анықта

  5. Әр түрлі үйкеліс күштерін салыстырыңдар.

2 –топ: Сырғанау үйкеліс күштерінің жанасатын беттердің материалының тегіне байланыстылығын зерделеу.

Керекті құралдар: динамометр, ілмекті жүктер, тегіс қағаз, кедір –бұдырлы қағаз.

Жұмысты орындау:

Ағаш білеуді үстіне жүк қойып, әуелі столмен , сосын тегіс қағазбен, содан кейін кедір –бұдыр қағазбен үйкеліс күштерін өлшеп, кестені толтыр.



Үйкелісетін бет түрі

Үйкеліс күші

Ағаш пен ағаш




Ағаш пен тегіс қағаз




Ағаш пен кедір- бұдыр қағаз




Үйкеліс күші неге байланысты:

А) Жанасатын беттердің материалының тегіне;

Б) Жанасатын беттердің тегістігіне.

3 –топ: Сырғанау үйкеліс күшінің дене массасының байланысын зерттеу.

Керекті құралдар: Динамометр, ілгектері бар жүктер.

Жұмыс барысы:



  1. Динамометрдің бөлік құнын анықтау

  2. Ағаш білеуді столға қойып , үйкеліс күшін анықта

  3. Білеудің үстіне жүк қойып, үйкеліс күшін өлше

  4. Үйкеліс күші дене массасына тәуелді ма?

4 –топ: Сырғанау үйкеліс күшінің жанасатын беттердің ауданына байланысты емес екенін зерделеу.

Керекті құралдар: динамометр, ілмекті білеу ағаш -2.

Жұмыс барысы:


  1. Динамометрдің бөлігінің құнын анықтау

  2. Ағаш білеуді үлкен жағымен столға қойып, үйкеліс күшін анықта

  3. Білеуді кішкентай жағымен столға қойып, үйкеліс күшін анықта

  4. Үйкеліс күші жанасатын денелердің бетінің ауданына байланысты ма?

Әр топ өзінің тәжірибесін қорытындылайды.

  1. F(үйк/тын)>F(үйк/сырғ)>F(үйк/дом)

  2. Үйкеліс денелердің материалына, жанасатын беттің кедір –бұдырына байланысты.

  3. Үйкеліс масса өскен сайын өседі.

  4. Үйкеліс беттердің ауданына байланысты емес.

Оқушылардың қорытындысын толықтырып, үйкеліс күшінің формуласын тақтаға жазамын.

N- нормаль қысым күші. μ –үйкеліс коэффициенті.

Үйкелістің тұрмыста, техникада пайдалы, зиянды жақтарын бірлесе отырып талдап тақтаға екі графаға оқушылар кезекпен толтырады.

Үйкелісті азайту тәсілі: майлау, подшипниктерді пайдалану, массаны азайту.



Үйкелісті көбейту тәсілі: массаны көбейту, кедір –бұдыр жасау, арнайы материалдарды пайдалану.

ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау.

  1. аттығу (1-4)

Ү. Қорытынды. /бағалау, үйге тапсырма/ 32 –тақырып. №14.5

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет