Мағынаны тану.
Сіздердің айтқандарыңыз дұрыс. Олай болса, бүгінгі тақырыбымыз «Адам жануарлардан не алады?» деп аталады. Ал, сіздер қалай ойлайсыздар үй жануарларынан не аламыз?
Олар бізге не береді?
Сүттен не жасауға болады?
Қаймақ, май, айран, қатық, ірімшік,йогурт.
Еттен қандай тағамдар дайындауға болады?
Бешбармақ, манты, кәтілет,т.б.
Сен жұмыртқа қосылған тағамдарды ұнатасың ба? Жұмыртқаны қайдан алады?
Қандай үй құстарын білесің? Құстардан тағы не алынады?
Азық-түлік өнімдерінен басқа жануарлардан тағы не алынады? Кім шұбат, қымыз ішіп көрді? Оларды қайдан алады?
Үй жануарларының адамға пайдасы көп.
Жылқы адам үшін жақсы көлік қана емес, сонымен қатар ол қымыз деп аталатын шипалы сүт береді. Қымыз — бие сүтін ашытып жасайтын, сергіткіш, қышқылтым сусын.
Тауық, қаз, үйректен ет, жұмыртқа, мамық алынады.
Қойдан — ет пен жүн; ешкіден — ет, сүт, түбіт алынады. . Сиыр мен қой сүтінен май, құрт және ірімшік жасайды.Түйе өте пайдалы сүт береді. Одан шұбат деп аталатын сусын жасалады. Шұбат — бұл түйенің сүтінен жасалған қышқыл сусын. Ол ақ түсті, майлы және қою болады. Олар — пайдалы сусындар
Жануардың жүні мен терісінен киім, сумка, аяқкиім тігеді.
Адамға үйде бағатын тотықұс, мысық, аквариум балықтары қандай пайда әкеледі? Кімнің үйінде осындай жануарлар бар?
Не себепті ірі үй жануарларын қаланың пәтерінде емес, ауылда асырайды?
Сұрақтарға жауап ала отырып, оқушыларға жануарлардан азық-түлік пен киім жасайтын өнім (жүн, тері, мамық) алып қана қоймай, оларға қамқорлық жасау (емдеу, қоректендіру, қарау) керектігін түсіндіремін
Достарыңызбен бөлісу: |