Сабақ жоспары Тақырыбы: Адам жануарлардан не алады? Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет1/12
Дата08.09.2017
өлшемі1,59 Mb.
#30873
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
МКҚК «Балалар шығармашылық үйі»

Үйірме атауы: Баланы дамыту мектебі. Мен және менің әлемім.

Сабақ жоспары

Тақырыбы: Адам жануарлардан не алады?

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Адам жануарлардан не алатыны туралы түсніктерін қалыптастыру, қымыз, шұбат, құрт сияқты ұлттық сүт өнімдерімен таныстыру; жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.  

Дамытушылық: Жануарлардың кейбір ерекшеліктерін салыстыра айтуға үйрету арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға баулу.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: сұрақ- жауап, демонстрациялық ойындар.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ.

Сабақта қолданатын технология: СТО технологиясының элементтері

Сабақтың материалды-техникалық көрнекілігі: суреттер, үлестірмелі материалдар, жүн мен мамықтан жасалған бұйымдар; ыдысқа құйылған сүт өнімдері: сүт, шұбат, қымыз, құрт.

Сабақтың мазмұны және барысы

Психологиялық дайындық

Кел балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

Қызығушылықты ояту

Суреттер құрастыру арқылы балаларды үш топқа бөлу.



— Балалар, ненің суреті шықты? Ол туралы не білеміз. Айтайықшы

Дұрыс. Осы яғни, қой, сиыр, жылқылардың суреттері арқылы біз бүгін қандай тақырыппен танысатынымызды болжай қойыңыздаршы.

Дұрыс. Үй жануарларынан басқа қандай жануарлар болады?

Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың қандай айырмашылығы бар?

Үй жануарлары адамдардың үйінің жанында өмір сүреді. Адам оларға қора, үйшік салады; оларды қоректендіреді; оларды күтеді; төлдеріне қамқор болады. Ал жабайы жануарлар орманда мекен етеді; суқоймада тіршілік етеді; тауда мекендейді; далада мекендейді; өзін-өзі қорғайды; өзін-өзі емдейді; өздері төлдеріне қамқорлық жасайды; өздері қорек табады; өздері ін қазып, үңгірлерді мекендейді.

Үй жануарларын не үшін бағамыз?


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет