2015-2016 оқу жылы
«Бекітемін» Мектеп-гимназия директоры
__________Ө.Р.Табынчаев
«_____»____________2016жыл
Алғашқы әскери дайындық пәні
САБАҚ ЖОСПАРЫ №24
Сабақтың тақырыбы: Бөлімшені ұйымдастыру,штаттық қарулану және
ұрыстық техника, бөлімшенің ұрыстық
мүмкіндіктері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мотоатқыштар бөлімшесінің
ұйымдастырылуы туралы жалпы мағлұмат беру
Уақыты: 45 минут.
Өткізілетін орны: АӘД кабинеті
Өтілетін күні: 10 «А» сыныбы ______________ 2016жыл.
Көрнекілік құралдар: Плакаттар, АӘД оқулығы.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.
Азимут деген не?
Магниттік азимуттың ақиқат азимуттан айырмашылығы қандай?
Түзу және кері азимутқа анықтама беріңдер.
Азимут бойынша қозғалыс үшін қандай мәліметтер керек?
Берілген азимут бойынша затқа бағыт қалай анықталады?
Азимут бойынша қозғалу ретін айтып беріңдер.
б) Негізгі бөлім – 25 минут.
Азимут бойынша қозғалыс.
Ұрыстық әрекет негіздері және мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы.
Мотоатқыш бөлімше – ең төменгі тактикалық бөлімше. Ол жаяу әскердің ұрыс машинасындағы (ЖҰМ) мотоатқыш взводтың құрамына кіреді.
Қазіргі заманғы қуатты қару-жарақпен қаруланған тактикалық бөлімше. Ол жинақы шапшаңдығымен, маневрлілігімен, жаппай жою қаруының әсеріне төзгіштігімен ерекшеленеді. Басқа әскер түрлерімен өзара қимылда қарсыласты қарсы шабуылда және бетпе-бет ұрыста шабуылдауға, адам күшін, атыс құралдарын жоюға, оның позицияларын алып, шабуылды тез қарқынмен дамытуға қабілетті. Рота шабуылында майданның ені 800 м-ге жетуі мүмкін. Қорғаныс кезінде тірек пунктін ала отырып, қарсыластың алдыңғы шебіне соққы береді, оның жаяу әскері мен танкілерін шығынға ұшыратып, жеңіп алған позицияларын табан тіреп ұстап тұрады. Қарсыласты өзіне берілген және қолдайтын атыс құралдарымен жоя отырып, ұрыстың барлық түрлерінде алға қойған мақсатқа жету жолында ядролық соққы нәтижелерін ізінше пайдалана білуі керек.
Жаяу әскердің ұрыс машинасындағы (ЖҰМ) мотоатқыш бөлімшесінің құрамына кіретіндер:
бөлімше командирі;
көздеуші – оператор;
механик – жүргізуші;
пулеметші;
гранататқыш;
гранататқыштың көмекшісі;
аға атқыш;
атқыш.
ЖҰМ – бұл сауытталған шынжыр табанды машина. Ол бөлімшенің жеке құрамын орналастыруға, ұрыс жүргізуге және жылжуға арналған. ЖҰМ зеңбірекпен, пулеметпен және танкіге қарсы басқарылатын реактивті снарядтармен жабдықталған. Машина маневрлі және өтімділігі жоғары, өте жылдам қозғалады (70км/сағ), су бөгеттерінен, жолсыз, батпақ жерлерден және қалың қарлардан жақсы өтеді. ЖҰМ ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларына қарсы қорғану жүйесімен және түнде көру аспабымен жабдықталған.
Мотоатқыш бөлімшенің қаруларында ЖҰМ, қол пулеметтер, танкіге қарсы гранататқыш, автоматтар, жарықшақты және танкіге қарсы гранаттары болады.
Мотоатқыш бөлімшелер қазіргі заманғы қуатты қару – жарақпен және техникамен қарулана отырып, қарсыластың ұрыс техникасы мен атыс құралдарын, тірі күштерін өз атысымен табысты түрде жеңіліске ұшыратуға қабілетті. Олар жылдың және тәуліктің кез келген мезгілі мен уақытында, ауа райының кез келген жағдайында табанды қорғаныстық ұрыс жүргізе отырып, жоғары қарқынмен шабуылдай алады.
в) Қорытынды бөлім – 10 минут.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
жаяу әскердің ұрыс машинасындағы мотоатқыштар бөлімшесінің құрамын атаңдар.
жаяу әскердің ұрыс машинасының арналуы және жабдықталуы туралы айтыңдар.
мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы және оның қарулануы
жайлы айтыңдар.
Алғашқы әскери дайындық пәнінің
ұйымдастырушы оқытушысы: А.Молдабеков
Достарыңызбен бөлісу: |