Сабақ жоспары тақырыбы: «Жер біздің ортақ үйіміз»



бет3/4
Дата18.12.2021
өлшемі411,5 Kb.
#102971
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Жер – біздің ортақ үйіміз

Үй жұмысын сұрау

Тыныштық

Бейбіт күн - тыныштық! Алапат болмасын

Біз үшін тым ыстық, Жаумасын қорғасын!

Тыныштық тұтқасы - Тыныштық сән құрып,

Ынтымақ, туыстық! Мәңгілік орнасын!

Жер ана – бағымыз, Нұр тұнсын қырымыз,

Туыстық сәніміз. Құлпырсын гүліміз.

Тыныштық әнін біз Жайқалсын бағымыз

Шырқайық бәріміз. Жайнасын күніміз




Сазды әуен «Хрустальный грусть» https://www.youtube.com/watch?v=xcIUxFJGL9Q&feature=share


Әдібай





  1. Сабақтың дәйексөзі.

"Жер – тыныштық мекені"

  • Оқушылар осы дәйек сөзді қалай түсіндініздер?

  • Ия әрбір адамға туған жер ыстық.





Мұғалімнің сыйы.

«Ай мен күн »

Жер ананың сұлу қыздары. Ертеде Жер ана дүниеге екі сәби әкеледі. Екеуі туылғанда Жер ана біреуіне Ай, екіншісіне Күн деген есімдерді береді.Жер Күн мен Айды мәпелеп ,алтын бесікте бірдей тербетіп өсіреді.Осылайша екі ару өсе береді.Сұлулар өскен сайын бір-біріне сүйіспеншілік емес, жек көрініш пайда болады. Күн де Ай да әркез айнаға қарап әдеміліктерін тамашалаумен болатын.Ия дәл солай, олардың жек көрінішін пайда болғызған міне осы сұлулықтарында еді.Екеуінде де әрқашан кім сұлу? — деген сауал туындайтын. Ай ару Күннің жарқылын жек көретін. Онымен бүкіл әлем жарқырап, тіпті Ай да жарқылдайтын. Екеуі тіл табыса алмайтынын түсінген Ай анасы Жерге барып: Анашым мен Күнмен бірге тұра алмаймын, екеуімізді екі жаққа бөліп тастауыңызды өтінемін — дегенде Жер ана қатты ашуланады. Айға рұқсатын бермейді,сонымен қатар екеуіне Жер ана іштей қайғырып, жас қыздарының болашағына алаңдайды. Ең қорқыныштысы сұлу қыздарының бір-бірінен ажырап кетуі еді. Ай Күнге барып: Екеуіміз екі бөлек жандармыз.Мұны анамыз Жерге түсіндіру керек! Екеуіміз ешқашан тіл табыса алмаймыз-дегенде Күн де қалыспай: Демек мен саған қарағанда сұлу екенімді мойындап , менен бөлініп кетпексің ғой — дейді. Бойын ашу ыза кернеген Ай Күнге барып ерегіседі.Ерегісіп жатқанда ашуланған Күн Айдың әдемі бетін тырнап тастайды. Ай арудың беті қатты теңбілденіп қалады.Оны көрген Ай қатты қайғыға батып, көз жасы көл болады.Сұлулығынан айырылған Ай , Жер ананың рұқсатынсыз алысқа кетіп қалады. Күн Айдан кешірім сұрау үшін оны қанша іздесе де таппайды. Ал Ай болса түрінен ұялып Күннен қашып жүреді.Апалы сіңлі қанша тырысса да бірге бола алмайды.Енді мүлдем кеш еді.Сол сәттен бастап екеуі бір-бірін ешқашан көрмепті.Күн ұйқыға кеткенде Ай шығып, Ай ұйқыға кеткенде Күн шығыпты. Біз де туған бауырларымызға қамқор болмасақ, кейін арамыз бөлініп кетуі мүмкін.

Жер – анаға қандай тілек айтар едің?





Автор: Гүлсая Каналқұл













Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет