Шам шаһарында жоқшылықпен күн көрген кемпір мен шал өмір сүріпті. Олардың 14 жасар балалары болыпты. Жалғыз балаларын қатты жақсы көргендіктен,оны сақтап жүрсін деп бойтұмар тағып қойыпты



Дата02.06.2023
өлшемі13,26 Kb.
#178134
Байланысты:
Алтын балық


Алтын балық
Шам шаһарында жоқшылықпен күн көрген кемпір мен шал өмір сүріпті. Олардың 14 жасар балалары болыпты. Жалғыз балаларын қатты жақсы көргендіктен,оны сақтап жүрсін деп бойтұмар тағып қойыпты. Солай бір ілгері,бірде кем өмір сүріпті.Шал балық ауласа,кемпірі одан тамақ жасапты.
Бір күні баласы әкесімен балыққа барыпты. Баланың қармағына алтын балық ілініпті,оны көрген бала таңқалып,қуана кетіпті. Кенеттен балыққа жан бітіп , “-Мені жемеші,мен саған теңіз кереметін көрсетемін” деп жалыныпты. Бала сәл ойланып ,келісе кетеді. Сөйтіп балықпен бірге теңіз түбіне сүңгіп кетеді. Теңіздің түбінде алтыннан соғылған сарай бар екен. Ол сарайдың патшайымы Владиславия ханшайым екен. Теңіз өмірі баланы қызықтырып сонда өмір сүргісі келеді,сиқырдың арқасында қабіоеттері оянып су астыңда қалып қояды. Патшайымға ғашық болып,патшалық құрады. Бірақ бала теңіз заңдарына бағынбайды,алтын балықтарды жер үстіне саудалап,балықтарға көп зиян тигізіп,патшалықтын шырқын бұзады. Жер үстіне әке-шешесіне арнап алтыннан үй салады,күнде теңіз балықтарынан әртүрлі тағамдар жасатады.Анасы алтын балық терісінен киімдер киеді. Сөйтіп бір күні патшайым ашуына мініп,патшаны мәңгілік балыққа айналдырып жібереді. Күндердің бір күні кемпңр мен шалдың ас-ауқаты таусылып,балаларын іздеп теңізге келеді.
Алайда,балаларын таба алмайды,сөйтіп қарындары ашқандықтан балық ауламақ болады. Қармағына бір балық ілініп,екеуі қуанып асып жеп қояды. Ауқаттанып жатқан кезде балық сорпасынан ,балаларынынң бойтұмары көреді де,бас істі түсінеді. Олар жасаған істеріне қатты өкініп,бұрынғы өмірлерін сағынады. Балықтар патшайымымынан кешірім сұрап,жалынады. Бірақ балалары қайтып келмейді.Кемпір мен шал өмірдің мәні байлықта емес екенін кеш түсінеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет