ЭССЭ Ғылымның гуманистік көкжиегі
Қазіргі таңда ғылым күн сайын қарыштап дамуда. Ғылымның арқасында адамзат тұрмысына, өміріне қажетті жаңалықтар ашылуда. Сонымен қатар ғылымның негізгі тірегі ол адам. Адамның жеке басына, адами құндылықтарға және зерттеудің адами аспектілеріне баса назар аударатын философиялық-әдістемелік көзқарас ол - ғылымның гуманистік көкжиегі. Бұл көзқарас зерттеулер мен ғылыми зерттеулер адамның әл-ауқаты мен дамуына, сондай-ақ адам құқықтары мен құндылықтарын түсінуге және құрметтеуге бағытталуы керек дегенді білдіреді.
Ең алдымен гуманизм — адамның кісілік қадір-қасиетін, адамның еркіндігін, адамның бақытқа құштарлығы мен талпынысын, адамның құқы мен жауапкершілігін, арын, намысын, мейірбандығы мен қайсарлығын, адамның жасампаздығын - яғни адамның барша адами қасиеттерін ұлықтайтын, даралығы мен дамуын дәріптейтін идея. Қәзіргі қоғамда адами құндылықтар мен адам құқы деген ұғым мүлде басқа бағытқа ауысты. Гуманизм ұғымындағы анықтамаларды жеке дара қарастырсақ: Адамның кісілік қадір-қасиетін біз жоғалтып алдық. Кісілікті ұмытқан, безбүйрек адамдар көбейді. Адамдардың, жақындарымыздың қадір-қасиетін тірісінде түсінуден қалдық. Адамның еркіндігін, жеке шекарасы бар екенін ұмыттық. Мысалға: Отбасында әйеліне әлімжеттік жасайтын ер, балаларының емес өз қалағанын жасататын ата-ана; айналасындағылардың мазасын алатын пенделер т.с.с.. Бұл қоғамда бақытты басқадан, байлықтан іздейтін, құштарлығы мен талпынысы жоқ, адамның құқы құрметтемейтінғ жауапкершілікті ұмытқан, ар намыстан жұрдай, мейірбандық деген түске кіретін өте бір қатігез адамдар өсіп келеді. Бұл осы ғасырдың ең басты мәселелсі және сол мәселені шешуде қоғам болып қолға алуымыз керек.
Гуманистік ғылым көбінесе адам табиғаты мен қоғамы туралы толық түсінік алу үшін психология, әлеуметтану, философия, өнер және т.б. көптеген ғылым салаларымен тығыз байланыста болады. Менің ойымша, гуманизм тақырыбы қәзіргі ғылыми дамыған, саяси, әлеуметтік теңсіздік орнаған заманда адамдықты басты орынға қоюда көп жағдайда қолданылады. Гуманизм бойынша адамдардың өзін-өзі қалыптастыру кезінде жасайтын даму жолы мен білім алу маңызды рөль атқарады. Бұл қоғамда ең алдымен өз құқын қорғай алатын, жауапкершілігі жоғары, қадір-қасиетті түсінетін, білімді, білікті тұлға дайындап шығару өте маңызды. Ғуманизм тек философиялық ілім ғана емес, оның білігі педагогика мен адамды бағалау болып табылатын білім беру мен әдеби жүйе болғандығын баса айтуға болады. Гуманистік ілімді барлық салаға кіріктіру керек. Бұл қоғамда жетілген адам дайындау үшін отбасынан бастап, балабақша, мектеп, университет одан қалды жұмыс орыны маңызды рөл атқару керек. Әсіресе қәзіргі цифрлану заманында техникамен технологияны пайланып, өнер саласын жұмылдыру керек. Мысалға адами құндылықтарды дәріптеймін мультфилмдер, фильмдер, роликтер шығарылуы керек. Өз заманының гуманистік бағыттың негізгі өкілі Ленардо да Винчи, ол индивидті өзінің білімі арқылы құрылымдалуы керек тең емес бірлік деп санады. Осының эскизі осылай Витрувиялық адам, ол идеалды адамның канонын ашқан жоба. Бұл суретші ғылым мен өнердің әр түрлі салаларында сұраулар жасауға түрткі болды, өйткені ол ізгілік тек рационалды оқыту арқылы болады деп мәлімдеді.
Қорытындылайтын болсам гуманизм осы бір қоғамдағы маңызды ғылымның бірі және сол ғылымның маңыздылығын ең алдымен адмның өзі үшін екенін дәріптеу керек. Өзін тани білген, өзгені құрметтейтін, жауапкершілікті арқау ететін, құқықтық сауатты, ар-намысты адамның қалыптасуына гуманистік ғылымның атқаратын рөлі мол.