Сабақ жоспары Тақырыбы: «Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызы»



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі38,96 Kb.
#93093
түріСабақ
1   2
Күтілетін нәтиже:

Оқушылардың тарихи білімін дамыту.Деректерді салыстыру,анализ жасауды үйрету.Оқиғаларға қатысты тарихи танымымен , ойлау , талдау, қорытынды жасау қабілеттерін қалыптастыру. Уәж беру,қолпаштау арқылы оқушылардың ынтасын арттыру.

Сабақтың түрі:

Жаңа материалды оқып үйрену.



Көрнекі құралдар:

Оқулық, суреттер, карта, бейнефильм,үлестірмелі қағаздар.



Сабақтың әдіс-тәсілі:

Топтық жұмыс, СТО стратегиялары, пәнаралық байланыс



Қазақстан тарихы
сабақ жоспары
7 «Ә» сынып

р/с

Сабақтың кезеңдері

уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І

Ұйымдастыру кезеңі

2мин

Сәлемдесу. Түгендеу . Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Оқушыларды топқа бөлу (Тараз , Испиджаб, Отырар)

Оқушылар оқу құралдарын дайындайды
















ІІ

Кіріспе

3мин

2мин

Оқушылардың ынтасын жаңа білімді меңгеруге көтеру.
Ойын:«Полиглот» ойыны арқылы орындау
1-ші сұрақ: Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған ...... ақын Абай
(ұлы, великий, great )
2- ші сұрақ : Қағанат жерінде жібек саудасының дамығандығын қаған ордасында болған қытай монахы Сюань Цзяньнің мыны жазбасынан анық байқауға болады . Ол «Қаған жасыл ... тен желбегей шапан киген »
(жібек , шёлк, silk)
3-ші сұрақ : М.Әуезовтың атақты романы «Абай»
(жолы, путь , way).Олай болса, балалар , бүгінгі жаңа тақырыбымыз : §15 Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы

Бейне таспа Ұлы Жібек жолы



Оқушы қызығушылық танытып, белсенділігі артады. Оқушылар үлестірме қағаздарға жазылған сұрақтарға бірден жауап беруі тиіс.

Бейне таспаны бақылау



III

Жаңа тақырыпқа шығу




Тақырыпқа байланысты қысқаша түсінік беру

Оқушылар тыңдай біледі, тақырыпты әңгімелейді



ІV

V
VI


VII


VIII

Негізгі бөлім

Жинақтау


Бағалаудың талаптарымен таныстыру
Қорытынды


Үй тапсырмасы


5мин

Мәтінді оқиды.Негізгі ұғымдарға анықтама береді.
1 топқа тапсырма:
1 тапсырма. Қытайдан батысқа Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өткен Ұлы Жібек бойында жатқан тарихи географиялық объектілерді көрсет: Ұлы Жібек жолының бағытын атап кету. Қытайдың Хуанхэ өзенінен бастау алып, Гоби шөлі арқылы Іле өзені мен Ыстықкөлде екіге бөлінеді : Солтүстік бағыт Оңтүстік бағыт Испиджаб (Оңт.Қазақстан) Ферғана, Самарқан, Орта Азия; Түркістан, Ирак, Сирия, Сырдарияның Жерорта теңізі төменгі ағысы, Батыс Қазақстан , Қара теңіздің солтүстік-шығысы, Еуропа
2 тапсырма. Алтынмен бірдей халықаралық валютаға айналды, оны патшалар мен елшілерге сыйлады, жалдамалы әскерге жалақы мен мемлекеттік қарыздарды ________ төледі. Ұлы Жібек жолында Талас алқабындағы ірі қалалардың бірі ___ болды ( деректер оны « көпестер қаласы» деп атайды). Арабтардың Қытай әскерімен 751 жылғы шайқасы ____ түбінде өтті. VII ғасырдағы Қытай жолсерік кітапшасында « Ақ өзендегі қала » Испиджаб қаласы көрсетілген, одан кейінгі уақытта ол қала ___ деп аталған.


2 топқа тапсырма
Сандар сөйлейді:
Б.з.б. II ғ. ортасы – ҰЖЖ халықаралық қарым – қатынас жағынан жандана бастады.
Б.з.б. 2700 жыл – жібек маталары пайда болған кезең.
Б.з.б. I ортасы – алғаш рет Қытай елінен Батыстағы елге қарай жібек артқан керуендер жолға шыққан.
Б.з.б. 138 жыл – Қытай императоры У-Ди аттандырған елшілік 13 жылдан кейін оралып, Қазақстан ОА және батыстағы елдерге керуендер шыға бастады.
VI ғ. – жібектің бүкіл Еуразияға әйгілі болған кезеңі.
586 жыл – Түрік қағанаты мен Византия мемлекеті арасында сауда жолына байланысты дипломатиялық келісім жасалған.
Сәйкестендір:

1. Жібек жолы басталған аймақ

А. Жетісу

2. Жібек жолының Қазақстандағы Солтүстік – шығыс тармақ арқылы Монголияға Мөңке хандығыына барып қайтқан елші

Ә.Қытай

3. Жібек өндіруді дамытып, Қытаймен бәсекеге түскен ел

Б.Соғды

4. Ұлы Жібек Жолының шығысқа шығатын басты қақпасы

В.Жапония

5. Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын басты қақпасы

Г.Хуанхэ

6. Жібек жолы туралы жазба деректер қалдырған ел

Ғ.Оңтүстік Қазақстан

7. Осы уақытқа дейін жібек өндіру туралы соғды тілінде жазылған қолжазбалар сақталған ел

Д.Рубрук

3 топқа тапсырма
Сауда тауарлары :
1-топ

Жан-жнуарлар

Мәдени өсімдіктер

Қолөнер бұйымдары

Әртүрлі тауарлар













Осы тауарлардың ішінен 2 топтан 1 оқушыдан шығып, кез келген 1 тауарды таңдап алып, оны сатып алатындай , етіп мақтауларың қажет.




Тест тапсырмалары:
1.Жібек сауда жолына «ұлы» сөзінің қосылу себебі:
а)Шығыс пен Батысты байланыстырды, ә )Ежелгі жол болғандықтан , в )Үлкен сауда жолы болуынан
2) Жібек жолының бас басталатын аймақ:
а)Ыстықкө өңірінен, ә)Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарынан, в )Византия елінен
3)Қытай елінен алғаш рет жібек артқан керуендер Батысқа қарай жолға шыққан ғасыр :
а)б.з.б. III ғ.ортасы , ә)б.з.б. II ғ.ортасы, в) б.з.б. I ғ.ортасы
4)Жібек сауда жолы арқылы ерте кезден көп елге тараған қазіргі кезге дейін базарда сатылатын көкөніс түрі: а) шабдалы мен қауын. ә) жүзім мен қызанақ, в)қытай немесе болгар бұрышы
5) Жібек өндіруді дамытып, ҚЫтаймен бәсекеге түскен ел: а)Соғды , ә) Парсы , в) Араб
6) Византия шеберлерінің жасаған күміс құмыралар табылған қала: а) Талғар , ә) Тараз , в) Отырар
7) Жібек жолының халықаралық қарым-қатынас жағынан дами бастаған кезеңі: а) б.з.б. ІІ ғ. ортасы , ә) б.з.б. І ғ. ортасы , в) б.з.б. ІІІ ғ. ортасы
8) Қытай императоры У-Дидің 138 жылы Жібек жолы арқылы Батыс елдеріне жіберген елшілігі қайтып оралды: а)15 ж. кейін, ә) 13 ж. кейін , В) 12 ж. кейін
9) Қытай императоры жібектен жасалған әшекейлі киімдерді сыйлық ретінде жіберді: а)Түрік сұлтанына , ә) Парсы патшасына , В) Иран шахына
10) Ұлы Жібек жолы қатынасының әлсірей бастауына әсер еткен басты оқиға: а) ХVІІ ғ. бастап теңіз жолының ашылуы, ә) ХІV ғ. бастап теңіз жолының ашылуы , в) ХVІ ғ. бастап теңіз жолының ашылу

Бағалау парақтарын тексеріп,толтыру бойынша кеңес береді.




І - лазурит Қытайға жетті
ІІ - ресми түрде басталуы
VI - түріктер иелік етті
VIII - керуен саудасы жоғары деңгейге көтерілді
Қорыту: «Қызықты сандар» (тақырыптағы барлық ғасырларды қосу)
І+ II +VI+ VIII =XVII ғ. бастап теңіз жолдарының ашылуы,
Жібек жолының әлсіреп, тоқтауына әсер етті.
Слайд (мұғалімнің сөзі) Жібек жолы – Азиядан Еуропаға шексіз дала, асқар тау арқылы салған әлемдік өркениеттің жарқын көрінісі. Осы жолға сипаттама бере отырып, таңғажайып жерлермен таныстық. Сан ғасырлар бойы осының бәрін жинақтап, сақтап бізге жеткізуші болған Жібек жолындағы сапарымызды аяқтай отырып, ортағасырлардың тарихи, рухани өмірінің көп қырлылығын атай кетуіміз керек.


Үйге:§15.Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызы.
«Жібек жолы-ынтымақтастық жолы» тақырыбында ой-толғау жазу
Қосымша мәліметтер арқылы іздеу, хабарлама дайындау. Суммативті бағалау. Рефлексия жасау

Мәтінмен жұмыс.Қазақстанның саяси картасымен жұмыс.

Картамен жұмыс. Оқулықпен жұмыс. Ұлы Жібек жолымен саяхат жасайды.



Білемін
Білдім
Білгім келеді

Сабақтың әр кезеңінде өзін-өзі тобын бағалау,критериялар арқылы бағалайды.


Оқушы өзін-өзі бағалайды


Рефлексия
Үйге берілген тапсырманы күнделікке жазу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет