Биология
Тірі ағзалар туралы көп салалы ғылым
-биология
Өсімдіктері мен жануарлары арнайы қорғалатын тұтас табиғи аймақ
-қорық
Алматы мемлекеттік қорығы
-Іле Алатауында
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығы
-Талас Алатауында
Барсакелмес мемлекеттік қорығы
-Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігінде
Қорғалжың мемлекеттік қорығы
-Ақмола облысының су-батпақты аймағында
Наурызым мемлекеттік қорығы
-Қостанай далалы аймағында
Марқакөл мемлекеттік қорығы
-Оңтүстік Алтайда
Үстірт қорығы
-Маңғыстауда
Батыс Алтай қорығы
-Шығыс Қазақстанда
Алакөл қорығы
-Алматы облысы, Талдықорғанда
Қаратау мемлекеттік қорығы
-Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданында
Ұлттық саябақтар
-7 (Алтынемел, Баянауыл, Көкшетау, Қарқаралы,Іле Алатауы, Қатонқарағай, Шарын)
Қорықша саны
-57
Сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді қорғау тізімі
-Қызыл кітап
Қазақстанда «Қызыл кітап» тұңғыш рет шықты
-1978 жылы
Қазақстанда «Қызыл кітап» екінші рет шықты
-1991 жылы
Қазақстанда «Қызыл кітап» үшінші рет шықты
-1996 жылы
Өсімдіктерге арналған Қазақстанның «Қызыл кітабы» шықты
-1981 жылы (өсімдіктердің 303-304 түрі сипаиталынды)
Өсімдіктану оқулығының авторы
-Күдерин
Жануарлар оқулығының авторы
-Досмұхамедов
Қазақстан Республикасының өсімдіктерін зерттеп, өсімдіктің жаңа 130 түрін ашты
-Н. В. Павлов
Өсімдіктер туралы Қазақстанның «Қызыл кітабын» жазды
-В. П. Голоскоков, М. С. Байтенов
ХІ ғасырда Республикамызда мекендейтін жануарлар туралы жазба деректер қалдырған
-Махмұд Қашқари
Құс пен аңның 45 түріне сипаттама беріп жүйеледі
-Паллас
Құс пен аңның 8 түріне сипаттама беріп жүйеледі
-Эверсман
Түркістан жануарларының орналасуын ғылыми жинақтарда жариялады
-Н. А. Северцев
Балқаш қазаншұңқырындағы омыртқалылар туралы алғашқы рет ғылыми жинақтарда жариялады
-Г. В. Никольский
ХХ ғасырдың басында Арал теңізі мен Балқаш көлінің балықтарын зерттеді
-Л. С. Берг
Оңтүстік Қазақстанда үй хайуанаттары мен жабайы жануарлардың ішекқұрттарын зерттеді
-К. И. Скрябин
Жабайы жануарларды зерттеу үшін Республикамызда зоологиялық сектор ашылды
-1932 жылы
Ғылым академиясының институты құрылды
-1944 жылы
Жасуша және органоидтары.
Тірі ағзалардың ортақ белгісі
-денесі жасушадан тұрады
Микроскопты ойлап тапты
-1590-1610 жылдардың аралығында әкелі-балалы Янсендер
Өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоп арқылы қарап, майда ұяшықтарды көріп, оны жасуша деп атаған
-1665 жылы Роберт Гук
Микроскоптың негізгі бөлігі
-үлкейтіп көрсететін әйнектері бар көру түтігі (тубус)
Көру түтігінің жоғарғы жағында орналасқан
-2 линзасы бар окуляр
Көру түтігінің төменгі жағында орналасқан
-бірнеше линзасы бар объектив
Жасуша қабықшасы (мембрана)
-жасушаның сыртын қаптайды, жасушаға белгілі пішін және мықтылық қасиет береді, ішкі бөліктерін зақымданудан, кеуіп кетуден қорғайды.
Саңылау дегеніміз
-қабықшаның өте жұқарған жері. Ол арқылы жасушалар бір-бірімен зат алмасады
Цитоплазма
-жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы қоймалжың зат.
Ядро
-шағын, тығыз денешік, жасушаның көбеюіне қатысады.
Пластидтер
-тек өсімдік жасушасына тән денешіктер
Хлоропластар
-өсімдікке жасыл түс береді, барлық мүшелерінде кездеседі, жасыл пигмент хлорофилл бар. Қызметі – органикалық зат түзу.
Хромопласт
-гүл күлтелеріне, күзгі жапырақтарға, піскен жемістерге, жемтамырларға қызыл, сары түс береді. Қызметі – бунақденелілерді, жануарларды еліктіру.
Лейкопласт
-өсімдіктің тұқымында, тамырында, түйнегінде кездесетін түссіз, ұсақ денешіктер. Қызметі – қор жинауға қатысу.
Вакуоль
-іші шырынға толы жасушадағы қуыс.Қызметі – қысымды реттеу, сулы ортаны қалыптастыру, керексіз улы заттарды ыдырату.
Жасушада органикалық қышқылдар, дәрумендер, тұздар жиналатын орын
-вакуоль
Өсімдік жасушасындағы ең ірі органоид
- вакуоль
Өсімдік ұлпалары
Ұлпа дегеніміз
-шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы
Өсімдіктердегі ұлпаның түрлері
-6 (түзуші, жабын, негізгі, тірек, өткізгіш және бөліп шығарушы)
Түзуші ұлпа
-сабақтың, тамырдың ең ұшына орналасқан. Ұдайы бөлінуге қабілетті, бір-біріне тығыз жанасқан тірі жасушалардан тұрады. Басқа ұлпалардың барлығы осы ұлпадан түзіледі
Жабын ұлпа
-өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, кеуіп кетуден, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайды. Өң, тоз, қыртыс деп 3-ке бөлінеді
Өң
-жасушалары тірі, бір-бірімен тығыз жанасқан.Суды артық буландырудан, зақымданудан қорғайды.
Өсімдік сыртындағы түктер
-өңнің өсіндісі
Тоз
-көп жылдық өсімдіктерде өңнің орнын басатын қабат. Су мен улы газдарды, жылуды, дыбысты ішке өткізбейтін, шірімейтін тығыз көп қабатты болады.
Қыртыс
-ең соңынан түзілетін қабат
Негізгі ұлпа
-өсімдіктің барлық мүшелерінде кездеседі. Атқаратын қызметіне байланысты фотосинтездеуші, қор жинаушы, су жинаушы, ауа жинаушы деп бөлінеді.
Фотосинтездеуші ұлпа
-жасушаларының қабығы жұқа, жасушааралықтары кең, хлоропластары көп болады.
Қор жинаушы ұлпа
-өсімдік сабағында, пиязшығында, жапырағында, жемтамырында,тамырсабақта кездеседі.
Су жинаушы ұлпа
-жасушаларының қабығы қалың, ірі болады. Вакуолінде желімтек, созылғыш заттар бар, ол ылғалды сақтап тұрады (кактус, бозкілем, семізот, алоэ, агава, сораң. сарсазан)
Жапырақтары шырынды су қорын жинақтайтын өсімдік
-бозкілем
Ауа жинаушы ұлпа
-жасуша арасындағы кеңістіктер ауаға толы борлады. Олар ұлпаларды оттегімен қамтамасыз етеді. Су өсімдіктерінің жапырағын көмірқышқыл газымен байытып, суда қалқуын жеңілдетеді.
Тірек ұлпасы
-жасушаларының қабығы қалың, қатты, өсімдіктің сабақтарында,жапырақтарында, жемістерінде болады.
Алмұрт, шетен, беже (айва), жемістерінің жұмсақ етіндегі қатты қиыршық жасушалар
-тірек ұлпасы
Өткізгіш ұлпа
-қоректік заттарды өсімдіктің бір мүшесінен екінші мүшесіне өткізеді
Сүзгілі түтіктер
-жапырақта түзілген органикалық заттарды барлық мүшелеріне жеткізетін тірі жасушалар
Минералды тұздардың судағы ерітіндісі
-сүректегі түтікшелер арқылы қозғалады.
Бөліп шығарушы ұлпа
-өсімдік мүшелерінің әр жерінде шашыранды орналасқан. Ішке бөлетін және сыртқа бөлетін ұлпалар деп екіге бөлінеді.
Заттарды ішке бөліп шығарушы ұлпалар
-шайыр жолы, эфир майы өзегі, сүт жолдары.
Заттарды сыртқа бөліп шығарушы ұлпалар
-домалақ басты түктер, жабысқақ (безді) түктер, жабысқақ (безді) қабыршақтар, шірнеліктер
Безді жасушалар көп
-шайқурай, эвкалипт, дәмжапырақ, магнолия жапырақтарында, шүйіншөптің тамырларында, қабықта
Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері
Өсімдіктің мүшелері бөлінеді
-2-ге (өсімді және көбею)
Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері
-тамыр, сабақ, жапырақ
Тамыр
Тамыр
-өсімдіктің жер асты мүшесі
Тамырдың қызметтері
-сіңіру, орнықтыру, қор жинау, көбею
Тамыр шығу тегіне қарай бөлінеді
-негізгі, жанама, қосалқы болып
Негізгі тамыр дамиды
-тұқымның ұрық тамыршасынан
Жанама тамырлар
-негізгі тамырдың жан-жағынан дамиды,топырақтан қоректік заттарды соруға қатысады
Қосалқы тамыр
-сабақ пен жапырақтан өсіп шығады. Өсімдіктің топыраққа берік орнығып, қоректенуін күшейтеді
Тамыр жүйесі
-бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың жиынтығы
Тамыр жүйесі бөлінеді
-кіндік және шашақ тамыр болып екіге
Кіндік тамыр жүйесінде жақсы жетіледі
-негізгі тамыр (қосжарнақтылар: асқабақ, бақбақ, асбұршақ, күнбағыс, жоңышқа)
Шашақ тамыр жүйесінде
-негізгі тамыр болмайды, болған күнде де нашар дамып басқа тамырлармен бірдей өседі (астық тұқымдас, лалагүл тұқымдас, пияз туыстас өсімдіктер)
Тамыр бөлімдері
-бөліну, өсу, сору, өткізу
Тамыр оймақшасы
-тамыр бөліміне кірмейді. Қызметі қорғаныштық
Бөліну аймағы
-жасушалары дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдердің қалыптасуына себепші болады.
Тамырдың бөліну аймағының ішкі қабатынан түзіледі
-орталық цилиндр
Тамырдың бөліну аймағының ортаңғы қабатынан түзіледі
-алғашқы қабық
Тамырдың бөліну аймағының сыртқы қабатынан түзіледі
-тамырдың мөлдір өңі мен оймақшасы
Өсу бөлімі
-жасушалары созылып, ұзарып, тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер етеді
Сору бөлімі
-қалың түктері бар бөлік
Тамыр түктері
-жұқа өң жасушаларының созылуынан пайда болады. 10-20 күннен кейін қурап түсіп, орнына жаңалары пайда борлады. Қызметі су мен онда еріген минералды тұздарды сіңіру
Өткізу бөлімі
-су мен онда еріген қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің жер үсті мүшелеріне өткізу
Минералды қоректену
-өсімдіктің тамыр арқылы керекті элементтерді сіңіруі
Тыңайтқыштар бөлінеді
-минералды және органикалық болып екіге бөлінеді
Органикалық тыңайтқыштар
-қи, шымтезек, қарашірік, құс саңғырығы
Қиды неге күзде шашады
-көктемге дейін шіріп үлгеруі үшін
Минералды тыңайтқыштар
-азот, фосфор, калий
Азот жетіспесе
-өсімдік баяу өсіп,жапырақтары бозара бастайды. Ағаштардың жанама бұтақтары дамымай қалады. Бидайдың түптенуі баяулап, төменгі жапырақтары сарғайып, қурап түсіп қалады.
Фосфор
-жасуша қабықшасын түзеді
Фосфор жетіспесе
-жемістің түзілуі баяулар, салмағы кемиді
Калий жеткіліксіз болса
-өсімдік өте аласа болып өседі, тірек ұлпасы жетілмейді, сабақ әлсіз болып жатып қалады
Калий қажет
-тамыр мен түйнек жақсы дамып, қоректік заттар қорға жиналуы үшін
Калийлі тыңайтқыш
-күл
Топырақты құрғақ тыңайтқанда қосылады
-күл
Тыңайтқышты себу уақыты
-дақылдарды себер алдында, себу кезінде, өсу, даму кезінде, жаңбырдан соң немесе суарған соң
Түрөзгеріс дегеніміз
-тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелерінің әртүрлі жағдайға түрін өзгерту арқылы бейімделуі
Жемтамыр
-органикалық заттардың негізгі тамырға жиналып, жуандап, түрін өзгертуі (қызылша, сәбіз, шомыр,тарна,ақжелкек,қант қызылшасы, шалғам)
Емізік тамырлар
-паразитті тіршілік ететін өсімдіктердің тамырлары (арамсояу, сұңғыла)
Тіреу тамырлар
-тропиктік ормандарда өсетін ағаштарда болатын қосалқы тамыр (үнді фикусы)
Тыныс алу қызметін атқаратын тамырлар немесе ауа тамырлар
-қосалқы тамырға жатады. Оттегі жоқ, батпақты, сазды жерлерде өседі (мангр, айұрық, монстера, сауыр(кипарис))
Ағаш діңіне жабысып өскен сүйсіннің (орхидея) ауа тамырлары жатады
-қосалқы тамырға жатады
Түйнек тамыр
-тарамдалған жанама тамырларда қоректік заттар қорға жиналады (нарғызгүл (георгин), батат, шырыш, таушымылдық)
Түйнек тамыр қажет
-өсімдік қыстап шығу үшін және жыныссыз көбею үшін
Өркендер мен бүршіктер
Өркен дегеніміз
-жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақ
Өркеннің негізгі орталақ тірек бөлімі
-сабақ
Сабақтың жапырақ өсетін жуандау жері
-буын
Бір буын мен екінші буын аралығы
-буынаралық
Буынаралығы ұзын болса
-ұзарған өркен
Буынаралығы қысқа болса
-қысқарған өркен
Жапырақтың сабаққа орналасқан жері
-жапырақ қолтығы
Бүршік
-бастапқы өркен
Төбе бүршік
-өркеннің ең ұшында орналасады, ұрықта қалыптасады, одан болашақта өркеннің барлық мүшелері қалыптасады, өсімдік ұзарып өседі
Қолтық (жанама) бүршік
-жапырақ қолтығында орналасады
Қосалқы бүршік
-өсімдіктің кез-келген жерінен тамырдан, тамырсабақтан, жапырақтан дамиды
Бұйыққан бүршік
-тыныштық күйге ауысқан бүршік
Бұтақтың түптенуі байланысты
- бұйыққан бүршікке
Қабыршақ
-түрі өзгерген сыртқы жапырақтар
Қабыршықтардың түкті, жабысқақ болуы
- су булануын азайтып, үсуден, үсуден, құстардың шоқып, зақымдауынан қорғайды
Жылтыр өткір иісті бүршігі бар өсімдік
- бальзамды терек
Сыртында қабыршағы болмайтын ашық бүршікті өсімдік
- итшомырт
Ашық бүршіктердің сыртын жауып тұрады
- бөбешік жапырақтар, жапырақ қынабы
Өркеннің түріне қарай бүршік бөлінеді
-өсу және гүл бүршігі болып
Тек қысқарған өркенде орналасады
-гүл бүршігі (гүлшанағы бар)
Тек ұзарған өркенде орналасады
-өсу бүршігі
Өсу бүршігінде жоқ
-гүлшанақ
Сабақ
Сабақ
-өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек
Сабақтың қызметы
-гүл, жеміс, жапырақ бекіну; қоректік заттар қозғалу; қор жинау; көбею;
Өсу бағытына байланысты сабақ бөлінеді
-тік, жатаған, шырмалғыш, өрмелегіш, жабысқақ, қысқарған
Тік сабақты өсімдіктер
-жүгері, бидай, терек, емен, қайың және т. б.
Жатаған (желі) сабақ
-өте әлсіз, жұмсақ, жер бауырлап жатады.Мұртшалары арқылы ұзарып өседі (құлпынай, асқабақ, қауын, қарбыз, қияр)
Шырмалғыш сабақтар
-шырмауық, құлмақ
Өрмелегіш сабақтар
-мұртшалары арқылы өсімдікке жабысып, өрмелеп өседі (асбұршақ, жүзім)
Жабысқақ сабақтар
-ілмешегі, емізікше өсінділері, жабысқақ түктер арқылы сүйенетін өсімдікке тығыз жанасады (плющ, жабысқақ қызылбояу)
Қысқарған сабақ
-сабағы өте қысқа (бақбақ, жолжелкен, пияз, қырыққабат)
Сабақтың ішкі құрылысы
-қабық, камбий, сүрек, өзек
Қабық
-сабақтың ең сыртқы қабаты. Өсімдікті сыфртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайды. Өң, тоз, тін қабаттарынан тұрады
Өң
-түссіз, жас сабақтардың сыртын қаптайды. Ішке күн сәулесін өткізеді.
Тоз
-өлі жасушалардың бірнеше қабаттарынан тұратын жабын ұлпасы, қалың болса да ішке пішіні төмпешікке ұқсаған жасымықшалары арқылы оттегін өткізеді
Тін
-тоздың ішкі жағында орналасқан. Беріктік, мықтылық қасиет береді
Органикалық заттардың қозғалуы
-сабақтағы тін талшықтарындағы сүзгілі түтікшелерде
Тін талшықтары жақсы дамыған
-кендір, зығыр, мақтада
Камбий
-қабықтан кейін орналасқан қабат. Түзуші ұлпадан тұрады, сабақ камбий жасушаларының бөлінуінен жуандайды.
Жылдық шеңбер түзеді
-камбий
Жылдық шеңбер дегеніміз
-камбий жасушаларының бөлінуінен жыл сайын сүректе болатын сүрек қабаты
Сүрек
-сабақтың едәуір бөлігін алып жаатыр. Түтікшелері бар, ол арқылы сабақта су мен минералды заттар қозғалады
Өзек
-сабақтың орталық бөлімі, органикалық заттар қорға жиналады.
Өсімдіктің ұзарып өсуі
-төбе бүршігіне байланысты
Жан-жағына жайылып өсуі
-жанама бүршіктерге байланысты
Сояу
-долана, жабайы алмұрт, жабайы алма ағаштарындағы түрін өзгерткен сабақ
Шырынды сабақ
-кактус, сүттіген өсімдіктерінде болады. Ылғал жетіспегендіктен бұл өсімдіктер сабақтарына су және онда еріген заттарды жинайды, жасыл түсті болғандықтан органикалық заттар сабақтарында түзіледі
Қырыққабаттың қауданы
-түрі өзгерген үлкен, алып бүршікке жатады
Тамырсабақ
-жапырақ шығармайтын көпжылдық жерасты өркен
Тамырсабақ аталу себебі
-тамырға ұқсас қоңырқай, күңгірт түсті болғандықтан
Тамырсабақ бөлінеді
-жатаған (бидайық, қоңырбас, бетеге), қысқарған (бүлдірген, шыршай), шырынды (қырлышөп, құрқашаш), түйнек тәрізді (канна)
Түйнек
-сабақтың түп жағындағы жерасты қолтық бүршіктен дамитын өркеннің ұшындағы бүршік
Түйнекті өсімдіктер
-картоп, жералмұрты (топинамбур)
Пиязшық
-түрін өзгерткен шырынды, қысқарған жерасты өркен
Пиязшықты өсімдіктер
-пияз, сарымсақ, сүмбілшаш, лалагүл,жабайы жуа,қызғалдақ, бәйшешек, қазжуа
Пиязшықтың төменгі жағындағы тығыз жері
-қысқарған сабақ немесе түбіртек деп аталады
Жапырақ
Жапырақ
-өсімдіктің өсу мүшесі
Жапырақтың қызметі
-фотосинтез, артық суды буландыру (транспирация), газ алмастыру, қор жинау, көбею
Жапырақтың сыртқы құрылысы
-тақта(алақан) және сағақ
Жапырақтың кеңейген бөлігі
-тақтасы
Сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі
-сағағы
Қынап дегеніміз
-жапырақ тақтасының негізі ұзарып өсіп, сағақтың орнына түтік тәрізді қусырылуы
Қынапты жапырақта
-бидай, жүгері, қамыс, балдырған, күріш
Ине тәрізді жапырақты өсімдіктер
-қарағай, шырша
Таспа тәрізді жапырақты өсімдіктер
-бидай, қарабидай, жүгері, арпа
Жүрек тәрізді жапырақты өсімдіктер
-жөке, гүлшетен
Бүйрек тәрізді жапырақты өсімдіктер
Құсшөп
Жебе тәрізді жапырақты өсімдіктер
-шырмауық
Жай жапырақ
-бір ғана жапырақ тақтасы бар жапырақ
Жай жапырақты өсімдіктер
-терек, қарағаш, қайың, жөке және т. б.
Күрделі жапырақ
-бір сағақта екі,одан да көп майда жапырақшалары бар
Үш құлақты күрделі жапырақты өсімдіктер
-беде, соя
Жұп қауырсын күрделі жапырақты өсімдіктер
-асбұршақ, сары қараған, чина, қоянбұршақ
Тақ қауырсын күрделі жапырақты өсімдіктер
-қызыл мия, ақ мия, итмұрын, ақ қараған, шаған, шетен, грек жаңғағы
Жүйкелену дегеніміз
-өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуы
Жүйке тұрады
- өткізгіш және тірек ұлпаларынан
Қауырсын тәрізді торлы жүйкеленген өсімдіктер
-тал, терек, алма, алмұрт
Саусақ салалы жүйкеленген өсімдіктер
-үйеңкі, үпілмәлік, бегония
Параллель (қатарласа) жүйкеленген өсімдіктер
-бидай, жүгері
Доғалы жүйкеленген өсімдіктер
-інжугүл, жолжелкен
Жапыраққа жүйке арқылы өтеді
-су, минералдар
Жапырақтың ішкі құрылысы
-мөлдір, түссіз үстіңгі және астыңғы өңі мен қалың, жұмсақ ортаңғы қабаты
Жанаспалы жасушалар
-жарты ай немесе бүйрек пішінді бір-бірімен жанасқан екі жасуша, Жанасқан жерінде саңылауы бар. Саңылау арқылы газ алмасады
Күндіз саңылау ашылады
-хлорофилл дәндерінде күн сәулесінен қант түзіліп, қысым артып
Саңылау жабылады
-түнде қант мөлшері азайып және егер күндіз өте ыстық, желді болса ылғалды сақтау үшін
Жапырақтың ортаңғы жұмсақ бөліміндегі жасушалар пішініне қарай
-бағаналы және борпылдақ болып екіге бөлінеді
Бағаналы жасушалар
-жарық мол түсетін өңнің астына жанаса жатады
Борпылдақ жасушалар
-жасушалары тығыз орналаспай арасында кеңістіктері болады, жапырақ жүйкелері осы қабатта
Күн сәулесі мол түсетін жерлерде өсетін өсімдіктердің жапырақтарында
-бағаналы жасушалар 2-3 қатар болып орналасқан, жанаспалы жасушалар саны да көп
Көлеңкеде өсетін өсімдіктердің жапырақтарында
-бағаналы жасушалар 1-2 қатар немесе тіпті болмайды. Хлоропластары ірі, хлорофилдері көп
Ылғалы аз жердегі жапырақтар
-кішкене, бозғылт сұр түсті, түкті, тікенекке, қабыршаққа айналған
Ылғалы мол жерде өсетін өсімдіктердің жапырақтары
-тақтасы ірі, айқын жасыл түсті, жанаспалы жасушалары да көп
Фотосинтездің ашылу тарихы басталады
-1630 жылы, Ван Гельмонт өсімдіктер органикалық заттарды топырақтан алмай, өздері түзетінін дәлелдеген
Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған
-атақты орыс ғалымы К. А. Тимирязев
Су булануының маңызы
-ыстық күндері жапырақты күн сәулесінен қызып кетуден сақтайды
Жапырақ жүйкелерінің ұшы, тақтасының жиегі тікенекті болады
-түйетікен, шағыртікен
Жапырақ тақтасы түгелдей тікенге айналған
-сарыағаш, кактус, кәріқыз, қарлыған
Жапырақ түктері тікенге айналған
-итмұрын
Тікенекті жапырақтың өсімдік тіршілігіндегі маңызы
-малға жем болудан қорғану, суды аз буландыру
Мұртшаға айналған жапырақтар
-асбұршақ, үрмебұршақ
Қабыршаққа айналған жапырақтардың маңызы
-бүршіктің, пиязшықтың ішкі бөліктерін зақымданудан, улы газдардың зиянды әсерінен қорғайды
Шырынды жапырақтар
-пияз, қырыққабат өсімдіктерінің жапырақтары қоректі заттарды қорға жинайды
Бунақденелілерді аулау құралына айналған жапырақтар
-сазда, батпақта, тоқтау суларда, көлдерде азот пен минералды тұздар жетіспейтін жерде өсетін өсімдіктерде болады. Мысалы шыбынжұт, шықшылдық
Сазда, батпақта азот жетіспейтін жерлерде өсетін өсімдіктердің жапырақтары айналған
- ұстағыш құралға
Жетілмеген жапырақтар
-ылғалы жетіспейтін шөлді, шөлейтті, құмды жерлерде өсетін өсімдіктер мен паразитті тіршілік ететін өсімдіктердің жапырақтары жетілмейді немесе мүлде болмайды. Мысалы: сексеуіл, жүзгін, қылша, арамсояу, сұңғыла
Өсімдіктерді вегетативті мүшелері арқылы көбейту.
Тамырсабақтары арқылы көбейтеді
-жыланкияқ, інжугүл
Түйнек арқылы көбейтеді
-картопты
Пиязшықтарымен көбейеді
-пияз, лалагүл, қызғалдақ
Мұртшаларымен көбейеді
-қойбүлдірген, құлпынай
Жас өркендері арқылы көбейеді
-тал, терек, қарағаш, үйеңкі
Сабақ өркенінен сәндік үшін өсірілетін көпжылдық гүлдер
Жанастыра телу
-қатар өскен екі өсімдікті бір-біріне жанастырады
Кесінділеп телу
-бір өсімдік өркенінен бүршігі бар бөлігін кесіп алып, екінші өсімдікке ұластыру
Көзшелеп телу
-бір өсімдіктің бүршігін аздаған сүрек бөлімімен қоса кесіп алып телу
Өсімдіктердің көбею (генеративті) мүшелері
Өсімдіктердің көбею (генеративті) мүшелері
-гүл, жеміс, тұқым
Гүл
Гүл дегеніміз
-көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, қысқарған өркен
Тек гүлді өсімдіктерген ғана тән, одан жеміс пен тұқым дамиды
-гүл
Гүл бөлімдері
-гүл сағағы, гүл табаны, тостағанша жапырақша, күлте жапырақша, аталық пен аналық
Гүл сағағы
-жапырақ сағағына ұқсас гүлдің жіңішкерген жері
Отырмалы гүлдер
-гүл сағағы жоқ гүлдер. Мысалы беде, қашқаргүл
Гүл табаны
-гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері
Тостағаншаның атқаратын қызметі
-гүлдің ішкі бөліктерін қорғау
Күлте
-тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады. Хош иісі, тәтті шірнесі, ашық реңдері гүлді тозаңдандыратын бунақденелілерді еліктіреді
Шірнеліктер болады
-күлте түбіндегі жіңішкерген жерде, гүлтабанында, аталық жіпшесінің түбінде, аналық жатынында
Гүл серігі дейді
-тостағанша жапырақша мен күлте жапырақшаны
Жай гүлсерікте болады
-тек тостағанша немес тек күлте
Жай гүлсерікті өсімдіктер
-тек тостағанша жапырақшалары бар: қалақай,қызылша, қымыздық,еменнің атылық гүлдері, қарағаш гүлдері; тек жапырақшалары бар: қызғалдақ, лалагүл, інжугүл
Қос гүлсерікте болады
-тостағаншасы да, күлтесі де
Қос гүлсерікті өсімдіктер
-алма, өрік, шие
Гүлсеріксіз гүлдер
-гүл серігінің екеуі де болмайды
Гүлсеріксіз өсімдіктер
-тал, шаған, терек, еменнің аналық гүлі
Гүлдің негізгі бөлімі
-аналық пен аталық
Аталықтың құрылысы
-аталық жіпшесі және тозаңқап
Аналықтың құрылысы
-ауыз, мойын, түйін (жатын)
Дұрыс гүл
-гүл жазықтығына бірнеше сызық жүргізгенде теңдей бөлікке бөлінсе
Дұрыс гүлді өсімдіктер
-алма, итмұрын, мақта
Бұрыс гүл
-гүл бөлімдеріне бір ғана сызық жүргізуге болса
Бұрыс гүлді өсімдіктер
-соя, үрмебұршақ, сәлбен
Қос жынысты гүл
-бір гүлде аталық пен аналық болса (мақта, қызанақ, картоп,лалагүл)
Дара жынысты гүл
-бір гүлде аталық немес аналық қана болса
Аналық гүл
-тек аналығы бар гүл
Аталық гүл
-тек аталығы бар гүл
Бір үйлі
-аталық гүлдер мен аналық гүлдер бір өсімдікте болса (жүгері, асқабақ, қайың, орман жаңғағы)
Екі үйлі
-аталық гүлдер бір өсімдікте, аналық гүлдер екінші өсімдікте дамыса (қарасора,қалақай, терек, тал)
Жынысыз гүлдер
-жыныс мүшелері дамымайды. Мысалы, күнбағыс, гүлкекіре және т. б. себет гүлшоғырының шетіндегі гүлдер
Гүл формуласы дегеніміз
-гүл құрылысындағы гүл бөліктерінің атын бас әріппен белгілеу
Гүл бөлімдерінің жазықтықтағы көлденең қимасын шартты түрде бейнелеп сызбанұсқасын сызу
- диаграмма
Достарыңызбен бөлісу: |