Сабақ жоспары Тақырыбы: «менің отбасым»



Дата07.02.2022
өлшемі471,49 Kb.
#93172
түріСабақ
Байланысты:
23 ТОП. МҰХИТҚЫЗЫ МӨЛДІР САБАҚ ЖОСПАРЫ


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМКҚ


«Бекітемін»
Колледж әдіскері: Сыдықовна А.Т
«Келісемін»
Сынып жетекшісі:


Тәрбие жұмысының әдістемесі бойынша сабақ жоспары

Тақырыбы: «менің отбасым»
Өтетін орны: №3 орта мектеп
Сынып: 1 «Б»
Мерзімі: 09.11.2020
Тобы: 23 топ
Машықкер: Мұхитқызы Мөлдір
Баға « »
Баға « »
Семей 2020
\
Тақырыбы: «Менің отбасым»
Мақсаты: Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орны ерекше екендігін түсіндіру.
Көрнекілігі: отбасы суреттері, плакат, нақыл сөздер
Кіріспе: Құрметті балалар , біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Қалай ойлайсыздар, ол қандай әлем болуы мүмкін? Ол бір өзі кіш-кентай ғана шағын мемлекет. Ол - мемлекеттің аты - отбасы.



Отбасы- сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай Отан.
«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас!
Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжым. Отбасы әртүрлі саннан тұрады. Отбасының толықтығы балаға тікелей психологиялық түрде әсер етеді. Отбасы мемлекеті қандай болуы керек?

Сонымен бүгінгі біздің тақырыбымыз менің отбасым. Сіздердің отбасыларыңызды неше адам? Қандай адамдардан құралады?


Қалай ойлайсыңдар отбасы тату тәтті болу үшін ең бірінші отбасыда не болу керек? Мысалы менің ойымша ол бірлік шыншылдық болу керек.
1 тур: Мақал мәтелді жалғастырайық.....
Отан....
Ұяда не көрсең....
Өз үйім....
Әке асқар тау....
2 тур. Мен сіздерге сұрақтар қоямын сіздер сол сұрақтар арқылы отбасы мүшелерін ажыратасыздар ажыратасыздар.




Сенің әкеңнің әкесі саған? (ата)
Әкеңнің анасы саған?( әже)
Анаңның әке анасы? (Нағашы ата әже)
Сенен кейін туылған ұл бала? (Бауыр)
Сенен кейін туылған қыз бала? (Қарындас, сіңіл)
3 тур. Қазір қолдарыңа бір беттік қағаз алып отбасы мүшелеріңе деген ізгі тілектеріңді жазыңдар сосын оны кешке жиналғанда әр отбасы мүшесіне арнап оқыңыз.
4 тур. «Мынау кімнің отбасы?» ойыны (Балалар оз отбасыларының фото суреттерін көрсетіп, таныстырады)
Қорытынды: Өте жақсы, балалар отбасы туралы танысып, білдік. Отбасы кіші Отаның. Сол Отанда тату - тәтті өмір сүру үшін туысқандардың, әсіресе, бауырларыңмен бір - бірің мен тату болыңдар.
Бүгінгі сабаққа барлық бала белсене қатысты мен сіздерге ризамын. Барлықтарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет